Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жарқыра шыршамыз, жарқыра!

23 қаңтар 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Жарқыра шыршамыз, жарқыра!

Балалар залға музыкамен кіреді.
Жүргізуші: Жаңа Жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа Жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт шаттық, молшылық әкелсін,
Бәрімізге мына жыл арайлы.

Жүргізуші: Қараңдаршы, қандай әдемі біздің шыршамыз. Қанша ойыншықтар, әдемі жарқыраған шамдар ілінген. Бірақ шамдар жанбай тұр ғой деймін. Неге екен? Қанеки, балалар, шыршамызға арнап ән айтып берейікші. Сонда, мүмкін, ол жанатын болар.
Ән: Біз көңілді баламыз.
Жүргізуші: Балалар біз жаңа жыл мерекесіне келдік. Жаңа жыл мерекесі Аяз атамен Ақшақарсыз қалай өтеді. Балалар мен біреудің даусын естіген сияқтымын.
Ақшақар билеп кіреді.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Біз Аяз - Ата екеуміз сендердің шырша тойыңызға асығып келе жатқан едік. Аяз - Ата жай жүріп, қалып кетті. Сен бара бер, мен жетіп аламын деген. Балалар күтіп қалды ғой деп. Ал, мейрамдарыңыз көңілді өтіп жатыр ма?
Балалар: иә
Ақшақар: Балалар кәне бәріміз Аяз атаны шақырайық.
Балалар: Аяз ата, Аяз ата
Ақшақар: Балалар Аяз ата адасып қалған болар. Мынау кімнің үйшігі екен.
Үйшіктен аю шығады.
Аю: Бұл кім мені оятқан? Бұл жерде не болып жатыр өзі?
Ақшақар: кешір мені аю. Мен аяз атаны іздеп жүрмін.
Аю: Сен маған келген екенсін, енді сен менімен тұрасын. Маған тамақ пісіресін, су тасисын.
Ақшақар: Жоқ маған Аяз атаны табу керек, оны балалар тосып отыр.
Аю: Мен сені ешқайда жібермеймін. Екеуміз жаңа жылды бірге тойлаймыз. Қазір кішкентай гномдарды шақырайық, олар бізге билеп береді.
Би: Гномдар
Билейтіндер: Әмір, Али, Иманәлі, Қайсар, Ислам, Жүсіп.
Ақшақар: - Балалар мен аюды қалай алдасам екен.
- Аю мен балаларға тәтті тоқаш пісіріп әкелейін. Ал сен байқа тоқаштарымды жеп қоймай бәрін балаларға беретін бол.
Аю: Жарайды мен орманға барып ағаш жарып әкелейін.
Ақшақар: Мен мына жәшіктің ішіне тығылып қалайын, ал тоқаштарымды басыма қоямын. Мен болсам үлкенмін, ал мынау жәшік кішкентай, енді қалай сиямын. Таптым менде сиқырлы таяқшам бар. Бірақ ол үшін кішкентай ақшақарлармен мен билеуім керек. Сонда мен кішкентай ақшақарлар сиқты кішкентай болып қаламын.
Менің әсем ұлпаларым,
Маған ұшып келеді
Таң қалдырып өнеріне
Бәрі билеп береді.
Би: Ақшақарлар биі
Жүргізуші: Балалар қараңдар ақшақар кішкентай болып кетіпті. Тез оны тез жәшікке салып қояық, аю көріп қоймасың.
Аю: Ақшақар тоқаш пісіріп қойыпты ғой. Мен оны балаларға апарайын. (Шыршаны айналады)
Мен шаршап қалдым, кішкене дем алайын.(аю тоқаштарымды жеп қойма, мен саған қарап тұрамын) Ақшақардың көзі жақсы көреді екен, мен тоқаштарды жемеймін. Жоқ жол алыс екен, мен кішкене ұйықтап алайын. Менің тоқаштарымды құстар жеп қоймау үшін мен жемсалғышқа жем салып қояйын.
Ойын: Аю мен құстар
Аю: Қараңғы батып кетті. Мен енді жолды таба алмаймын, тоқашымды апара алмаймын.
Көмектесіңдер Аяз ата, Аяз ата ауу Естимісің мен сені шақырып жатырмын.
Аяз ата: Естимін, естимін, мен келе жатырмын.
Аяз - Ата: Амансыңдар ма, балаларым?
Амансыңдар ма, қыздарым.
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Шаршап келдім алыстан,
Өздеріңе оралдым.
Бар сыйлығым жоралғым,
Керемет бір ән тыңдап,
Келіп тұр - ау демалғым.

Құрманғазы ауданы, Жыланды селосы
Д. Нүрпейсова атындағы жалпы орта мектебі
Шағын орталық тәрбиесіші Гилажова Самал Мауфиховна
Жарқыра шыршамыз, жарқыра! жүктеу
2 455
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жыл жаңа бақыт
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы, Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды. Жаңа жылмен құттықтаймын бәрінді, Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық, Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Кел, кел, жаңа жыл
Кел, кел, жаңа жыл
І сәбилер «Балапан» тобы «Кел, кел, жаңа жыл» атты ертеңгіліктің сценарийі Зал мерекеге сай безендірілген. Ортада әсем шырша. Музыкамен балалар залға кіреді.
Келді міне, Жаңа жыл
Келді міне, Жаңа жыл
Тамаша сый алып, Келді Аяз атамыз. Шаттанып, қуанып Шырқап ән айтамыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×