Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қуыршақ бізде қонақта

02 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
"Күлімшар" ортаңғы қазақ тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Қуыршақ бізде қонақта
Мақсаты: тәрбиешінің үлгісі бойынша сөйлем құрап, айта білуге үйрету. Балалар қуыршақтың келбетіне қарап, оның шашының, көзінің түсін, көйлегін, аяқ киімін өз беттерінше суреттеп әңгімелеу. Заттарды топтастыруға, оларды атай білуге үйрету (ойыншықтар: доп, машина, қуыршақ және т. б.) Тіл. Байлықтарын дамыту. Балаларды қонақ күтуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ұлттық көйлек киген қуыршақ.

Мотивациялық - қозғаушылық
Ұлттық көйлек киген қуыршақтың қонаққа келуі. Қуыршақпен сәлемдесу.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Балалар, бұл қуыршақтың есімін сендер білесіңдер ме?
- Олай болса, қуыршақтың өзінен сұрап көрейікші.
– Балалар, қуыршақ есімін айтқысы келмесе, онда бәріміз бірге оның есімін қояйық.
– Кәне, кімнің қандай есім қойғысы келеді?
- Қуыршақтың есімін қойғанда оның есімі де атына заты сай әдемі есім болуы керек. Мысалы: «Сұлушаш», «Кәмшат», «Қарашаш». (Халық әні «Үкілі Кәмшат» әнін қолдануға болады.)
- Қуыршақтың есімін қойдық. Енді қонаққа келген қуыршағымызды жоғары шығарайық. – Кәне, бәріміз бірге:
- Енді Сұлушаш қуыршағымызға тоқталайық.
- Сұлушаш сендерге ұнады ма? Несі ұнады?
(Шашы, көйлегі, сырғасы, бөркі, камзолы, үкісі).
- Сұлушаштың шашы қандай?
(Қою қара шашты)
-« Қою қара шашты» деген «шашы қалың» дегенді білдіреді.
- Ол шашын қалай жинап алыпты?
(Қос бұрымды)
- Көздері қандай?
(Қарақат көзді) (қарақат көзді деген қарақат жидегіндей мөлдіреп тұр дегенді білдіреді.)
- Ал Сұлушашымыздың көйлегі қандай? (Бүрмелі, қазақтың ұлттық көйлегі)
Сұлушаштың бөркіне тоқталу.
- Бөрік киімнің қай түріне жатады?

- Бөріктің төбесінде үлпілдеп тұрған несі?
- Бөріктің төбесіндегі үкісі неден жасалады?
Дидактикалақ ойын: «Өз орнына орналастыр»
Мақсаты: Балаларды суретке қарап әңгімелей білуге үйрету.
Үкі – орман құсы.
Үкінің – жүні үлпілдек.
- Енді бәріміз үкінің дыбысын салайықшы.
Сергіту жаттығуы:
«Қуыршақ» өлеңін оқып беру.
Сөйлемейсің сен неге,
Тілін жоқ па, қуырщақ?
Жуынбайсың сен неге,
Кірін жоқ па, қуыршақ?
Аяғың бар ма, сен неге,
Жүре алмайсың, қуыршақ?
Жұмсағанда сен неге,
Тіл алмайсың, қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің,
Аңқаусың ба, қуыршақ?
Бізбен бірге жүрмейсің,
Жалқаусың ба, қуыршақ?
(Р. Тышқанбаев)
«Айнытпай сал» ойыны.
Шарты: қуыршақтың жылаған даусын салу.
Құлыншақтан қуыршақ,
Шауып жүріп құлады.
Салшы даусын, қуыршақ,
Сонда қалай жылады?
Ж. Қалжанова

Тәрбиеші: Ильясова У. М.
Қуыршақ бізде қонақта. жүктеу
4 269
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып қалта
Ғажайып қалта
Сөйлем қарқынын өзгерте білуге үйрету (мысалы: ақырын сөйлеу). Ойыншықтарды күтіп, ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.
Ғажайып қалта (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Ғажайып қалта (дидактикалық ойын) Тілдің дыбыстық мәдениеті.
Диалогтік сөйлеуде сөздерді дұрыс, анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді дауыс интонациясын сақтап, дұрыс айтуға жаттықтыру.
Менің сүйікті ойыншықтарым
Менің сүйікті ойыншықтарым
Балалардың сүйікті ойыншықтары арқылы оларды бауырмалдыққа, мейрімділікке, қамқор болуға дағдыландыру.
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Қуыршақ, бізге қонаққа келді
Үлгі бойынша балалардың ойыншықтарды сипаттай білуі білігін жетілдіру, өз ойын еркін жеткізуге, жаңа сөздерді меңгертуге баулу. Эстетикалық талғамын арттыру. Балаларды ойыншықтарды ұқыпты, таза ұстауға баулу. Бірін - бірі сыйлауға, кішіпейілділікке
Қуыршақтар бізде қонақта
Қуыршақтар бізде қонақта
Қуыршақтың киімдерінің түстері туралы түсінік беру, түстер туралы білімдерін кеңейту, зейінділікті, қол моторикасы мен қимыл үйлесімділігін дамыту. Заттарды топтастыру және салыстыруға үйрету. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Өз аяқ киіміңді таны
Өз аяқ киіміңді таны
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №12 балабақша тәрбиешісі Аманғожина Халима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×