Білімділер поралы

Ата - анамен жұмыс

Ата - анамен жұмыс
Тақырыбы: «Балабақша мен отбасы»
«Балабақша мен отбасы»
Мақсаты: Ата - аналардың өзара қарым - қатынасын жақсарту. Балабақша өмірімен таныстыру, тәрбиешімен дұрыс қарым - қатынаста болу. Психологиялық кеңес, ағарту жұмыстарын жүргізу.
Көрнекілігі: Музыка жазылған үнтаспа, қағаз - қаламдар, ағаш, алмалар, шарлар, себет

Шаттық шеңбері:
Ата - аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір - бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.

Танысу: Әр ата - ана өзін таныстыру керек, өзінің атына екі - үш сын есімін қосып таныстыру. Мысалы: Айдай сұлу - Айсұлу.
Тренинг:
Енді ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші адам табиғатпен тығыз байланысты табиғаттағы ең маңызды нәрсе ағаш, енді сол ағаштың несі болар едіңіз тамыры ма, әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді.
Ал енді ата - аналар тамырлар бір бөлек, жапырақтар бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не үшін жапырақ таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар. (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл таңдауларыңыз кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік. Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар. Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен қағазға «тамыр тобы»- тамырды, «діңгек тобы»- діңгекті,» жапырақ тобы» - жапырақты саламыз. (музыкалық сүйемел, қалам - қағаздар)
Ұстаздарыңызға деген талап - тілектеріңізді «тамыр тобы»- тамырға, «діңгек тобы» - діңгекке, «жапырақ тобы» - жапыраққа жазыңыздар.

Осы ағаштың тамыры – ата-ана, діңгегі - тәрбиеші, жапырағы – балаларымыз. Егер тамырдан нәр алып, діңгегі мықты болып, бұтағы жапырағын жайса ағашымыз жемісін береді. Енді мына себеттен алмаларды алып, өз балаларыңызға тілек жазып, ағаштың жемісін іліп, балаларыңыздың қызығын көрейік.(музыкалық сүйемелдеу, тілек жазу)

Ойын: «Қай жұп күшті?»
Қазір әркім өзіне серік таңдайды, шарды алып, көңілді музыкаға билеп, шарды жарады. Шардың ішінен жақсы тілектер алып шығып, қалған ойыншыларға дауыстап оқып беру. Әр жұп кезектесіп белгіленген уақыттан белгіленген жерге дейін шарды бір - бірін құшақтап шарды жарады.

Ата - анамен жұмыс. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 35
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 35
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика