Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған

25 қазан 2022, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған «Күншуақ тобы» 3 - 4 жас
Зал іші мерекеге сай безендірілген.
Жүргізуші:
Қарсы алайық бәріміз,
Жасымызбен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз бізге нұр төгіп.
Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз - ырыс, береке, бірлік ала келді.

Жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша -«Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Күн суытып келеді,
Жапырақтар түседі,
Астық жеміс жиылды,
Қамбамызға құйылды.
Ардақты күз мың алғыс,
Алдық өнім сыйыңды.

Ән «Жомарт күз»

Жүргізуші:
Бұлттар төгіп жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала сұры қашады.
Бой жаза алмай, ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?(Күз).
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі.
- Күз мезгілінің қай айы.
Қазан айы.
Дұрыс айтасыңдар балалар. – Мінекей күз де келіп жетті.
- Күзде қандай өзгерістер, құбылыстар болады.
- Жаңбыр жиі жауады.
- Күн суыта бастайды, адамдар жылы киінеді.
- Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін,
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»- Бұл не, балалар? (Күз)
Осы кезде Күз ханшайымы себетке салған жемістерімен, билеп кіреді.
Күз ханшайымы:
Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Күз сыйлығын алыңдар,
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.
Күз ханшайымы: - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер шешуін табыңдар.
Өрік, алша,
Шие алма.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз,
Қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Бұл қай кезде болады?(күз мезгілінде)
- Жарайсыңдар балалар!
«Күз ханшайымы» біздің балалардың сізге арнаған өлең, тақпақтары, шағын көріністері бар екен. Бізбен бірге тамашалайсыз ба?
Кішкентай бүлдіршіндеріміздің сізге арнаған тақпақтарын тыңдайық.

Арыстан.
Ой балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты.
Қурап жапырақ солыпты,
Ел егінін орыпты.
Ой балалар, балалар,
Ойнайық та күлейік.

Тайр
Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.

Шашубай кентіндегі «Мектеп – балабақша кешені»
базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Балдырған» балабақшасының екінші санатты тәрбиешісі
Тубитаева Лязат Мырзакасымовна
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған. жүктеу
Күз туралы өлеңдер топтамасы
3 947
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз әсем айналам, еліме береке сыйлаған ертеңгілігі
Алтын күз мерекесінің кереметтерін күз байлық, күз береке – молшылық күз - шаттық, күз қуаныш екенін бала санасына жеткізу.
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған
Армысыздар ұстаздар мен ата - аналар, қадірлі қонақтар! «Алтын күз, әсем айналам, Еліне береке сыйлаған» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысың, Алтын күз! ертеңгілігі
Армысың, Алтын күз! ертеңгілігі
Бұлттар төгіп жерге шөгіп, Дымқыл тұман басады, Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала сұры қашады. Ойнай алмай, Денең мұздап тоңады, Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады? Балалар жауабы «Күз»
«Ертегілер елінде» алтын күз ертеңгілігі
«Ертегілер елінде» алтын күз ертеңгілігі
Атырау облысы,Исатай ауданы,Аққыстау селосы, "Қарлығаш"балабақшасының тәрбиешісі Магданова Гулмира Айдарбековна
Жомарт күз
Жомарт күз
Астана қаласы, № 63 "Әсем ай" балабақшасыныңмузыка жетекшісі Измаханова Құралай Еламанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×