Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


3 - 4 жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын арқылы дамыту

15 маусым 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
3 - 4 жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын арқылы дамыту.

Ана тілінің грамматикалық жағын меңгерту күнделікті өмірде, үлкендермен сөздік қарым - қатынас жасау процесінде іске асады. Тіпті балалардың сөйлеу әрекетінде сөздің синтаксистік тұрғыда қалыптаса бастайтынын арнайы зерттеу, бақылау жұмыстары дәлелдеп отыр. 3 - 4 жастағы бала сөзінде жай - жайылма, құрмалас сөйлемдер жиі кездеседі. Керісінше бұл жастағы балалар морфологиялық формаларды өте баяу меңгеретіндері байқалады. Балалар сөйлемдегі сөздерді көбінесе жалғау, жұрнақсыздар да айтады.

Сондықтан тәрбиешілер тіл дамыту сабақтарында жеке сөздерді жіктік, септік, тәуелдік жалғауларында қолдануды, түбір сөздерден сөз тудыру тәсілдерін үйретіп отыруға міндетті.
Сөздің грамматикалық құрылысын меңгерту арнайы сабақ түрінде емес, тіл дамыту сабақтарында қосымша, дидактикалық ойын (сөздік ойындар), түрлі жаттығу жұмыстары арқылы іске асады. Мысалы, зат есімдерді көптік, септік жалғауларын қосып айтуға үйретуде «Кімге не керек?», «Не жоқ?», «Кім қайдан келді?» т. б ойындар ойнату қолайлы.

Сондай - ақ қазақ тілінде өз алдына жеке мағынаға ие болмайтын, басқа сөздерге қосылып көмекші мағына атқаратын - артында, үстінде, қасында, ішінде деген көмекші сөздерді үйрету қажет. Бұл үшін түрлі ойыншықтарды, қажетті заттарды әр түрлі жағдайда орналастырып баладан сұрау керек. Бала қайда? деген сұраққа жауап бере отырып, заттың кеңістікте орналасқан орнын сөзбен айтады. Мұнымен қатар «Жасырылған затты тап», «Орнынды тап», деген ойын өткізуге болады. Мысалы, ойыншық аюды не қуыршақты жасырып сұрағанда бала аю шкафтың үстінде, қуыршақ төсектің астында, немесе, доп столдың жанында, мысық үйдің үстінде отыр,- деп жауап береді. Сөйлемдегі орны бос сөздерді тауып сөйлем құрап айтуға үйретуде: Әжемнен хат келді. Мен қайттім (қуандым). Балапан ұшып кетті деген сөздерге Қайдан? Қалай? Неге? деген сұрақтар арқылы балапанның ұшқан жерін, неге ұшып кеткен себебін айтқызған дұрыс.

Суреттер көрсетіп шығармашылық әңгіме құрату. «Бақша ауласында», «Ауылға барғанда не көрдік», «Қырман басында», «Жайлауда көргендерім», «Жидек тергенде», деген тақырыптарды алуға болады. Мұндайда бақша жағдайын, ауыл шаруашылығы мен табиғатын, қолда бар құралдарды ескеру қажет.
Ересек пен мектепке даярлайтын балалардың сөйлеуге белсенділігін арттыру мақсатында дидактикалық ойындар көп қолданылады.
Бұл ойындарда кейбір заттардың аты, ұқсастығы, сапасы, іс - әрекеті жөнінде қажетті сөздерді дәл тауып айтып, естеріне түсіріп жаттығады.

Мысалы, адамдардың еңбек процесін білдіру үшін «Кім не істейді?» деген ойын ойналады. Мұндайда балалар әр мамандыққа байланысты суреттерді таңдап алып, өздері айтып береді немесе тәрбиеші айтқан сөздерге сөйлем құрайды. «Кім не істейді?» ойнында тәрбиеші мынадай жеке сөздерді айтады.
Шопан.................................. (колхоздың қойын бағады.)
Сауыншы.................................(сиыр сауады)
Құрылысшы.............................. (үй салады) т. б.
3 - 4 жастағы балалардың тілін дидактикалық ойын арқылы дамыту. жүктеу
3 620
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Ерте жастағы балалардың тілін дамытуда ойындардың рөлі
Мектепке дейінгі педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – жас ұрпақтың ой - өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті білім - дағдыларға үйрету.
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
5 - 6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту. Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл - ой тәрбиесінің бip міндеті ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен
Бала тілін дамытуда тілдің грамматикалық құрылымының маңызы
Бала тілін дамытуда тілдің грамматикалық құрылымының маңызы
Балабақшада тәрбиеленіп жүрген баланың тілі де, ой - өрісі де үйде жалғыз жүріп өскен баладан анағұрлым жақсы дамиды. Онда баланың тілін жаттықтырып, ой - өрісін дамытуға көп көңіл бөлінеді.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қалалық "№2 бөбекжай - балабақша" КМҚК меңгерушісі: Саблянова Гульназ Хамитоковна
Мектепалды даярлық топтарының сөйлеу қабілеттерін дамыту
Мектепалды даярлық топтарының сөйлеу қабілеттерін дамыту
Қызылорда облысы, Арал қаласы, № 220 мектептің даярлық тобының мұғалімі: Садуакасова Венера Аккасынқызы
5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
5-6 жасар балалардың ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту және сыни тұрғыдан ойлау технологиясы бойынша құзыреттілікті меңгерту
6-7 жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы педогогтардың үлесіне тиіп, үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог мамандарына түпкілікті білім берумен қатар, кәсіби іс-әрекетінің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×