Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандығым - мақтанышым!

10 қараша 2018, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Мамандығым - мақтанышым!
Тәрбиеші - ең алдымен, бала үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз.

Иә, халқымыздың, ата - бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт - дәстүін, әдет - ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.

Мен, тәрбиеші мамандығын таңдамас бұрын, балабақшада басқа маман иесі ретінде жұмыс атқардым. Балабақша өмірі тәрбиешілермен тікелей байланысты екендігі анық. Жұмыс барысында тәрбиешілермен тікелей қарым - қатынаста болғандықтан бұл мамандықтың қаншалықты қиын тұстары бар екенін байқадым. Сонда да, тәрбиеші мамандығына қызығушылығым ауа бастады. Сол себепті тәрбиешілердің ортасында жүріп, осы маман иесі болуға бел будым. Өзім жұмыс істеп жүрген балабақшадағы тәрбиешілерден көптеген тәжірибелер алдым.

Бүгінде осы мамандықтың тізгінін ұстап, талайлардың талабы мен талантын тасытып жүрген тәрбиешілер дүниенің әр бұрышында адамзаттың сауатын ашып, тәжірибелер жасап, зор табыстарға жетуде.
Мен балаларды жанымдай жақсы көрем... Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы...

Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді... Әр бала өзінше бір әлем... Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл... Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қанаты қайырылмайтындай етіп даярлауда емес пе?!
Жасыратыны жоқ, осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп, ал мамандығын өзгертетіндер сирек... Оның себебі, сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байланыстырып қоятындай.

Мен балабақшада тәрбиеші мамандығы бойынша төртінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде, бойым бір серпіліп қалғандай болады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған деген ықыласын, маған ұмтылған үмітке толы көздерін, не нәрсені білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін... Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Ойларым сан түрлі болады: менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу іс - әрекетін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?...
Әрине әрбір оқу іс - әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін.

Тәрбиеші Төлтаева Назерке Өмірзаққызы
Мамандығым - мақтанышым! жүктеу
4 859
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандығым - мақтанышым! (Эссе)
Мамандығым - мақтанышым! (Эссе)
Ұстазға ақ тәж киген патша да, ақ киізге көтерген хан да бас иіп, тағзым еткен.
Менің мамандығым – менің мақтанышым!
Менің мамандығым – менің мақтанышым!
Мамандық – кез - келген адам үшін өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, біліктілікті, өзіндік жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Тәрбиеші болу оңай ма?
Тәрбиеші болу оңай ма?
Тәрбиешілердің ұйымдастырушылық қабілеттерін арттырып, бір – біріне деген сенімділік ахуалын қалыптастыру, ұжым арасындағы қарым-қатынасты дамыту. Кәсібі шеберлігін шыңдап, топтасып жұмыс істеу жүйесін одан әрі жетілдіру.
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандығым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Джаламанова Гүлбаршын Яхупқызы
Мамандығым-мақтанышым
Мамандығым-мақтанышым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №11 «Балапан» балабақшасының тәрбиешісі Өтеген Жарқын
Мамандығым – мақтанышым
Мамандығым – мақтанышым
[right]Қызылорда қаласы, №217 Б. Шалғынбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жақсыбаева Гүлдана Бауыржанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×