Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сюжеттік - рөлдік ойындар жинағы

22 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Сюжеттік - рөлдік ойындар жинағы

*Сюжеттік - рөлдік ойын «Отбасы»
Мақсаты: Балаларға «Отбасы» түсінік беру олардың үлкенді сыйлау кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту, әдептілікке, сыпайылыққа, мейірімділікке, үлкенге көмек көрсетуге, баулуға тәрбиелеу. Ойынды қызықты, ұйымшыл ойнауға үйрету.
Керек заттар: Үй жиһаздары, ыдыстар, киім-кешектер
Сабақ барысы: - Балалар бүгін аптаның қай күні? Қалай аталады?
Балалар: - Бүгін күн жұма
Тәрбиеші:- Жұма күні әжелерің, апаларың үйде шелпек, бауырсақ пісіреді. Жұма күні мешітке барады, құран оқытады.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, жұма қасиетті күн.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын шешуін тауып, кімдер туралы айтылған екен.
Кітапты көп оқитын,
Жырларды жақсы білетін,
Немересін еркелетіп,
Жанында әрқашан жүретін (ата)
Біз үшін ең қымбатты
Ең ардақты адам кім? (ана)
өзі салмақты, батыл,
отбасын қорғаушы,
асыраушы кім? (әке)
мейірімді жан кім екен
ертегі оқып беретін,
еркелетіп қыз - ұлды
бетінен шап - шап сүйетін (әже)

Ата
Ертегілер еліне
Бір шегетін сапары
Ардақтаймын өмірде
Асқар таудай атамды.
Тәрбиеші: Міне, балалар біз отбасы мүшелері туралы айттық. Енді біз үлкендерге ұқсап ойын ойнайық. Бәріміз рөлдерді бөлісейік.

Ойын: «Қонақжай»
Тәрбиеші: Балалар сендер өз қалауларын бойынша бөлінесіңдер?
Санжар - ата, Даяна - әже, Мирас - әке, Анель - ана, Диас, Алина, Тлеужан - балалары.
Балалар өздері киініп әр кім өз жұмысына кіріседі. Атасы киініп теледидар қарайды. Әкесі газет оқиды. Ал әжесі жіп иіріп отыр. Анасы тамақ дайындап жатыр. Балалары бірі сабақ оқып, бірі ойнап, бірі анасына көмектесіп жатыр.
Диас атасымен әңгімелесіп:
- Ата теледидардан не көрсетіп жатыр екен.
- Балам, теледидардан бұдан былай ертелі - кеш «балапан» бағдарламасы болады екен. Онда тек балаларға арналған керекті хабарларды береді дейді. Кинолар, жарнамалар, ертегілер, өлеңдер, сайыстар көрсетіледі.
Әжесіне көмек көрсетіп отырған Анель:
- Әже, мына қайдан алдын? Неге иіріп жатырсың? деп сұрайды.
- Жүнді қойды қырқып аламыз, жүнді жуып тазалап, былай түтеміз деп өзі көрсетеді.
- Түткен жүнді иіріп сендерге қолғап, шұлық тоқып беремін.
Алина бала анасына көмектесіп, картоп тазаласып жатыр. Анасы екеуі турайды, ыдысқа салып қуырады. Одан кейін ыдыстарды үстел басына қоя бастайды. Бәрі жиналып үстел басына тамақ ішеді. Үстел басында әңгімелерін жалғастырады. Тамақ дәмді екен. Тамақ істеуге Алина қызымыз көмектесіпті. Тамақтанып болған соң «рахмет» айтып ойынды әрі қарай жалғастырады. Рөлдерді де бөлісіп алады. Әрі қарай ойнайды. Ойын соңында кімнің қалай ойнағандары жайлы қорытындылайды.

*Сюжеттік – рөлдік ойын «Тігінші»
Мақсаты: Балалардың тіл байлығын дамыту, сурет бойынша әңгімелей білуге дағдыландыру. Балалардың коммунактивті дағдыларын арттыру, бір - бірімен диалог арқылы сөйлесуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өзіне сенімді болуға, үлкендердің еңбегін құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Киімдер, бас киімдер, тігіншіге керек заттар(ине, метр, қайшы, жіп), іс машинасы, киім үлгілері, маталар.

Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Өнерім қол ұшында,
Боламын мен тігінші
Тігіншінің ішінде,
Бас бармақтай бірінші.

