Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жеті лақ математика әлемінде

23 маусым 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Жеті лақ математика әлемінде
Білім беру саласы: Таным
Білім беру саласының бөлімі: ҚМҰҚ
Мақсаты: Балалардың білімдерін тиянақтауды жалғастыру. 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды есептеуге, қосу алу амалдарын орындауға үйретуді жалғастыру. Ертегі желісіне сүйене отырып тапсырмаларды орындау мен қарапайым мысалдарды шешуге үйрету. Сандарға байланысты тақпақтар жаттау, математикалық есептер шығаруды үйрету. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Аңғарымпаздыққа, ептілікке, достыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық қатынас: Көркем әдебиет
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ - жауап, сергіту сәті, ойын, математикалық жұмбақтар, тақпақтар.
Көрнекіліктер: Ешкінің бетпердесі, 7 лақпен қасқырдың суреттері, тапсырмалардың үлгілері, сандардың суреттері т. б.
Дидактикалық ойындар: «Жоғалған санды тап». «Санға сәйкес суретті тап?» (үстел үстінде)
Логикалық ойын: «Тез ата»

Шаттық шеңбері:
Білер қазақ баласы,
Сәлем - сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп танысты көреміз.
Бәріне де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
Қайырлы таң, көк аспан,
Қайырлы таң, жер - ана.
Қайырлы таң, достарым,
Қайырлы таң, қонақтар!
Балалар қолдарын жоғары көтереді, кеудеге қояды.

- Тәрбиеші: Балалар есімізге түсіріп көрейікші, біздер қандай ертегілерді білетін едік?
Балалар: - «Екі әтеш» ертегі, «Бауырсақ» ертегі, «Түлкі мен Тырна» ертегі, «Қызыл телпек» ертегі «Қарлығаш пен дәуіт», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегілері.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, біздер көп ертегілер білеміз екен. Ендеше балалар, «Жеті лақ» ертегісін есімізге түсірейікші!
- Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
- Ешкі күнде қайда барады екен?
- Қасқыр не істеді?
- Қасқырдың орнында болсаңдар не істеуші едіңдер?
- Бүгін біз жеті лақ ертегісіне тоқталамыз.
Баяғыда орманда бір ешкі мен жеті лағы өмір сүріпті. Бірде Ешкі орманға лақтарына сүт тамақ әкелуге жиналыпты. Ол кетісімен лақтары үйшіктің есігін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен. Ешкі орманнан келген соң, есікті қағып:
Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар, аша қойыңдар!
Аналарың келді -
Сендерге сүт әкелді. - деп өлеңдетеді екен.
Ал сол орманда бір ашкөз көкжал қасқыр өмір сүріпті, ол бірде ешкінің лақтарымен қоштасып орманға кетіп бара жатқанын байқап қалады да лақтарды алдамақ болады. Сөйтіп үйшікке жақындап жуан дауысымен ешкінің әнін айта бастайды. Лақтардың ішіндегі бір ақылдысы анасының дауысы еместігін байқап қалады да есік ашпайды. Қасқыр болса ашуланып ұстаға барып даусын жіңішкертіп алады да қайтып оралады. Жіңішке дауысымен әндете бастайды. Лақтар аналары екен деп ойлайды. Сөйтіп есікті ашпақ болады. Ал ақылды лақ болса ашпаңдар бұл біздің анамыз емес дейді. Бірақ оны ешкім тыңдамайды. Есікті ашып жібереді. Есікті ашқаны сол еді. Қасқыр лақтарға тап беріп ұстап алады да үйіне алып кетіп жемекші болады. Тек бір лақ қана пештің ішіне тығылып үлгереді. Біраз уақыттан соң ешкі оралады. Ешкі үйшігін қараса есігі ашық жатыр екен. Пештің ішіне тығылған лақ анасына жүгіріп келіп болған жайтты айтып береді. Ешкі болса лақтарын іздеп Қасқырға келеді. Қасқыр егер менің тапсырмамды орындасаңдар лақтарды жіберем дейді. Сол ешкі бүгін бізге қонаққа келді балалар.
Ешкі: - Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар мен сендерге орманнан келе жатырмын. Мен күнде орманға барып лақтарыма сүт, тамақ әкелетінмін. Бүгінде орманға барып едім менің орманға кеткенімді пайдаланып көкжал қасқыр менің лақтарымды ұрлап кетіпті жібермеймін дейді. Қасқырдың тапсырмалары бар екен сол тапсырмаларды орындасаң ғана жіберем дейді. «Кел балалар» балабақшасындағы «Айгөлек» тобының балалары тапсырмаларды жақсы орындайды дегенді естіп сендерден көмек сұрап келдім. Маған көмектесесіңдер ме?
- Балалар біздер ешкіге көмектесіп қасқырдың тапсырмаларын орындаймыз ба?
Балалар: Иә
Тәрбиеші: Ендеше Ешкі ханым біздің балалар тапсырманы орындағанша сен біздің балалардың қасына отырып сәл демалып, біздің балалардың білімін қара.
Тәрбиеші: Балалар біз бір тапсырманы орындасақ қасқыр бір лақты босатып отырады екен.
І тапсырма: 1 - ден 10ға дейін тура, кері санау.
Дидактикалық ойын: Жоғалған санды табу.
Тәрбиеші: Міне балалар біз бірінші тапсырманы орындап бір лақты құтқардық. Енді екінші тапсырманы қарайық.

