Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қай әріптен басталады?

11 желтоқсан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қай әріптен басталады?
Іс - әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық
- Балалар, мен сендерді балық аулауға шақырамын. Өткен дыбыстар мен әріптерді еске түсіру Балалар балық аулау арқылы өткен дыбыстар мен әріптерді, буындарды еске түсіреді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік
Балалар, құс қанатының дыбысы естілетін сияқты. Қане, тың тыңдап көрейікші.
Аузына хатқалта тістеген көгершін топқа ұшып кіреді.
- Бізге қонаққа не келді, балалар?
- Ол көгершін не әкелді?
Олай болса, мен сендерге жұмбақ жасырғым кеп тұр. Хат туралы қысқаша айта кету
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жүрмейтұғын жолы жоқ.
Қане, бәріміз бірге қайталайықшы жұмақтың шешуін: Хат
- Енді зер салып, мұхият тыңдайық: «Хат». Сөз басында қандай дыбыс естіліп тұр?
- Ендеше, барлығымыз «Х» дыбысын бірге айтайық.
- Қалай дыбысталып тұр?
- Иә, дұрыс айтасыңдар.
Енді «Кім жылдам?» ойынын ойнауға қалай қарайсыңдар?
Ойын шарты: «Х» дыбысы бар сөз ойлап айтады. Көп сөз құраған балаға жалауша береміз және ол жеңімпаз болады.
Мен сендерді тағы да ойын ойнауға шақырамын. «Адасқан әріптер».
Ойын шарты: Мойындарына әріптер ілінген балалар тақта алдында тұрады. Мен бір сөз айтамын. Сендер сол әріптерден сөзді құрап тұруларың керек (құрастырады, оқиды). Үш топқа бөлініп үш сөз жаздырамын: аурухана, кітапхана, хабар.
- Жарайсыңдар балалар!
Ал, енді осы сөздерімізді буынға бөліп көрейікші. «Х» дыбысы сөздің қай буынында келіп тұр?
- Ой, тамаша! Қандай ақылдысыңдар!
- Дауысты дыбыстар екі қадам алға шығыңдар. Қанша дауысты дыбыс бар екен? Сонша рет орнымызда тұрып секіреміз.
Дауыссыз дыбыстар, сендер нешеусіңдер? Сендер де орындарыңда тұрып секіре қойыңдар. Ал, дауыстылар санап тұрайық.
- Сонымен «Х» дыбысы дауыстылар қатарында тұр ма, дауыссыздар қатарында тұр ма?
- Иә, демек «Х» дыбысы дауыссыз дыбыс
- Көгершін
- Хат
Жауабы: Хат
Бәрі бірге: Хат
-«Х»дыбысы
-«Х»- аузымыз сәл ашылып тамақтан шығып тұр.
Қуана келіседі.
Хат, Хамит, дәріхана, асхана, т. б.
Өздері әріп таңдап алып, мойындарына іледі, айтылған сөздің жазып шығады.
Аурухана, кітапхана, хабар.
Ау - ру - ха - на, кі - тап - ха - на, ха - бар.
Балалар берілген нұсқау бойынша қимыл жасайды.
Дауыссыздар қатарында

Рефлексиялық - түзетушілік
- Ал енді бәріміз бірге ән салып, көңілімізді көтерейік. Әуенді қайталау.
Ха - хе - хо - ху - хи - хы - ха,
Ма - ме - мо - му - мы - ми - ма,
Жа - же - жо - жу - жы - жи - жа,
Ба - бе - бо - бу - бы - би - ба.
Аяқтау.
Алақай, шығармашылық ойындар кезеңінде «Кім епті?» ойынын ойнауға уәде беремін.
Оқу құралдарын жинауға көмектесіп жіберіңдерші, балалар. Рахмет, жарайсыңдар!
Балалар көңілдене әуенді қайталайды

Күтілетін нәтижелер:
Біледі: өткен дыбыстарды;
Түсінеді: «Х» дыбысы бар сөзді ойлап табуды;
Меңгереді: «Х»дыбысын анық айтып, сөздерге дыбыстық талдау жасауды;
2 329
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысын дұрыс дыбыстату, әрпін таныту, Б дыбысының айтылу артикуляциясы, Б – дыбысы дауыссыз дыбыс, ол сөздің тек басы мен ортасында кездесетінін, Б – дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға дұрыс бөлуге үйрету.
А дыбысы және әрпі
А дыбысы және әрпі
Баларға өткен сабақты еске түсіре отыра, «А» дыбысымен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Қ дыбысы және әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы, "Балбөбек" балабақшасының І санатты ересектер тобының тәрбиешісі Шукирбаева Гулжан Аманкосовна
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы мен әрпі
Д дыбысы және әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету;
Ш дыбысы
Ш дыбысы
Ақтөбе қаласы, №13 «Бөбек» МДҰ тәрбиешісі: Айткулова А. А.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×