Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің ойыншықтарым

20 қазан 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Менің ойыншықтарым
Мақсаты: Балаларға ойыншықтар туралы түсіндіру. Ойыншықтардың аттарын атап, оларды бір - бірінен түсіне, көлеміне қарай ажырата білуге үйрету. Ойыншықтарды күтіп ұстауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: көрсету, түсіндіру, ажырату.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншықтар аю, ұшақ, машина, шар, үлестірмелі материалдар.

Мотивациялық - қозғаушылық
Жылулық шеңбері.
Қайырлы таң – көк аспан,
Қайырлы таң - жер ана
Қайырлы таң - достарым
Жылуыма жылу қос,
Міне менің қолым бос.
- Балалар мына бір тамаша әуенді тыңдап бір - бірімізге күлімсірейік.
Бүгін күн ашық, жылы екен. Өйткені көктем келді. Қандай ғажайып күн!

Ұйымдастырушы ізденушілік
- Балалар, бізге ойыншықтар елінен де қонақтар келіпті. Бұлар кімдер екен?
Е. Өтетілеуұлының «Ойыншықтар» өлеңін оқиды.
Аю, қоян, жолбарыс
Арыстан мен піл, барыс -
Ойыншықтар тұрыңдар.
Ойын - сауық құрыңдар.

2. Ғажайып сәт.
Шарға байланған аю ойыншықты көрсетеді.
- Балалар, мына шарға байланған не екен? Өзі әдемі, бірімізді таңғалдырып тұр. Балалар, қараңдаршы шардың өзі де сиқырлы екен. Шардың құпиясын ашу үшін мына тұрған хатты оқиын. «Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерге ойыншықтар елінен көптеген тапсырмалар жібердім. Егер осы тапсырмаларды орындасаңдар, сендерге сыйлықтар берем.»
- Балалар қараңдаршы қандай әдемі, әсем ойыншықтар!
- Балалар ойыншықтарды бірнеше түрге бөлеміз: қатты, жұмсақ, резеңке. Қатты ойыншықтарға машина ұшақ, пойыз, жұмсақ ойыншықтарға аю, түлкі жатады.
Резеңке ойыншықтардың қаттысы да, жұмсағы да болады.
Менің қолымдағы қандай ойыншық?
- Иә, балалар, доп екен. Балалар доптың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
Допты ұрсақ не істейді? Кәне барлығымыз допша секіреміз.

3. Сергіту сәті.
Көктем келді бүгін,
Күнін төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар
Ән салуға құштар.

4. Ойын: «Кім жылдам»
Шарты: Ойыншықтарды көрсеткенде, олардың аттарын жылдам айту керек(қоян, машина, доп т. б.)
Балалар шарға байланған аюдың сөмкесін ашып көрейік.
Ішінде көптеген ойыншықтар бар.
- Қандай ойыншықтар бар екен атайық.
- Мынау не?
Менің ойыншықтарым. жүктеу
3 119
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру.
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Үлгі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білуі білігін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Эстетикалық талғамын арттыру. Балаларды ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға баулу. Бірін - бірі сыйлауға, кішіпейілділікке
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтар
Сүйікті ойыншықтары туралы әңгіме құрауға үйрету. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын білуге үйрету.
Ойыншықтар әлемі
Ойыншықтар әлемі
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту. ойыншықтардың атын атау арқылы сипаттауға баулу, ойыншықтар туралы тақпақтар айтқызу арқылы сөздік қорын байыту.
Ойыншықтар әні
Ойыншықтар әні
Балалардың жан - жақты дамуына ықпал ету, сөздік қорын дамыту. Есте сақтау қабілетін арттыру. Ойыншықтардың атын, түсін және қандай заттан жасалғанын, жекеше, көпше атауларын, олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп, ұқыптылыққа, әдемілікке
Менің добым
Менің добым
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы «Бүлдіршін» шағын орталығының «Балапан» тобының тәрбиешісі Әлтаева Алтынкүл Райханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×