ІІ тапсырма: Математикалық жұмбақтар
1. Өткізген тырна сабаққа,
Қатысты жеті сауысқан,
Үшеуі ғана олардың,
Дайындалған сабаққа.
Неше жалқау сауысқан
Қатысқан осы сабаққа?( 4)

2. Бір алманы 4 - ке бөлдім,
Бір бөлігін жеп те көрдім.
Қалған үлкен 3 бөлігін,
Қасымдағы 3 досыма бердім.
Қолымда менің не қалды. (0)
3. Мұз айдынында 7 бала,
Асыр сап жүр сырғанап.
Сырғанамай 2 бала
Жағалауда тұр қарап,
Енді осы баланың
Санын айтсақ жарадың (9)
Тәрбиеші: Балалар міне сендердің көмектерің арқаларыңда біз екінші лақытда құтқардық.

ІІІ тапсырма: Сандар жыры (сандар туралы тақпақтар)
Аділ: Мені келсе білгің
Мен таяқша бірмін
Сандарға жол бастап
Ең бірінші тұрмын.
Ақмарал: Бірден кейін тұрамын
Бірден кейін тұрағым
Бірді бірге қосқанда
Мен шығамын қарағым

Сұлухан: Екіден соң әрқашан
Үшінші мен тұрамын
Қағазға сызып түсірсең
Екі ирек саламын

Қайсар: 3 қашанда тақ саны
Жұп болғанға не жетсін
Төрт дегенің баяғы
Төрт түліктің аяғы.

Ернұр: Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті
Төртеуін бүгіп санасаң
Табасың оңай бесті

Аружан: «Алақай!» дер келді күн,
Алтыдамын мен бүгін.
Алты жасқа келмекші,
Алғы аптада енді кім?!
Санжар: Жазда шөпті шабар,
Қыста тыныш табар.
Шалғы бар әр үйде,
Жетіге ұқсас бәріде.
Рахматулла: Сен де, мен де баламыз,
Сегіз санын саламыз.
Сегіз деген екі төрт,
Сегіз жаста ағамыз.

Палина: Рет - ретімен санасақ,
Тоғыз саны домалап,
Сегізден кейін келеді.
Жіңішке таяқ тірегі.

Айым. Он, білесің, басы ашық
Тоғыздан кейін келеді.
Саусақтарды санап шық,
Есебін сол береді!

