Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қызанақ

08 қараша 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызанақ
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
Білім беру салалары: «Шығармашылық»
Бөлімдері: Сурет салу
Тақырыбы: Қызанақ
Мақсаты:
1. Білімділік: Үлгіге сүйене отырып, дайын пішіндерден бейнелерді сала білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Сурет салу арқылы саусақ моторикаларын дамыту: Бейнелеу техникасы дағдылары мен біліктерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: қызанақтың суреті, муляжы.
Қажетті құралдар: Түрлі - түсті қарындаштар, ақ қағаз, магнитті тақта.
Сөздік жұмыс: көкөніс, қызанақ
Билингвальді компонент: қызанақ - помидор.

Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз - қандаймыз.
Арайлап атқан таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз.
Еш уайымды білмейміз.

Ғажайып сәт.
Есік тарсылы естіледі.
Топқа қуыршақ келіп, балалармен амандасып, оларға көкөністердің суреттерін алып келеді.
Д. О «Бұл қай көкөніс?»
Қуыршақ балаларға қызанақтың суретін салуды ұсынады.

Ұйымдастыру - іздестіру
- Қарындаштарымызды оң қолымызға ұстап, салынған суреттің ішін тегістеп бояймыз. Қарындаштарды бір - бірлеріңе сілтемеу керек, қатты баспау керек. Жұмыс соңында қолдарыңды сүлгімен сүртуді ұмытпау керек.
- Қызанақтың пішіні қандай?
- Түсі қандай?
- Сендер қызанақ жеп көрдіңдер ме?
- Дәмі қандай екен?
- Олай болса қызанақтың суретін салайық, әдемілеп бояйық.
Балаларға қарындаштар мен ақ парақ таратылып беріледі.

Балаларды салған суреттерін бір - біріне көрсетіп мадақтап, тамашалау. Келесі жолы бұдан да жақсы салатынына сендіру.
Сергіту сәті:
Мынау - менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау - басым ақылды.
Бәрін осы басқарған.
Мынау - менің оң қолым,
Мынау - менің сол қолым.
Барлық істі атқарған.
Қызанақ. жүктеу
4 039
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әуе шарлары
Әуе шарлары
Қарындашты үш саусағымен дұрыс ұстап отыруға үйрету. Ирек сызықтар салу дағдысын бекіту.
Күн
Күн
Саусақтарды бояуға малып қағазға ізін түсіріп күннің суретін салу. Балалардың саусақ бұлшықеттерін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Түрлі түсті шарлар
Түрлі түсті шарлар
Балаларды шарлардың түстерімен, пішіндерімен таныстыру. (сары, қызыл көк, жасыл) Сурет салу тәсілдерін үйрету. Берілген бейненің ішін бояуға үйрету. Балалардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту.
«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз»
«Көкөніс» өлеңі Ғ. Өкеев. «Үлкен қарбыз»
Балалардың тілдік қарым - қатынасқа, дұрыс сөйлеу тіліне назар аудара отырып, көкөніс туралы түсініктерін қалыптастыру, оларды дәміне қарай ажыратуға үйрету.
Мысық
Мысық
Орал қаласы, Казталов ауданы, Нұрбалапан бөбекжай балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар Досболатқызы
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Орал қаласы, Казталов ауданы. Балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×