Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз.

12 қаңтар 2019, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Тобы:«Ақбота» II кіші
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз.
Мақсаты:
Білімділік: Көкөністердің бақшада өсетіндігін түсіндіру.
Дамытушылық: Көкөністері сезім мүшелері (көру, дәм сезу, сипап көру) арқылы пішінін, дәмін, түсін анықтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа баулу.
Әдіс - тәсілдер: АҚ технологиясы, денсаулықты сақтау технологиясы, ойын технологиясы Көрнекіліктер: Күз мезгілі бейнеленген суреттер, «Суретші нені ауыстырып алды?» суреттерінен қызыл сары және қызғылт түсті ұсақ қиылған қағаздары бар бөтелке, әр балаға жетерлік сабан түтікше, үлестірмелі материалдар.
Үштілділік компонент: күз – осень - autumn, жаңбыр – дождь - rain, жапырақтар – листья - foliage.

Мотивациялық қозғаушы кезеңі
П. И. Чайковскийдің «Күз» әуені ойналады.
Дұрыс. Бүгін бізге қонаққа «Сиқырлы күз» келді. (Күз ханшасымның бейнесі теледидардан көрсетіледі)

Ұйымдастырушылық қозғаушы кезеңі 1. Білімді өзектендіру.
- Балалар, күздің (осень) келгенін қайдан білдіңдер?
- Жапырақтардың қурап түсуі – керемет құбылыс. Күзде жапырақтар сарғайып, жерге түседі. Жапырақтардың жерге қалқып түсуі – әдемі көрініс. Керемет – тамаша.
2. Тыныс алу жаттығулары:
- Кәне, бәріміз бөтелкелерімізде күзгі жапырақтардың қурап түсуін бейнелейік. Балаларға ішінде қызыл, сары қағаздардан жасалған жапырақтары бар бөтелкелерді таратады. Бөтелке аузынан түтікше арқылы үрлеп, жапырақтарды қозғалтады.
3. Билингвальды компонент: күз – осень, жаңбыр – дождь, жапырақтар – листья, құстар – птицы.
Д\ойын: «Күз нышандары»
Балалар «Күз» бізге көп суреттер алып келіпті. Суреттер бір - бірімен араласып кеткен. Осы суреттердің ішінен күз мезгілін білдіретін суреттерді тауып, әңгімелей отырып тақтаға орналастырайық.
4. Психологиялық жаттығу:
- Ал енді, өзіміз жапырақ боламыз.
Біз жапырақпыз,
Біз жапырақпыз.
Жел тұрса шамалы
Жан - жаққа біз ұшамыз!
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Педагог тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.
Д\ойын: «Сиқырлы дорба»
Мақсаты: сиқырлы дорбаның ішіне қолдарын тығып, сипап сезу арқылы ұстап тұрған жеміс, көкөністерінің атын атайды.

Рефлексиялық қозғаушы кезеңі
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды.
- Кім бізге бүгін қонаққа келді?
- Қазір қай жыл мезгілі?
Оны қандай белгілері арқылы білеміз?

Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру.
Қолданады: күз жыл мезгілінің ерекшеліктері.
Меңгереді: тақырып бойынша сұрақтарға жауап бере алу дағдыларын.
Бақшаға біз барамыз, көкөністер аламыз. жүктеу
4 011
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз сыйы. Жемістер мен көкөністер.
Күз мезгілі туралы білімдерін бекіту. Күздің берер сыйы туралы баяндау. Күз қызықтары туралы әңгімелеу.
Берекелі күз!
Берекелі күз!
Балалардың күз туралы түсініктерін молайта отырып, күз мезгілі туралы толық мағлұмат беру. Ойындарда өз күштерін сынап көруге ынталандыру.
Күз келді
Күз келді
Жыл мезгілдерінің ауысу, ерешеліктерімен танысу. Жыл мезгілдеріне деген қызығушылығын арттыру.
Бізге күз не алып келді
Бізге күз не алып келді
Көкөніс және жеміс-жидек туралы балалардың ой - өрісін дамыту және жемістерді топтай білуге үйрету. Табиғаттағы қарапайым маусымдық өзгерістерді байқауға жаттықтыру.
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы, «Балауса» бөбекжай балалар бақшасының тәрбиешісі Бекбосынова Жанат
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №42 бастауыш мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Ержанова Лайла Иманбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×