Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеңіс туы желбіре

10 мам 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жеңіс туы желбіре
Мақсаты:
1. Білімділік: Балаларға Ұлы Отан соғысы, жеңіс, ерлік, батырлық туралы түсінік, ұғым беру, білімдерін жетілдіру.
2. Тәрбиелілік: Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға - апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге - қызмет етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Балалардың ақыл - ойын, қиялын, тілін, сөз байлығын, ән айту қабілетін дамыту.
Жүргізуші:
Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
Құрметті ұстаздар мен балалар! Баршамызға белгілі 9 мамыр - 5 жылға созылған ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын өз ордасында күйрете талқандап, әділетті елімізге жеңіс әкелген күн. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Қанша бала жетім қалды, қанша ана жесір қалды, қаншама қыршын боздақтарымыз отан үшін өмірін қиды. Соғыс зардабы қаншама жүректерге жазылмас жара салды.
Биыл міне, сол жеңіске де 73 жыл толыпты. Бірақ, бізге – тыныш жылдар, бақытты өмір сыйлаған ата - бабаларымыздың ерлігін ұмыттырмақ емес! Ерлер есімі – ел есінде мәңгілік сақталады. Қазір біздің балалардың Жеңіс күніне арнап дайындаған ертеңгілігін тамашалаңыздар. Осы ертеңгілімізді бастамас бұрын балабақша директоры Сарбиназ Талапқалиқызына сөз кезегін береміз.
Жүргізуші:
Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын соғыс басталды - деп (Қарлығаш пен Көгершін топтарының тәрбиеленушілері) «Баласын сағынған ана» музыкалық көрініс
Жүргізуші:
Тылдағы ел де ерледі
Тынымсыз күн - түн терледі
Ерлердің жоғын білдірмей
Жауды да жеңіп кел деді.
Бәріде майдан үшін
Бәріде жеңіс үшін
Біздер үшін жанын қиған
Бас иеміз жандарға.
Жүргузіші: Осы сұрапыл соғыста ер азаматтармен бірдей біздің апаларымызда өздерінің естен кетпес ерліктерін көрсетіп, отан үшін қан майданда жараланған солдаттардың жанын сақтап өз көмектерін аяған жоқ. Сұм соғыстың өзі өрімдей жап - жас Әлия мен Мәншүк қыздарымызды ала кетті. Мәншүк 19 жасқа келгенде соғысқа аттанды. Ол пулеметші, мерген болған. Мәншүк ерлікпен қаза болды, елі үшін отқа түсіп, жас өмірін отан үшін қиды. Сол батыр апаларымыз бен ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Ән: «Көгершін»тобының тәрбиеленушісі Сайын Құндызды ортаға «Анашым» әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Ана нәзік, ана мейірімді бұл мереке тек ер - азаматтарымыз үшін ғана емес, аналарымызға және барша халықтың мерекесі, елінде қалған аналар соғысқа кеткен азаматтарының тілеуін тілеп, күні - түні еңбек даласында аянбай еңбек етті.
Өзінің нәзіктігіне қарамастан шырылдаған баласымен қоса, тылда еңбек еткен, аяулы аналарымызда жетерлік.
Аналар осылайша жүзге жеткін
Ұл - қызын енді өзіңді еркелетсін
Әрқашан шаттықтардан орын алып
Уайымның не екенін білмей өткің!
Би: «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілерін «Жігіттер» биімен қарсы алайық.
Жүргізуші: Балалар жеңіске жету қиынға түсті. Оның жолында миллиондаған азаматтар мерт болды. Олар Отан үшін, біз үшін, сендер үшін, болашақ үшін, ұрпақ үшін шайқасқа түсті. Олар бірлік пен ерліктің арқасында жеңіс сағатын қолдарына тигізді.
Жеңіс, алақай жеңіс!
Жасасын жеңіс
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын! – деп «Қарлығаш»тобының тәрбиеленушісі Асқар Гүлсезімді «Мен қазақтың қызымын» әнімен қарсы алайық.
Жүргізуші:
Би: «Көгершін»тобының тәрбиеленушілерін «А ты меня любишь» биімен қарсы алайық.
Жүргізуші:
Көрініс - (Балабақша педагог қызметкерлері)
Алаулап гүл тұрады
Туған жер құлпырады
Бейбітшілік болса!
Түрленіп бақша, бағы
Тірлік те жақсарады
Бейбітшілік болса!
Үйлер де құламайды
Ешкімде жыламайды
Бейбітшілік болса! Балалар болады аман Аналар болады аман Бейбітшілік болса!- деп дана халқым, дара халқым тегін айтпаған.
Флешмоб: «Сарбаздар»
Жүргізуші: Балалар, біз аға - апаларымыз үшін қарыздармыз. Отан үшін жанын аямай, орасан зор қайсарлық, батырлық, ерлік көрсеткен ержүрек батырларды бүгінгі күнде еске алу, ұмытпай есімдерін тарихта жаңғыртып отыру - сіздердің және біздердің парызымыз!
Ешқашанда енді соғыс болмасыншы
Гүлдері ата - ананың солмасыншы
Жеңерміз қиындықты қайыспастан
Тек қана елге амандық орнасыншы
Бейбіт болып әрбір күніміз
Береке тола берсін жылымыз
Биіктерге тұрсын мәңгі желбіреп
Көк аспанмен түстес біздің туымыз – деп «Көк тудың желбірегені»әнімен мерекелік ертеңгілімізді аяқтаймыз!

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы
Баутин ауылы,"Ақбота"балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы
Ермекбаева Аманкул Ерсайыновна
28 276
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Ұлы Отан Соғысы
Ұлы Отан Соғысы
Сәлеметсіздер ме, ханымдар мен мырзалар және де жас ұландар. 9 мамыр жеңіс күні баршамызға құтты болсын. Сонымен қатар 7 мамыр Қазақстан республикасының ұландар күні де құтты болсын.
Желбіре, Жеңіс туы!
Желбіре, Жеңіс туы!
Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға - апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге - қызмет етуге, адамгершілікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Желбіре, жеңіс жалауы!
Желбіре, жеңіс жалауы!
Балалардың бойына жеңісті дәріптей отырып, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік қасиеттерін арттыру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге тәрбиелеу.
Ер есімі – ел есінде
Ер есімі – ел есінде
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жаңатаң ауылы, С. Ешбаев орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Жақсыбаева Кенжегүл
Отты жылдар жаңғырығы
Отты жылдар жаңғырығы
Тақырыбы: Отты жылдар жаңғырығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×