Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


30 Тамыз – Конституция күні

28 тамыз 2023, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
30 Тамыз – Конституция күні

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін ояту, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы, слайд.

Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, әнұран, би, ойын.
Балалар шаттық шеңберге тұрып амандасады:
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер - ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.

Жүргізуші сұрақтар қояды, балалар жауап береді.
- Арайлаған танды сүйетін кім?
- Алтын сәулені сүйетін кім?
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Туған жерді сүйетін кім?
- Ата - ананы сүйетін кім?
- Досын сүйетін кім?
- Еліміздің болашағы кімдер?

Жүргізуші: - Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995 жылы өз Ата Заңымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды.

Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі,
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таңым!
Балаларға конституция кітабының суретін көрсетеді.

Жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары - үлкендерде, балалар да - мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.

Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранның құрметтеу ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.
- Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Президентіміз кім?
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Балалар сендер рәміздер туралы білесіңдер ме?
Жүргізуші: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар.
Шарықтаған таза күн
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Балаларға елтаңбаны көрсетіп түсіндіреді.

Жүргізуші: Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
Балаларға туды көрсетіп түсіндіреді.

Жүргізуші: Әнұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі - бақи шырқалады,
Республика әнұраны.

Балаларға әнұран айтуды ұсынады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.
Қимылды ойын «Киіз үй»
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Cлайд көрсету.
Қыздардың орындауында «Қамажай» биі.

Жүргізуші: Конституция күні баршамызға құтты болсын!

Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Конституция күні» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз
82 481
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата заңым – айбыным! Конституция күні!
Ата заңым – айбыным! Конституция күні!
Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
6 шілде Астана күні!, Жайнай берсін, Астана!
Балаларға еліміздің бас қаласы - Астана туралы мәлімет беру.
Ата заң – алтын діңгегім!
Ата заң – алтын діңгегім!
Құқықтық сауаттылыққа және Отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
Жайнай берсін, Астана!
Жайнай берсін, Астана!
Астана туралы мәлімет беру.
Ел сүйген, елін сүйген Президент
Ел сүйген, елін сүйген Президент
Алматы облысы, Қаратал ауданы, №97 балабақша Наренбаева Махаббат Жұмабекқызы
Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?
Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Қарақобда ауылы, Қарақобда орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Раимкулова Анаргүл Есенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×