Тәрбиеші: Міне біз үшінші лақты да құтқардық, ендеше шамалы бойымызды жазып сергіп алайық.
Сергіту сәті: Ал, балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға, оңға түзу тұр!
Солға, солға түзу тұр!
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары - төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар сергіп алсақ ендігі тапсырмаларды үстел -. үстінде орындаймыз, келе қойыңыздар.

ІV тапсырма: Санға сәйкес суретті тап? (үстел үстінде)

V тапсырма: Есепте, жаз (үстел үстінде)

Тәрбиеші: Балалар міне тағы екі лақты құтқардық осымен біз неше лақты құтқарыппыз, қане санайықшы.
Балалар: 5 лақты құтқардық.
Тәрбиеші: Иә дұрыс айтасыңдар енді неше лақ қалды екен?
Балалар: бір лақ қалды.

VI тапсырма: «Тез ата»
Шарты: Тәрбиеші доп лақтырып сұрақ қояды, балалар тез жауап беріп допты қайта қайтарады.
1. Аспанда неше күн бар? 1
2. Алма үлкен бе, түйме үлкен бе? Алма үлкен.
3. Шаш ұзын ба, қас ұзын ба? Шаш ұзын.
4. Кемпірқосақта неше түс бар? 7
5. Бағдаршамда неше көз бар? 3
6. Адамда неше саусақ бар? 5
7. 5 санының көршілері? 4 пен 6
8. Жұлдыздың неше бұрышы бар? 5
9. Жол ұзын ба, қол ұзын ба? Жол ұзын.
10. Аспанда неше жұлдыз бар? Көп.
11. Көлікте неше доңғалақ бар? 4
12. Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе? Қоян
13. Төртбұрыштың неше бұрышы бар? Төрт
14. Сопақшаның неше бұрышы бар? Бұрышы жоқ.
15. Дөңгелектің неше бұрышы бар? Бұрышы жоқ.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар міне біз Ешкі ханымға көмектесіп лақтарын құтқардық. Біздер неше лақты құтқардық?
Балалар: алты
Тәрбиеші: Неге алтауын құтқардық?
Балалар: Себебі жетінші лақ пештің ішіне тығылып қалды, сосын оны қасқыр алып кеткен жоқ, ол анасының жанында болды.
Тәрбиеші: Ал Ешкі ханым біздің балақайлар сенің лақтарыңды құтқарып қалды.
Ешкі: Балалар менің лақтарымды құтқарып қалғандарың үшін рахмет сендерге, балалар мен құры қол келген жоқпын сендерге сыйлық ала келдім. (Балаларға сыйлықтарды үлестіріп береді)
Ешкі: Балалар мен лақтарымды алып орманға үйшігіме қайтайын, сендерге көп көп рахмет! Сау болыңдар!

Қорытындылау:
- Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Ешкі бізге жәйша келді ма, неге келді?
- Ал біз лақтарды құтқару үшін қандай тапсырмаларды орындадық?
- Балалар сендерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?
- Рахмет.
- Балаларды мадақтау.

Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Кел балалар МДҰ
Доскулова Малика Әлібекқызы
4 422
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Балалардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Жоғалған буын дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.
Жоғалған буын дидактикалық ойыны. Сөз құрастыр.
Өткен дыбыстарды қайталату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. «Жоғалған буын» дидактикалық ойыны арқылы дыбыстардан сөз, сөзден сөйлем құрастыруға үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Қысқы математикалық ойындар
Қысқы математикалық ойындар
Шамаларды ажырата білу: ұзындық /масса/ көлем (сыйымдылық); оларды өлшеу үшін өлшемі мен құрал - саймандарды таңдау, өлшеу жүргізу;
Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарға амалдар қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлуге қайталау есептері туралы тақырыптары бойынша алған білімдерін тиянақтау, жинақтау
1 саны және цифры
1 саны және цифры
10 - ға дейінгі сандарға 1 - ді қосу және азайту кестесін үйрету, есептер шығару; Тез есептеу, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту; Мейірімділікке, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қызықты математика
Қызықты математика
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №14 "Малышок" балабақшасының тәрбиешісі Жапарова Әйгерім Муслимқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×