Ойын: «Дұрысын тап»
Мақсаты: Мамандықтарға байланысты киім үлгілерін бір - біріне үйлестіру.
Тәрбиеші: Балалар әр мамандық иелері өздеріне сай киім киеді. Дәрігерлер ақ қалпақ пен халат кисе, ал құрылысшылар каска мен үстеріне арнайы халат киеді. Суреттегі киім үлгісі кімге лайықты екенін табыңдар.
Балалар өздері ойлап, белгілей бастайды, сызады.
Тәрбиеші: Балалар аспазшы не киеді?
Шаштараз не киеді?
Балалар белгілеп береді.
- Ендеше, сендер түсінген боларсыңдар. Бұл - ойынды біз не үшін ойнағанымызды түсіндіріңдер. Бүгін біз қандай ойын ойнайтынымызды білдіңдер.

Ойын «Тігінші»
Тәрбиеші: Балалар тігіншілер не істейді? (киім тігеді)
Бірінші киім тігу үшін киініп алуымыз керек.
Балалар рөлдерді өздері бөліп алады. Бірі тігінші, бірі киім өлшеуші, бірі үтіктеуші болып бөлінеді. Айсара өзінің көйлегін қысқартып беруін сұрайды. Диляра қайшысын алып қиып, тігіп береді. Ал Сәния болса көйлекті үтіктеп береді. Келесі бала шалбар әкеледі. Одан қуыршаққа желетке тігеді. Ұшы жоқ қайшы болуы керек. Ойынды балалар өз қиялдары мен қалаулары бойынша әрі қарай жалғастырады. Бір - бірімен рөлдерді бөлісіп, ұйымшылдықпен ойнайды. Тәрбиеші әр уақытта балаларға көмек көрсетуі тиіс.

*«Сән үлгісі» ойыны
Балалар «сән үлгісі» ойынын ойнау арқылы өз киімдерін, қуыршақтарының киімдерін көрсетеді. Өз қалаулары бойынша киімдерін киіп, жүріп өтіп, үлгілерді көрсетеді. Бағаны балалар өздері береді.
Кімнің қуыршағының киімі ұнайды? Неге ұнайды?
Ойынды балалар әрі қарай жалғастырды.

Сюжеттік - рөлдік ойын «Дәрігер»
Мақсаты: Балалардың білім деңгейін, ойындарды ойната отырып, әрі қарай жан - жақты дамыту, тіл байлығын жетілдіру, сөздік қорын молайту. Үлкендер еңбегін құрметтеуге, сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу. Балаларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, адалдыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Дәрі - дәрмектер, кітапшалар, атрибуттар, халаттар, бас киімдер, құрал - жабдықтар.
Әдіс - тәсілдер: Ойын ойнау арқылы әңгімелесу, сұрақ - жауап

Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Тәрбиеші: Бүгін балалар сабақты біз екі топқа бөліп өтеміз.
Бірінші топтағы балалар «Отбасы», « Дәрігер» ойынын ойнайды.
Екінші топтағы балалар автобусқа отырып, саяхат жасауға барады.
- Дәрігер ойынын ойнау үшін, отбасы ойынынан бастаймыз.
Отбасы: Екі бала, әкесі, шешесі қатысады.
Шешесі мен қызы үйін жинайды, ұлы мен әкесі жұмысқа жиналады.
Әкесі:
- Айтолқын, біздің Ләйлә ауырып тұр ғой! Сен оны дәрігерге апарсайшы. Тілеужан екеуміз жұмысқа кеттік.
Шешесімен қызы тіркеу орнына келеді.
Шешесі:
- Сәлеметсіз, бе?
- Сәлеметсіз, бе.
- Маған Сембай Ләйләнің кітапшасы керек еді.
- Қандай бөлімге барасыз?
- Бесінші бөлім
- Мекен - жайыңыз қалай?
- Әуезов көшесі, 10 үй
- Бесінші бөлімге барасыздар
- Рахмет, сізге.
Екеуі дәрігерге келеді.
- Шешесі:
- Кіруге рұқсат па?
Дәрігер:
- Кіріңіз, отырыңыз
- Сәлеметсіз бе, кітапшаңызды беріңіз, сіздерді не мазалайды, қай жері ауырады?
- Шешесі: Қызымның қызуы көтеріліп тұр, тамағы ауырады, тамақты аз ішеді, басы ауырады.
Дәрігер: Қазір тыңдап көрейін, қатты дем ал, тамағыңды көрсет.
- Мен сізге дәрі жазып берейін, ертең қан тапсырасыз, уқалау бөлмесіне барып, уқалау аласыздар. Екі күннен кейін маған қайтадан келесіздер.
- Тез сауығып кетіңіздер, Сау болыңыздар!
Анасы мен қызы екеуі уқалау бөлмесіне келеді.
Есік қағып екеуі бөлмеге кіреді, амандасады қағазды береді.
Дәрігер баланың денесін уқалап береді.
Рахмет айтып екеуі шығады.
Екеуі дәріханаға келеді.
Дәріханашымен амандасып, дәрігер жазып берген қағазды береді.
Шешесі:
- Бізге мынандай дәрілерді беріңізші.
Медбике:
- Мына шөппен тамағын шаясыз. Мына дәріні күніне екі рет ішесіздер.
- Сізге рахмет, сау болыңыз! - деп шығып кетеді.
Қызымен шешесі үйіне оралады. Әкесі мен ұлы жұмыстан келеді. Шешесі бәріне тамақ дайындап, үстел басына шақырады. Қызы шешесіне көмек көрсетіп, үстелге ыдыстарды қояды. Дәрігердің берген дәрісін ішкізеді. Балалар ойынды әрі қарай жалғастыра береді.

