Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс

05 қыркүйек 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Қазақтың ұлттық аспаптары»
Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс

Мақсаты: Балалардың қазақтың ұлттық аспаптарына деген қызығушылығын дамыту. Балалардың ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы арқылы патриоттық сезімін ояту, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру. Ұлттық аспаптар туралы түсінігін кеңейту.
Музыка әуенімен екі топтың балалары ата - аналарымен залға кіреді.
1. Сазсырнай тобы.
2. Даңғыра тобы.
Екі ішектің бірін қатты, Бірін сәл - сәл кем бұра,
Қазақ - нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ домбыра - деп Қадір Мырзалиев ағамыз айтқандай
«Қазақтың ұлттық аспаптары» атты викториналық сайысымызды бастаймыз.
Жүру барысы 5 кезеңнен тұрады, әр кезең екі сұрақтан тұрады.
1 - сұрақ балаларға.
2 - сұрақ ата - аналарға.

1 - кезең: 1. Шертіп ойнайтын аспаптарды атау.
2. Ысып ойнайтын аспаптарды атау.

2 - кезең: 1. Ұлттық аспаптар туралы жұмбақтар шешу.
2. Аспаптың үнін табу.
3 - кезең: 1. Үрмелі аспаптарды атау.
2. Ұрмалы аспаптарды атау.
4 - кезең: 1. Кім шапшаң?» ойыны: Аспаптарды құрастыру»
2. Күйдің аты және күйді шығарған композиторды атау.
5 - кезең: 1. Тілшікті аспапты атау.
2. Күй атасы кім?
3. Күйші әжеміз кім?
4. Қобыз атасы кім?
1. Сілкімелі аспаптарды атаңыз.
2. Қазіргі заманда жетіген аспабымен ән айтып жүрген эстрада жұлдызы кім? 3. Эстрадада қоссаз бес шекті аспабымен ән айтын жүрген қандай топ?
3. Бір өзі - оркестр» атанып кеткен қазақтың музыкалық аспаптарын шебер меңгерген сазгер композитор. Сыбызғы, сазсырнай, қамыс сырнай, шаңқобыз аспаптарында және көмеймен ән айтудың теңдесі жоқ шебер кім?

Әр дұрыс жауапқа бір фишкадан беріліп отырады.

I - кезең:
Балаларға сұрақ: Қазақтың ұлттық аспаптарының ішіндегі шертіп ойнайтын
ішекті аспаптарды атаңыз.
Жауабы: Домбыра шертер, жетіген, қоссаз, адырна, бас шертер, үш шекті домбыра, шіңкілдек.
Ата - анаға сұрақ: Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінен ысып ойналатын
аспаптарды атаңыз.
Жауабы: Қобыз, қыл қобыз, нар қобыз.

II - кезең: Қазақтың ұлттық аспаптар туралы жұмбақтарды шешу.
Ұзын мойын екі ішек
Қатар - қатар тепкішек.
Басып қалсаң бір - бірлеп,
Күй шығады күмбірлеп.
(Домбыра)
Бас, құлақ, мойны бар,
Үп үлкен шанағы бар
Ысқышпен ысқанда
Әндетіп шығар тағы әні бар. (Қобыз)

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар
Әуенімен жеті тарау мұң шығар
Ойнап кетсең түрлі - түрлі жыр шығар
Бұл қай аспап? (Жетіген)

Сызылған үні, сүйкімді тілі
Үрлесең ойнайтын, аспаптың түрі? (Сыбызғы)

Тілшікті аспап, қобыздай асқақ
Ерекше үні бар, бұл қай аспап? (Шаңобыз)

Қоңыр сазды даусы бар,
Шертсең күйі әні бар
Домбыраға ұқсайтын
Бұл қай аспап? (Шертер)

2. Аспаптардың үнін табу?
1 Қылқобыз
2 Шаңқобыз
3 Саз сырнай
4 Сыбызғы
5 Домбыра
6 Жетіген
Ортада орта топ тәрбиелеушілерінің ұлттық аспаптар туралы тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Атырау қаласы,
№5 «Аққу» бөбекжай – балабақшасының саз жетекшісі
Қойтанова Дүрия Есмағзомовна
Қазақтың ұлттық аспаптары. Ата-аналар мен балалар арасындағы викториналық сайыс. жүктеу
5 341
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Оркестр құрамындағы аспаптар
Ұлттық музыканың, ұлттық аспаптың ұрпақтан – ұрпаққа жеткен мұра екендігін білуге, оны құрметтеуге баулу.
Ұлттық музыкалық аспап
Ұлттық музыкалық аспап
«Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі Тынысбаева Айнаш Ажигалиевна
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Сазды аспаптар сыры
Сазды аспаптар сыры
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Үшқұдық мектеп – бақшасының музыка пәні мұғалімі Тулепова Гулайна Жаркынбековна
Қазақтың ұлттық аспаптары
Қазақтың ұлттық аспаптары
Қазақтың ұлттық аспаптары Бұл жинақтан көптеген қазақтың ұлттық аспаптарының суреттерін таба аласыздар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×