Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің сүйікті ойыншықтарым

24 қыркүйек 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым (ертеңгілік)
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру, ойын арқылы қызығушылығын артыру мақсатында өткізілетін сабақ түрлі түсті ойыншықтар, көрнекілікке алынып көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын, көркем сөз пайдалану.
Көрнекіліктері: Резеңкеден жасалған, темірден жасалған, ағаштан жасалған, матадан жасалған ойыншықтар және суреттері, ойынға байланысты маскалар, аңдар киімдері, көбелек.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане қонақтармен жақсылап амандасып алайық.

Шаттық шеңбері.
Кішіге де сіз,
Үлкенге де сіз
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Сәлем күн - анамыз,
Бүгін бәріміз қуанамыз.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шыққан бүгін Күн!
«Көбелек гүлге қонады» ойыны

Ойынның шарты: Сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады.
Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
1 Қазір жылдың қай мезгілі?
2 Қыс мезгілінде неше ай бар?
3 Ауа - райы қандай болады?
4 Сүйікті ойыншығың қандай?

Тәрбиеші: Балалар енді «Ненің суреті жасырылған?» ойын ойнап алайық. Ойын шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алыңдар, олардың артында аяқталмай қалған суреттер бар сол ненің суреті екен табыңдар.
Жасырылған суреттер: доп, қуыршақ, машина, ит т. б.
- Балалар, сонда бұлар ненің суреттері?
- Ойыншықтардың
- Жарайсыңдар, дұрыс. Осы ойыншықтарымыз қандай пішіндердің артына жасырылған?
Балалар сендер үйде, балабақшада не істейсіңдер? Немен ойнайсыңдар? Иә, балалар бүгін біз сіздермен сүйікті ойыншықтарымыз туралы айтамыз!
Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе? (балалардың жауабы)
Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.
Күнделікті ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе? Иә, онда мына ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін.
1. пластмассалы
2. резиналы
3. матадан
4. ағаштан
5. темірден
Балалар сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білдіңдер ме?
Балалар енді сендер өздерінің сүйікті ойыншықтарың туралы тақпақ білесіңдер ме?
Елхан
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Меруерт
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Нұрадин
Рельстің жолы ұзын,
Мынау менің пойызым.
Тақ - тұқ жолға шықтық,
Тақ - тұқ шамды жақтық.
Айару
Кесе - шыны пияла,
Оларсыз шәй құя ма.
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз.

Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Балалар мен енді жұмбақ жасырамын егер жауабын дұрыс тапсаңдар сандық ішінен сол ойыншық шығады.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.(түйе)

Үрлесең жеп - жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, Көк – теңбіл.
Бұлтқа да жетеді. (Шар)

Тиіп кетсе жылаған,
Дауысы көпке ұнаған.(домбыра)

Қане балалар сендерге ойыншықтар туралы тақпақ айтып берейін.
Бізде де бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ бұйырсақ.

Сергіту сәті
Тікірейіп екі құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті қолын жуады.
Секірем деп үстелден,
Құлап жүрме мысығым.

№6 орта мектебі
Өткізген: Кудабаева. Г. Ш.
Менің сүйікті ойыншықтарым. жүктеу
2 482
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру.
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру.
Менің ойыншықтарым
Менің ойыншықтарым
Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру. Ойыншықтарды мейірімділікпен және ұқыпты қарауға, таза ұстауға тәрбиелеу.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Калдыгулова Ақнұр
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×