Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқы киімдердің түрлері

11 қараша 2018, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Қатынас»
ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Қысқы киімдердің түрлері.
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Дүкеннің макеті, түрлі киімдердің суреттері, қуыршақ, сандық.
Билингвальдық компонент: Қыс - зима, дүкен - магазин, киім - одежда.

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері.
1. Психологиялық сәт:
Балалар сіздердің көңіл - күйлерін қалай?
- Сендер көңілді болғанда не істейсіңдер?
- Ренжігенде ше?
- Қорыққанда?
- Таң қалғанда ше?
- Қуанғанда ше?
- Бүгін қандай күн?
- Ауа райы қандай?
- Жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде қалай киінеміз?

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметімізге қуыршақ Айгүл қонаққа келіп отыр. Ол жай келген жоқ, сандығы толы киімдерімен келіпті.
Сендер мұқият қараңдаршы, Айгүл қандай киімдер киіп келіпті?
- Киімді қай мезгілге сай киген?
- Олай болса балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметіміздің тақырыбы «Қысқы киімдердің түрлері»
– Балалар, Айгүл сендерге бірнеше киімдер ала келіпті. Қазір Айгүлдің сандығын ашып, сендерге ішіндегі киімдерді таныстырамын, мұқият тыңдаймыз.
Сөздік жұмысын жүргізу.
Пима – жүннен басылған қысқы аяқ киім.
Тон – қой терісінен иленген, жылы сырт киім.
Қалпақ - қойдың жүнінен тоқылған.
Қолғап - түйенің жүнінен тоқылған.

«Балаларға арналған киім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Сергіту сәті
Тоңса біздің қолымыз
Қолғапты киіп аламыз
Сарт - сарт - сарт
Шапалақты соғамыз
Тоңса біздің аяғымыз
Етікті киіп аламыз
Топ - топ - топ
Топылдатып билейміз
Қысқы киімдердің түрлері жүктеу
2 654
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, сауалнамалар өткізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Киім және киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету.
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Әр мезгілде киетін киімдерді атай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы №1 Жалпы орта білім беретін мектепте Мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі Абилдиева Гульшат Желдешовна
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау қаласы №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі Мектепалды дайындық тобының жетекшісі Абилова Лиза Әменқызы
Қысқы киімдер
Қысқы киімдер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×