Билайн орталығында (сюжетті - рөлдік ойын)
мақсаты: Балаларға рөлдерді өз беттерімен бөлуді және өзіне бөлінген рөл бойынша әрекет етуді үйрету. Ойын барысында әлеуметтік болмысты көрсету, қоғамдық орындардағы мінез құлық ережелерін, қызметтестер арасындағы этиканы бекіту, сөйлеу этикетінің дағдыларын қалыптастыру, топтық жұмысқа кірісуге және сол жұмыс барысында өзіне ұнайтын жағдайларды табуға үйрету, тапсырманың орындалуының сапасын бағалауға үйрету, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру.
Атрибуттар: Ұялы телефондар, компьютерлер, бланкілер, қызметкерлерге арналған бейдждер, терминал
Сабақтың барысы:
Психологиялық тренинг
- Балалар, бізде бүгін ерекше күн, қонақтар келіп отыр. Кәне, бәріміз орнымыздан тұрып келген қонақтармен сәлемдесіп алайық!
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып.
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге.
Тәрбиенің басы ғой,
Ал, қанекей бәріміз,
«Сәлем» дейік үлкенге.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
(Телефон шырылдайды)
- Балалар, ненің даусы шығып жатыр?
- Телефон.
- Қандай телефонның даусы ұялы телефон ба, әлде үй телефоны ма?
- Ұялы телефон.
- Телефон адамға қажет пе?
- Ия, өте қажет.
- Не үшін қажет?
- Хабар алуға, хабар беруге, қал жағдай сұрау үшін қажет.
- Өте жақсы, балалар!

