Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Келді міне, Жаңа жыл!

08 қаңтар 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Келді міне, Жаңа жыл! ертеңгілігі
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы түсінік бере отырып, өлең тақпақ айта білуге үйрету. Балалардың ойлау қабілетін дамыта отырып, сұрақтар қойып ойларын бекіту. Мереке кезіне ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Залға кіру (Мултфи үзінді Ну пагади Қоян мен қасқыр)
Қасқыр: Келді тағы жаңа – жыл
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді
Қоян: Ал қанекей балалар
Босқа қарап тұрмайық
Ортаға кеп бәріміз
Би билеп ән шырқайық.
( ән хор Аязата әні)
Қоян: Салем, достым, аман ба?
Шырша құрып алаңға
Жылға шашу шашайық
Тойлап көңіл ашайық.
Қасқыр: Қоян сен тақпақ айтып тұрсың ба? Ха - Ха - Ха Біздің балалар тақпақ айта алады.

Аңсар
Тамаша, тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Гүлім
Жаңа - жыл, жаңа – жыл
Тамаша, тойымыз
Алақай, алақай
Өседі бойымыз.
Нұрхан
Жасыл шырша төрдегі
Дейді бәрің көр мені
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып
Құралай
Ақ таяғын тайынып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ көрпеге оранып
Самир
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міні сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Ғани
Жаңа - жыл. жаңа - жыл.
Жаңа - жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жадында
Бейлеп барлық бала жүр

Кишкенебаева Динара Асқаровна
Атырау қаласы Бірлік ауылы
№33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі
Келді міне, Жаңа жыл! жүктеу
2 244
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік
Жаңа жыл, жаңа жыр ертеңгілік
Балаларға жаңа жыл мерекесі туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен бірлікпен достықпен өткізуге баулу.
Қош келдің, жаңа жыл!
Қош келдің, жаңа жыл!
Балаларға «Жаңа жыл» мерекесін дәстүрлі емес жолмен мерекені өткізуге үйрету. Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау. Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті,
"Қош келдің Жаңа жыл!"
"Қош келдің Жаңа жыл!"
Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық, баршамыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық
Келді міне, Жаңа Жыл
Келді міне, Жаңа Жыл
Ау, жарандар, ал қараңдар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Тым алыстан, Марстан Келіп Аяз атамыз
Сәлем, Жаңа жыл!
Сәлем, Жаңа жыл!
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×