Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ыдыс - аяқтар

06 қыркүйек 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Ыдыс - аяқтар
Білім беру саласы: «Әлеумет»
Бөлімі: Экология негіздері
Өтпелі тақырып: Дені саудың, жаны сау.
Апта тақырыбы: Үйде жалғыз қалғанда.
Мақсаты:
Білімділігі: ыдыс - аяқтар олардың қандай материалдан жасалғандығы туралы ұғымдарын кеңейту, түрлерімен таныстыру.
Дамытушылығы: ыдыстар маңызы, олардың қолданылуы жайлы сипаттап айтып беруге үйрету. байланыстырып сөйлеуін дамыту.
Тәрбиелігі: оларды дұрыс ұстауға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: жұмбақтар, ыдыс - аяқ түрлері, ойын құралдары;, фарфордан жасалған бокал, шыныдан жасалған стақан, металлдан жасалған шәйнек, ағаштан жасалған нан салғыш, саздан жасалған құмыра.
Қостілділік компонент: ыдыс - аяқ - посуда.

Жүру барысы:
Шаттық шеңбері. Амандасу.
Армысың шапағатты күн ана
Армысың қайырымды аспан ата
Армысың мейірімді жер ана
Құт дарып бар әлемді жарылқа

Здраствуй солнце золотое
Зддраствуй небо голубое
Здраствуй вечер ветерок
Здраствуй мой верный дружок

Ұйымдастыру бөлімі:
Жұмбақ жасыру.
Беті дуылдап тұр,
Танауы шуылдап тұр.(Шәйнек)
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді? (Ыдыс - аяқ)

- Бүгін немен танысатынымызды өздерің де түсінген боларсыңдар.
Иә, иә асхана құралдары туралы сөйлесеміз.
- Жалпы асхана құралдарына не жатады?
- Қазан, таба, тарелке, шәйнек, қасық, шаңышқы т. б.
- Дұрыс. Ыдыс - аяқтың түрлері өте көп.
Олар өздері:
1. тамақ жасауға арналған ыдыстар
2. тамақтануға арналған ыдыстар
3. тамақты сақтауға арналған ыдыстар болып бөлінеді.
- Қалай ойлайсыңдар тамақ жасауға арналған қандай ыдыстар жатады?
- Қазан, кастрөл, таба.
- қандай тамақ қазанға жасауға болады?
- ал табаға ше?
- Кастрөлге ше?
- Ал тамақтануға қандай ыдыстар жатады?
- тәрелке, кесе, қасық, шаңышқы, табақ т. б.
- Дұрыс. Ал тамақты қандай ыдыстарға сақтайды?
- Банкі, контейнер сауыты, бөшке т. б.
Балалар, ыдыс - аяқтар қандай заттардан жасалады деп ойлайсыңдар?
- Шыны, темір, құм, фарфор, метал, пластмассадан, ағаштан т. б.
- Дұрыс айтасыңдар.
Педагог шыныаяқ және кесенің шай ішуге арналғандығын, оның су немесе шай құйылатындай терең етіп жасалғандығын айтып түсіндіреді.
- Шыныаяқ пен кесенің айырмашылығы қандай?
- Тұтқаны не үшін жасаған деп ойлайсыңдар?
- Үстелдің үстінен тағы қандай ыдыстар көріп тұрсыңдар?
- Қант, тосап салынған ыдыс неден жасалған деп ойлайсыңдар?
- Осы аталған ыдыстарды бір сөзбен қалай айтуға болады?
- Жарайсыңдар, балалар, бұл ыдыстар шай ішуге арналған ыдыстар екен.
- Дұрыс айтасыңдар, енді балабақшада тамақ ішетін ыдыстарды есімізге түсірейікші. Тамақ ішкенде тағы қандай ыдыстарды пайдаланатын едік?
- Тәрелкелер не үшін керек?
- Сорпаны қандай тәрелкемен ішер едіңдер?
- Не үшін шұңғыл тәрелкемен ішеміз?
- Дұрыс айтасыңдар, бұл ыдыстарды көбінесе түскі, кешкі ас ішкенде пайдаланады екенбіз.
Осылайша сұрақтар қоя отырып шай ыдыстарының түрлері, түсі, көлемі, материалы және олардың тұрмыста қолданылуы туралы
ақпарат береді. Олардың жеке - жеке аталуы мен топтасқан күйіндегі аталуының мағынасын түсіндіреді.
- Ал ыдыс - аяқты пайдаланғаннан кейін не істеу керек?
- Не үшін?
- Қандай ыдыстың сынып қалуы мүмкін?
- Қандай ыдыс сынбайды деп ойлайсыңдар?
- Ыдыстарды қайдан алуға болады?

Видеоролик көрсету.
Қызықты сәт:
- Сәлеметсіздер ме балалар! Менің кім екенімді білесіңдер ме?
- Мен самаурынмын. Мен шәй қайнатамын. Барлығы мені ұмытып кеткен бе? Мен туралы ештеңе де білмейді?! Қазір барлығы шәй қайнатуға шәйнекті, тоқ шәйнекті пайдаланатын болған.
Тәрбиеші:- Самаурын, сен ренжіме біз сені ұмытып кетіппіз. Қазір шынымен де біздер шәйді металл шәйнекпен, тоқ шәйнекпен қайнататын болыппыз. Қазір сенің көңіліңді көтеру үшін, біздің топтың балалары саған самаурынды құрастырып береді.
Дидактикалық ойын:"Самаурынды құрастырамыз".
- Рахмет, балалар! Маған сендердің құрастырған самаурындарын өте ұнады. Әдемі екен. Енді мен ыдыстарды қалай пайдаланатыны туралы білгім келеді. Қант салғышқа нені салады екен?

Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі
Бозжанова Ақгул Серікқызы
Ыдыс - аяқтар. жүктеу
23 494
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Ыдыс – аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы жұмбақтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Асханадағы ыдыс - аяқтар
Мысықай - пысықай, сен Мақта қыздың сүтін тағы да төгіп алдың ба?
Ыдыс - аяқтар
Ыдыс - аяқтар
Балалар қараңдаршы, біз үлкен шеңбер құрып тұрмыз. Ал мына үстел үстіндегі шеңберге назар аударайықшы?
Ыдыс-аяқ атаулары
Ыдыс-аяқ атаулары
оқушылардың қазақ тілге деген құрметтерін арттырып, сөздік қорларын дамыта отырып, ізденушілік қабілеттерін дамыту.
Қонақтарды күтеміз. Буынға бөлу
Қонақтарды күтеміз. Буынға бөлу
Заттарды топтастыра суреттеуге үйрету (ыдыстар: ас үйлік, асханалық). Сөздік қорды жаңа сөздермен байыту, олардың атқару қызметтік ұғындыру.
Ыдыс - аяқ
Ыдыс - аяқ
Ыдыс - аяқтар туралы түсініктерін толықтыру. Асхана құралдары, оның ерекшеліктері, олардың алуан түрлі болатынын түсіндіру (түсті, мөлшері, көлемі, материалы, металдан жасалатындығы, жасалуы т.) оларға бағдар жасауға үйрету. Оларды сақтау ережелерін
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×