Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертегілер елінде

07 қыркүйек 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ертегілер елінде
Білім беру саласы: «Коммуникация», «Таным».
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту, Сауат ашу, Көркем әдебиет, Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Өткенді қайталау».
Мақсаты: Балалардың жыл бойы алған білімдерін тиянақтау, өз бетінше жұмыс істеп шығармашылық ойын өсіруге, өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландыру. Дыбыстар мен әріптерді еске түсіру, түрлі тапсырмалар арқылы сөздік қорын байыту. Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: слайд.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап.
Билингвальды компонент: әріптер – буквы, сөз – слово, дыбыс – звук.
- Балалар, біздің бүгінгі оқу қызметіміз ерекше өткелі тұр. Себебі бізге көптеген қонақтар мен сендердің ата – аналарың келіп отыр. Біздің бүгінгі күніміз көңілді өту үшін бәріміз қол ұстасып, шаттық шеңберіне тұрайық.
Шаттық шеңбер:
Қуанамын менде, Қуанасың сен де
Қуанамыз бәріміз, арайлап атқан күнге!
Всем, всем добрый день
Здравствуй, солнце золотое!
Здравствуй, матушка земля!
Гуд монинг, гоулд сан
Гуд монинг май френдз.
Гуд монингдия гестс
Уи уине ю ол зэ юэсте.
- Рахмет балалар!
- Балалар біздің қорытынды оқу қызметіміз қызықты болмақ. Өйткені біздің оқу қызметімізге «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлері қонаққа келіп отыр. Олар өздерімен бірге қызықты тапсырмалар ала келіпті. Біз оларға өзіміздің білімді де зерек балдар екенімізді дәлелдейміз бе?
Ендеше экранға назар аударайық.
1 - тапсырма. Тышқанның тапсырмасы.
Дыбыс дегеніміз не?
Әріп дегеніміз не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?
Сөз неден құралады?
Сөйлем неден құралады?
Билингвальды компонент: әріптер – буквы, сөз – слово, дыбыс – звук.
2 - тапсырма. Бақаның тапсырмасы.
Кеспе әріптермен жұмыс. Берілген әріптерден сөз құрастыр. А, Т, О, Н, М, С, Қ, Р.
Ата, ана, нан, Отан т. б
3 - тапсырма. Қоянның тапсырмасы.
Қоянның тапсырмасына мұқият қарайық.
Берілген суреттерді ата.
Оларды буынға бөл.
А - та, ба - ла, ба - ла - пан, жұл - дыз, қар - быз.
Сергіту сәті:
Оңға бір қадам,
Солға бір қадам
Шапалақты ұрамыз.
Алға бір қадам,
Артқа бір қадам
Шапалақты ұрамыз.
4 - тапсырма. Түлкінің тапсырмасы.
Дидактикалық ойын: «Орман тұрғындарын тап».
Шарты: Орман тұрғындарының мекендейтін жерлерін табу.(флипчарт)
5 - тапсырма. Аюдың тапсырмасы.
Дидактикалық ойын «Көршісін тап».
Сандарды аяқпен басу арқылы көршілес сандарды басып табады.
6 - тапсырма. Қасқырдың тапсырмасы.
«Пішіндерді ата, құрастыр».
Пішіндерді атайды, үй құрастырады
Дыбыстық жаттығуларды орындайық.
Шарты: 1 - ден 10 - ға дейінгі сандарды тура және кері санау.
- Ыр, ыр, ыр ырылдайды қасқыр,
- Кі, кі, кі бұлаңдайды түлкі,
- Ян, ян, ян жүгіріп жүр қоян,
- Ю, ю, ю қорбаңдайды аю.
- Балалар міне біздер бүгін ертегі кейіпкерлерінің бізге дайындаған тапсырмаларын орындадық. Оларға өзіміздің алғыр, білімді екенімізді дәлелдік. Олар сендерге риза болды. Сендерге оқу қызметі ұнады ма? Жарайсыңдар! Бүгін барлықтарын оқу қызметіне жақсы қатынастыңдар. Көңіл – күйлерің әрдайым көтеріңкі болсын!

Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№35 «Балақай» бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі
Киртанова Амангүл Сағындыққызы
Ертегілер елінде. жүктеу
4 322
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Л дыбысы мен әрпі
Л дыбысы мен әрпі
Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой - өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Кемпірқосақ жолдармен даярлық тобына көтерілеміз
Кемпірқосақ жолдармен даярлық тобына көтерілеміз
Сауат ашу және жазу негіздері, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, тіл дамыту
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Менің көңілді добым (сипаттау)
Менің көңілді добым (сипаттау)
Ойыншық туралы әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Доп туралы мағлұмат бере отырып, оның түсін, пішінін және қандай материалдан жасалғанын анықтауға үйрету.
Үрмебұршақты отырғызу
Үрмебұршақты отырғызу
Балалар сендер білесіңдер мен егін еккенді жақсы көремін. Сонымен қатар менің ертегімде үлкен шалқанды өсіріп қызығына бөленгенімді де білесіңдер. Сондықтан мен бүгін сендермен бірге үрмебұршақ отырғызғым келіп тұр. Менің сиқырлы қорапшамда
Абай «Жаз» өлеңі
Абай «Жаз» өлеңі
Өз ойларын ашық айтуға, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту. Көктем мезгіліндегі ерекшеліктермен салыстыра отырып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×