Білімділер поралы

Артикуляциялық ойын - жаттығулар

Артикуляциялық ойын - жаттығулар:
Саққұлақ
Мақсаты: Есту қабілетін дамыту, белсенді сөздікті толықтыру, фразалық сөйлеуін дамыту
Қажетті құралдар: қалқа (тасалап тұратын нәрсе), қоңырау, сылдырмақ, дабыл және т. б.
Ойын барысы: Тәрбиеші қалқаның артында тұрып, кезек бойынша жоғарыда аталған заттармен дыбыс шығарып және балалардан дыбыстың қандай заттан шыққанын табуын ұсынады. Дыбыстар бала оларды табу үшін, анық және кезектесіп шығуы керек.

Ақшақар
Мақсаты: Сөйлеу тынысын дамыту, бірқалыпты және ұзақ дем шығара білуді (ауаны ауызға толтырмай) қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Мақтаның бірнеше бос түйіршіктері.
Ойын барысы: Тәрбиеші мақтаның бөлігін көрсетіп, айтады «Далада қар жауып тұр. Келіңдер, топта қар жаудырамыз» Содан соң баланың алақанына «ақшақарды» салады және қалай үрлеу керек екенін көрсетеді. Сосын бала үрлейді. Жаттығу 2 - 3 рет орындалады.
Ақша қар, Ақша қар
Аппақ болып қонасың.
Тоса қалсам қолымды,
Алақаныма қонасың.

Жапырақтар
Мақсаты: Бірқалыпты, ерікті дем шығаруға үйрету.
Қажетті құралдар: Жұқа қағаздан ойып жасалған сары және қызыл жапырақтар.
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға күзде ағаштардың жапырақтары түсетінін түсіндіреді. Бұл құбылыс жапырақтардың түсуі деп аталады. Жапырақтардың түсуін үйде ұйымдастыруды түсіндіреді. Бала жапырақтар ұшатындай, оларға үрлейді. Жаттығу 2 - 3 рет орындалады.
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Ұш, көбелек!
Мақсаты: Ұзақ, үздіксіз дем шығара білуді қалыптастыру.
Қажетті құралдар: 2 - 3 қағаздан жасалған, айқын боялған көбелектер ( әрбір көбелекке ұзындығы 50 см жіпті байлайды және оларды бір - бірінен 30 см қашықтықта бауға байлайды. Бауды көбелектер баланың бетінің деңгейінде салбырап тұратындай екі тіреудің ортасына кереді).
Ойын барысы: Тәрбиеші балаға көбелектерге ұшатындай етіп, оларды үрлеуді ұсынады. Баланың тік тұруын, ауаны ішке жұтқанда иықтарын көтермеуін, бір рет дем шығарып үрлеуін, ауаны жұтпауын, ұрттарын толтырмауын, ал еріндерін алға шығаруын қадағалау қажет. Бала басы айналмас үшін, 10 секундтан артық емес үзілістермен үрлеуі қажет.
Қанаттары әдемі,
Қызыл – жасыл көбелек.
Гүлге қонып қалыпты
Бір ғажайып керемет.
Бар даланы жайнатып,
Гүлден – гүлге қонады.
Көбелектің қанаты
Гүлдей әсем болады.
Не істеу керек, табамыз
Мақсаты: Есту зейінін жұмылдыра білуін дамыту. Сылдырмақтың дыбысымен өзінің қозғалысының арақатынасын белгілеу, қозғалыс сәйкестігін дамыту.
Қажетті құралдар: Сылдырмақ, екі жалауша.
Ойын барысы: Баланың қолында екі жалауша бар, егер тәрбиеші сылдырмақты қатты сылдырлатса, онда бала жалаушаларды жоғары көтереді және бұлғайды. Егер сылдырмақ ақырын сылдырласа, онда жалаушаларды төмен түсіреді.
Мұнда балалардың дұрыс тұруын және қозғалыстарының дәл орындалуын қадағалау маңызды. Бала жаттығуды жеңіл орындау үшін, сылдырмақтың қатты және ақырын дыбысталуын кемінде 4 рет алмастыру қажет.

Кім алғыр?
Мақсаты: Құлақтың естігіштігін, сөздік нұсқаулықты оны айтатын дауыс күшіне қарамастан дұрыс қабылдай білуді дамыту.
Қажетті құралдар: Ойыншықтар: қуыршақ, аю, мәшине.
Ойын барысы: Тәрбиеші үстінде ойыншықтары бар үстелдің жанында отырады. Бала одан 2 – 3 метр қашықтықта болады. «Мен сыбырмен сөйлейтін боламын, сондықтан бәрі естілу үшін тыныш отырып, зейінмен тыңда»:
- Аюды ал және мәшинеге отырғыз.
- Аюды мәшиненің ішінен ал.
- Мәшинеге қуыршақты отырғыз.
- Қуыршақты мәшинемен қыдырт.
Бала бұл тапсырмаларды естуі, тусінуі және орындауы қажет. тапсырмалар қысқа және жеңіл, ал айтылуы ақырын, бірақ айқын болу керек.

Артикуляциялық ойын - жаттығулар. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
  • Асель28
    Жазған: Асель28
  • Акниет Нурым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Мейрамгали Акниет
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 54
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 54
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика