Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көгалдағы балапан

28 ақпан 2019, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ашық сабақ
Тақырыбы: Көгалдағы балапан
Білім саласы: Жапсыру сабағы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлім: Жапсыру

Тақырып: Көгалдағы балапан
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Үлпілдек жүнді балапан» жапсырып үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Тәрбиелігі: Балаларды зерделікке, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Балалардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық ойлауын дамыту.
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу
Құрал – жабдықтар: желім, қыл қалам, желім қоюға арналған ыдыс, қағаз қалдықтарын салатын қорап, таза шүберек, баспа қағаздары, мақта.
Сөздік жұмыс: Көгал, балапан, сары, мамық.
Билингвалды компонент: Балапан – цыпленок, сары – желтый.
Көрнекіліктер: суреттер, ойыншық балапан.

Сабақ кезеңдері
1. Ой қозғайтын себептер
Ізденіс ұжымдық бөлім
Шаттық шеңбері
Армысың алтын күн!
Армысың Жер ана!
Армысың достарым,(балалар бірін бірі құшақтайды)
Армысың балабақшам!
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп, бас иеміз біз!
Балаларға допты беріп, жыл мезгіліне байланысты сұрақтар қою.
Қазір қандай жыл мезгілі?(қыс)
Қыс мезгілінің қандай айы?(ақпан)
Қыс мезгілінен кейін жылдың қай мезгілі?(көктем)
Аптада неше күн бар?(бір аптада бес күн бар)
Қазір аптаның қай күні?(бейсенбі)
Балалар мен жолда келе жатып бір қорап тауып алдым. Бұл қораптың ішін ашып көрейік. Қораптың ішінде жұмбақтар бар екен.

Жұмбақ: Өзі сары, өзі мамық
Тауықтың баласы
Оның аты... (Балапан)
Бұл ненің дауысы? (Тауықтың) Балалар бізге қонаққа тауық келді. Тауық балапандарын жоғалтып алыпты. Олай болса тауыққа балапандарын табуға көмектесеміз бе?
Енді біз, қағаздың бетіне көгалдағы балапанды жапсырайық.

Жұмыс істеу барысы:
1. Балалар, бірінші мақтамен балапанның астыңғы, үстіңгі бөлігін жапсырамыз.
2. Енді балапанның тұмсығын, көзін, айдарын жапсырамыз.
3. Жасыл түсті қағазды кішкентай бөлшектерге бөлеміз Ол бізде шөп болады.
Қорытынды:
Балалардың жұмысын бағалау.
Балалар бүгін бізге қонаққа не келді? Балапанның түсі қандай?
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Несімен ұнады?

Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Жапсырмалау тәсілдерін, умаждау, жырту арқылы балапан бейнесін жасай білуді.
Игеру тиіс: Топпен жұмыс, композиция жасай білуді.
Дайындаған: тәрбиеші Дангарина А. М.
Көгалдағы балапан жүктеу
2 901
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларды коллаж жанрымен таныстыруды жалғастыру үй құстарының тіршіліктері туралы түсініктерін кеңейту.
Тауық пен балапан
Тауық пен балапан
Жеке бөлшектерді біріктіре отырып, тауықтың балапанын мүсіндеуді үйрету; қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамдарын және тілдерін дамыту
Ғажайып математика
Ғажайып математика
Ақ балапан Сары балапан Шұбар балапан Қара балапан Барлығы неше балапан?
Санамақтар
Санамақтар
Бір балапан ұяда, Бір балапан қияда... Екеу болды есебі, Қалды ұяда нешеуі?
Көгалдағы балапан
Көгалдағы балапан
Балаларға жапсырмалау туралы түсінік беру және жапсырмалар жасап үйрету, балалардың қол моторикасын, қиялын дамыту. «Көгалдағы балапан» жапсырып үйрету, жырту әдісін қолдана білуге үйрету. Сюжеттік композиция құра білуге үйрету.
Жапсырмалау
Жапсырмалау
Зырян қаласының № 9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Серғазина Ақерке Алтайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×