Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы

29 қыркүйек 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы
Картотека № 1
Бақылау: Жаңбырды бақылау.
Мақсаты: Жаңбырды бақылай отырып, оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру.
Мысалы; Жай жаңбыр, өткінші жаңбыр, нөсер жаңбыр.
Еңбек: Ағаш түптерін қопсыту.
Мақсаты: Балаларды еңбек сүйгештікке тәрбиелеу, өздеріне берілген тапсырманы тиянақты орындауын қадағалау.
Жеке жұмыс: Ал керемет бұл қандай?
Төгіледі төбеден.
Көк теңізден құйғандай
Көл - көсір су не деген? (Жаңбыр)
Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорларын дамыту, сөзді мәнерлі айтуға дағдыландыру.
Қимылдық ойын: «Сұр қоян»
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Сазбалшықтан « қала» құрастырайық.
2. « Тәтті тоқаштар» пісірейік.

Картотека № 2
Бақылау: Бұлтты бақылау.
Мақсаты: Бұлттың түзілуі және олардың түрлерін: шарпы, будақ, қабатты бұлттарды ажырату.
Еңбек: Ауладағы гүлдерді суару.
Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемге қамқорлықпен қарауға, табиғат әсемдігін сезіне білуге тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Аспанға ұшар бу болып
Жерге қайтар су болып. (Бұлт)
Мақсаты: Жұмбақ жаттата отырып, балалардың тіл байлығын байыту, дыбыстардың дұрыс айтуын қадағалау. Ойлау қабілетін арттыру.
Қимылдық ойын: «Соқыр теке»
Дербес ойындар:
1. Әткеншек тебу.
2. Тартылғышқа тартылу.

Картотека № 3
Бақылау: Жылы жаққа қайтқан тырналарды бақылау.
Мақсаты: Күзде тырналардың жылы жаққа кететіндігін, қыс мезгілінде тамақтың тапшылығы, аяздың қаттылығы оларға қиынға соғатындығын түсіндіру.
Еңбек: Құстарға жем сауыт жасау.
Мақсаты: Құстарға қамқорлық қарауға, аяушылық сезімдерін оятуға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс: Сап - сары боп келе жатқан,
Сезді мекен күзді олар.
Қарлығаштар ұшып кетті,
Ұшып кетті тырналар.
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайтып, тілдің грамматикасы дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру.
Қимылдық ойын: «Аттамақ»
Балалардың өз бетімен ойнауы:
1. Сазбалшықтан «қала» құрастырайық.
2. «Тәтті тоқаштар» пісірейік

Картотека № 4
Бақылау: Желді бақылау.
Мақсаты: Желдің түрлерімен таныстыру; салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел. Желдің күштілігі ауа - райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру.
Еңбек: «Әдемі гүлдер»
Мақсаты: Гүлзардағы гүлдерді суару. Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.
Жеке жұмыс: Тақпақ. «Жел»
Мақсаты: Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.
Жел улейді у - у - у.
Құйын келіп билейді зу - зу - зу
Қатты - қатты жел соқты гу - гу - гу,
Жапырақтар қол соқты ду - ду - ду.
Қимылдық ойын: «Орамал тастау»

Автор: Кайреденова Актоты Сагындыковна
Жыл мезгіліне арналған серуен картотекасы. жүктеу
Күз мезгілінің картотекасын жүктеу
42 321
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күз мезгілінің картотекасы
Күз мезгілінің картотекасы
Жаңбырды бақылай отырып, оның бұлттан жауатындығы және түрлерін айтып түсіндіру
Серуен картотекасы - Жаз
Серуен картотекасы - Жаз
Балалардың табиғаттағы маусымдық өзгерістерді байқай білу және оны анықтап айта білу дағдыларын дамыту. (күннің ұзаруы, өсімдіктер дүниесінің әсемдігі, ауа - райының өзгешелігі т. б.).
Жаз мезгілінің картотекасы
Жаз мезгілінің картотекасы
Ойға батып мысық Отыр көзін қысып Әндетіп бір баяу Дейді мияу, мияу, мияу. Мысық сүтке тойды Көзін қысып қойды Әндетіп бір баяу Дейді мияу, мияу, мияу.
Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?
Табиғат құбылыстарының ерекшелігі неде?
Табиғат құбылыстарын сипаттау (жел, тұман, найзағай, жаңбыр және т. б.)
Серуен және оны ұйымдастыру жолдары (семинар - практикум)
Серуен және оны ұйымдастыру жолдары (семинар - практикум)
Интернат үйіндегі серуен күн тәртібінің бір бөлігі болып табылады. Ол негізгі бес бөлімнен тұрады: бақылау, жеке жұмыс, қимылды ойын, табиғаттағы еңбек және дербес (еркін) ойындар. Бес бөлім бірін - бірі толықтырады.
Серуен. Бұлттарды бақылау
Серуен. Бұлттарды бақылау
Қарағанды қаласының № 42 «Тілек» балабақша тәрбиеші –педагогы Сакенова Калкен Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×