Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көліктер

12 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру. Құрастыру.
Қоршаған орта. (Кіріктірілген оқу қызметі)
Тақырыбы: Көліктер
Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру. Кеңістікте орналасу дағдысын қалыптастыру (оң және сол жақта, ортасында) Геометриялық пішіндер туралы өткенді қайталау. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 5 көлемінде тура және кері санау. Геометриялық пішіндерден заттардың сұлбасын жасауға дағдыландыру. Белсенді орталықтар арқылы балалардың қызығушылықтарын арттыру.
Әдіс - тәсіл: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап
Қолданылатын технологиялар: Ақпаратты Коммуникативтік Технология, «Тәй - Тәй» технологиясы, ойын
Қажетті құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, қалам, ноутбук, электронды оқулық, құрылыс материалдары, әр баланың жеке кітапшасы, ылғалды құм, тас және ойыншық көліктер

Барысы:
- Балалармен және келген қонақтармен сәлемдесемін. Балалардың назарын өзіме аударамын. Балалармен бірге өлең шумақтарын бірге айтамын.
Біз көңілді баламыз,
Шырқап әнге саламыз,
Қонақ келсе қуанып.
Алғыстарын аламыз.
Жарайсыңдар, балалар.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Бүгін аптаның қай күні?
- Кеше, ертең қай күндер болады?
Балалар, сендер жұмбақ шешкенді жақсы көресіңдер ме? Олай болса жұмбақтар шешейік.

Жұмбақтар.
Төрт аяқты тағанды,
Тасиды ол адамды,
Жанармайды құйып ап,
Тез жүріп ол зулайды. (автокөлік)
Мүйізінен ұстап, ап
Айдайды адам абайлап,
Қане балалар, ойланып,
Табыңдаршы бұл қандай ат? (велосипед)
Жұмбақтардың жауабын тақтадан көрсетіледі. Жарайсыңдар, сендер жұмбақтың жауабын дұрыс таптыңдар. Енді қарайықшы көлікте қанша дөңгелек бар?
- Көлікте 4 дөңгелек бар.
- Велосипедте қанша дөңгелек бар?
- Велосипедте 2 дөңгелек бар.
- Бұлардың бәрін көліктер дейміз. Балалар біз пішіндерді білеміз бе?
- Ия, білеміз. Дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш, сопақша, үшбұрыш пішіндер бар.
Осы пішіндерден пойыз вагондарын жасайықшы. Пойызда көліктің бір түрі. Олай болса «Адасқан сандар» ойынын ойнаймыз.
Ойын: «Адасқан сандар»
- Сандарды ретімен қойып тура және кері санаймыз.
- Аңдар қандай түсті пішінді вагондарда отыр?
- Сандардың көршілерін ата.
- Аңдар нешінші вагонда отыр?
- Жарайсыңдар, сендер сиқырлы тақтадағы тапсырмаларды орындадыңдар. Енді дамытушы белсенді орталықтарда жұмыстарымызды одан әрі жалғастырамыз.
Үстел үсті ойын орталығы.
«Жеке кітапшамен жұмыс»
Мақсаты: Жеке кітапша арқылы балалардың берілген тапсырмаларды орындай отырып, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Тапсырмалар: 1) көлікте қанша дөңгелек болса, сонша дөңгелекті боя.
2) Жартылай салынған пішіндерді аяқта.
Құрылыс орталығы.
Тақырыбы: «Гараж»
Мақсаты: Құрылыс материалдарын қолдана отырып, көліктерге қауіпсіз жер гараж құрастыру. Құрастыра отырып ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Құм мен су орталығы
Тақырыбы: «Жолдар»
Мақсаты: Ылғалды құмды қолдана отырып, ені бойынша кең және тар жолдар салу. Жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету.
Белгі бойынша ортаға жинау.
Сергіту сәті
Ауысыммен жұмыс жасау.
/Белсенді орталықтардағы жұмысты жасап болған соң ортаға жинап қандай орталықтарда жұмыс жасағандарын сұраймын./
- Балалар, сендер қызықты есеп шығарғанды жақсы көресіңдер ме? Олай болса ойлау арқылы есептер шығарамыз.
2 - ге 2 - ні қосқанда тең болады 4
- гаражда 5 машина болды. Оның 2 - уі қызыл түсті болса, қалғаны жасыл түсті. Жасыл түсті машина қанша?
- Жарайсыңдар, енді балалар өздерің осылайша есеп құрастырыңдаршы.
Құрылыс орталығында сендер көліктерге қауіпсіз жер гараж жасадыңдар. Көшедегі көлік қозғалысын қай құрылғы реттейді?
- Бағдаршам.
Олай болса Электронды оқулықтан «Қауіпсіздік ережелері» тақырыбындағы
«Жолда жүру ережесі» ойынын ойнайтын боламыз.
- Жарайсыңдар, сендер бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық.
Келген қонақтармен қоштасамыз.
Тәрбиеші: Қайрова Индира Базарқызы
Көліктер жүктеу
Көліктер слайдын жүктеу
3 671
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қызықты пішіндер (Геометриялық пішіндер)
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
2 және 3, және 3 сандарын салыстыру
2 және 3, және 3 сандарын салыстыру
Екі топтағы заттардың тең және тең еместігін анықтауға үйрету. Үшке дейін санау машығын жетілдіру. Затарды шамасына қарай салыстыру дағдысын дамыту. Геометриялық фигуралардың аттарын атай отырып, топтастыруды жалғастыру. Ұсақ қол маторикаларын
Заттар тобын салыстыру
Заттар тобын салыстыру
Балаларды заттарды салыстыруға үйрету. «Қаншалықты артық немесе кем?» деген сұраққа жауап бере алу.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, Үлкен және кіші
Заттарды санына қарай салыстыра алу қабілетін арттыру, бір затпен көп затты бір – бірінен айыра білуге үйрету. Санаудың дұрыс тәсілдерін пайдалана отырып, заттарды санау; солдан оңға қарай санау.
Геометриялық пішіндер
Геометриялық пішіндер
Семей қаласы, №38 мектеп - лицей Шағын орталық тәрбиешісі Нугуманова Айшолпан Ел – Амановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×