Мынау ұялы телефон. Мынау телефонның экраны, мынау пернетақта, бұнда сандар мен әріптер жазылған, мынау суретке түсіретін камерасы, телефонның артын ашсақ батарейкасы бар, оны қуат көзі таусылғанда тоққа тығып қуат көзін толтырып аламыз, мынау ұялы байланыс картасы. Ұялы байланыс картасының бірнеше түрлері бар. Олар билайн, актив, kcell, dalacom т. б түрлері өте көп.
Билайн ұялы байланысы өте ыңғайлы, тиімді байланыс. Билайн байланыстарын сататын жерді «Билайн орталығы» деп атаймыз. Онда әртүрлі телефондар, нөмірлер, телефон салғыштар да сатады.
- Балалар, «Билайн орталығына» барғыларың келе ме?
- Ия
- Ендеше «Билайн орталығында» сюжеттік - рөлді ойынын ойнап жіберейік.
Абонент: Сәлеметсіз бе?!
Менеджер: Сәлеметсіз бе?! Билайн орталығына қош келдіңіздер! Қандай көмек керек?
А: Мен телефон сатып алайын деп едім.
М: Қандай телефон керек?
А: Нокио телефоны керек еді, қандай түрлері бар?
М: Қараңыз әртүрлі түрлері бар.
А: Мына телефон қанша теңге тұрады?
М: Он мың теңге.
А: Жақсы, маған мына телефонды беріңізші.
М: (Телефонды береді) Мынау телефонның паспорты.
А: Телефон салғыштар бар ма?
М: Бар, қараңыз, әртүрлі түрлері бар.
А: Қанша теңге тұрады?
М: Бес жүз теңге
А: Маған беріңізші, мынау ақшасы, санап алыңыз.
М: Жақсы, дұрыс, мынау сізге сыйлық «Билайн орталығынан» брелок.
А: Рахмет, енді маған нөмір керек.
М: Екінші үстелге барыңыз
А: Жақсы, рахмет, сау болыңыз!
М: Сізге де рахмет, игілігіңізге қолданыңыз!
А: Сәлеметсіз бе?!
М: Сәлеметсіз бе?! Қандай көмек керек?
А: Маған нөмір керек еді телефоныма
М: Жақсы, міне қарап таңдаңыз.
А: Мына нөмірді алам
М: Жақсы, нөміріңізді тіркеп алайын, куәлігіңізді беріңіз
(Куәлік береді)
Нөмір екі жүз теңге тұрады, ішінде екі жүз бірлігі бар.
А: Жақсы, рахмет, сау болыңыз!
М: Сау болыңыз, келіп тұрыңыз!
А: Сәлеметсіз бе?!
Т. қ: Сәлеметсіз бе?!
Т. қ. Нөміріңізді тересіз, қанша бірлік салайын деп тұрсыз?
А: Бес жүз
Т. қ: Бес жүз санын тересіз, ақшаңызды мынаған салыңыз
Енді тексеріп алыңыз, нөміріңіз дұрыс па?
А: дұрыс
Т. қ: Салынды чегіңізді алыңыз.
А: Көп - көп рахмет, сау болыңыз
Т. қ: Сізге де рахмет! Сау болыңыз, келіп тұрыңыз, біз әрқашанда көмек беруге дайынбыз!

Шеберхана
Жөндетуші: Сәлеметсіз бе?!
Жөндеуші: Сәлеметсіз бе?! Қандай көмек керек?
Жөндетуші: Менің телефоным бұзылып қалып еді, жөндеп бересіз бе?
Жөндеуші: Кәне, бірінші тексеріп жіберейін. Күте тұрыңыз, жөндеп берейін.
Жөндетуші: Жақсы, күте тұрайын.
Жөндеуші: Міне, телефоныңызды жөндеп болдым.
Жөндетуші: Рахмет, қызметіңіз қанша?
Жөндеуші: Мың теңге
Жөндетуші: Алыңыз, рахмет
Жөндеуші: Сізге де рахмет, сау болыңыз!

Қорытынды:
- Балалар, біз қандай сюжетті - рөлдік ойын ойнадық?
-«Билайн орталығы» сюжетті - рөлдік ойынын ойнадық.
- Ұнады ма?
- Ия, ұнады.
- Өте жақсы, балалар! Енді өздерің «Билайн орталығына» барып, сауда жасап, ондағы қызметкерлермен сөйлесе аламыз ба?
- Ия
- Ендеше, өте жақсы
Сюжеттік - рөлдік ойындар жинағы. жүктеу
86 197
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жиһаздары
Үй жиһаздары
Балалардың сөз қорларын жиһаз атауларымен кеңейту; «Жиһаз» сөзін балалардың сөйлемдерінде қолдануды үйрету.
Менің отбасым
Менің отбасым
отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу. бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту.
Сюжеттік - рөлдік ойын «Отбасы»
Сюжеттік - рөлдік ойын «Отбасы»
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок"балабақшасы тәрбиешісі Бакеева Фарида Тоқтарқызы
Сюжеттік – рөлдік ойын «Тігінші»
Сюжеттік – рөлдік ойын «Тігінші»
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок"балабақшасы Балдырова Бахыт Мейрамовна
Сюжеттік - рөлдік ойын «Дәрігер»
Сюжеттік - рөлдік ойын «Дәрігер»
Екібастұз қаласы, №8 "Теремок"бала - бақшасының тәрбиешісі: Балдырова Бахыт Мейрамовна
Жұма күнінің қасиеті
Жұма күнінің қасиеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 “Балауса” балабақшасы тәрбиеші Шынар Мүберекова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×