Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С дыбысы және әрпі

15 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы
«Балапан» балабақшасының әдіскері А.Килибаева

Топ: Ересектер
Оқу іс-әрекетінің түрі: Сауат ашу

Тақырыбы: С дыбысы және әрпі
Мақсаты. С дыбысын дауыстап айта білуге, дыбысты әріппен сәйкестендіруге, әріпті ауада және үрмебұршақпен жазуға, «С» дыбысының орнын («сиқырлы сандықша» до арқылы) анықтауға, «С» әрпі бар сөздерді (схема бойынша) оқуға үйрету. С дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөлуге, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату дағдыларын жетілдіру.

Фонематикалық есту қабілетін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту («Казлото» ойыны арқылы). Байланыстырып сөйлеу тілін жетілдіру (дидактикалық ойын «сиқырлы сандықша»). Сөз қорын молайту (С әрпіне ұқсайтын заттар (таға, орақ)). Ұсақ мотороикасын с әрпін үрмебұршақпен жазу арқылы дамыту.

Сұраққа толық жауап беруге, достарын тыңдауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Заттық суреттер (арыстан, жылан, қасқыр, автобус, ұшақ, таға, орақ), кілт, сандықша, қоржын, сан бейнеленген тастар, үрмебұршақ, «Казлото» дойынына лото билеттері.
Техникалық құрал: үнтаспа
Сөздік жұмыс: мекендейді, бауырмен жорғалайды, таға.

Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
1. - Кәне, балалар шеңбер жасап тұрайық! - Кәзір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілін сипаттап айтып беріндерші! * Кәзір жылдың қыс мезігілі * Қыс мезігілінде күн суық болады. * Қалың киімдер
- Дала суық, тоңып қалады екенбіз, иә! - Ендеше балалар, мына жүректі бір – бірімізге ұсынып жылы лебіздер айтайық. Әрқашанда күніміз шуақты, арайлы болсын!
2. - Балалар, біз қандай әріптерді білеміз? Кәне, тақтаға шығып көрсетіңдерші! киеміз -Үлкен азамат болып өсейік - беспен оқы Тақтаға шығып, ұяшықтарын көрсетеді.
Ұйымдастыру - іздену
3. - Балалар, мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын ал сендер мұқият тыңдап, жауабын табыңдар. - Бауырымен жорғалайды, Ссс етіп шағады. Кәне кім айтады бұл не? - Мынау не? (суретін көрсету)
Сөздік жұмыс - Балалар, ал сендер білесіңдер ме, жылан бауырымен жорғалаушы. Яғни, жыланың аяқтары болмағандықтан олар бауырымен жорғалайды. Сонымен қатар, құрттарда жорғалайды.
- Жылан қалай дауыс шығарады?
-С сс. қандай дыбыс?
- С дыбысы неге дауыссыз?
- Қандай текшемен белгілейміз?
- жарайсыңдар!
- Балалар, мынау С дыбысының таңбасымен танысамыз, міне ал оның ұясы мұнда.
- Балалар, С дыбысы неге ұқсайды?
- Суретке қараңдаршы, с дыбысы неге ұқсайды екен тағы да. Иә, ораққа, тағаға ұқсайды екен.
- Жылан * ССС.* Дауыссыз * Себебі кедергі ұшырап айтылады.
*Қызыл текшемен белгілейміз * Дөңгелектің жартысына * Күннің жартысына * Айға ұқсайды

- Ал енді, балалар с дыбысын ауада жазып үйренейік. Нүкте қойып, сол жаққа қарай төмен доға жасаймыз.
- Балалар, енді с әріпін алдарындағы асбұршақпен жазайық.

4. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
- Балалар, мен сендерге дауысты және дауыссыз дыбыстарды айтамын, ал сендер дауыссыз дыбыстарды естігенде көк, ал дауысты дыбыстарды естігенде қызыл текшені көтересіңдер.

5. Дыбысты сөздерде дұрыс айтуға машықтандыру. Балалар, тақтаға қараңдаршы! С әріпі бар сөздерді оқып үйренейік. Ба Қа Та, Са
6. Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
- Балалар, кәзір «Казлото» ойының ойнаймыз. Яғни, мен сендерге билет таратып беремін, маған бір бала керек. Ол мына дорбадан тастарды алады, онда сан берілген. Дорбадан алынған тастағы сан сендердің билеттерінде бар болса, санды билеттен аласыңдар. Қоржындағы тастарды әуен біткен кезде бірақ алады. Ол уақытта қоржындағы тастарды араластырамыз.

- Балалар, қай сөз шықты? (арыстан
- Арыстан жабайы жануар, ол орманда, таулы аймақтарда мекендейді. Міне мынау (суретін көрсету). Балалар, арыстан сөзіне дыбыстық талдау жасайық. Кім шығады?
- арыстан сөзінде неше дыбыс бар? Іс-әрекетті орындайды * Бас * Қас * Тас Арыстан
- Неше дауысты дыбыс бар?
- неше дауыссыз дыбыс бар?
- Ережені айтшы?
- Буынға бөлейік, неше буын бар екен?
- Енді, әріптермен сәйкестендір.
- Балалар, енді осы сөзбен сөйлем құрастырып көріңдерші! Арыстан сөзінде жеті дыбыс бар Үш дауысты дыбыс бар Үш дауыссыз дыбыс бар Бір сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Арыстан сөзінде үш буын бар Мен хайуанаттар бағында арыстанды көрдім.

Рефлексивтік - түзетушілік
7. Дидактикалық ойын. «Сиқырлы сандықша».
- Балалар, мынау не?
- Сандықшаның ішінде не бар екен? Кәне, көрейікші! Кім шығады?
- Сен не алдың?
Қасқыр сөзінде с дыбысы бар ма? Сөздің қай жерінде тұр? Сөздің ортасында
- Ал, сен не алдың? (Автобус) * Бұл сөзде с дыбысы бар ма? Сөздің соңында
- Ұшақ сөзінде с дыбысы бар ма? жоқ
- Балалар, сиқырлы сандықшада сиқырлы кілт бар екен. Кілт сөзінде с дыбысы бар ма? жоқ
- Бұл алтын кілтті сендерге сиқырлы сандықша сыйға берді. Сендер оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатысқандарын үшін.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Дыбыстық талдау-жинақтауды, ережені.
Нені игереді: С дыбысының артикуляциясын дұрыс айту; С дыбыс бар сөзге дыбыстық талдау - жинақтау; С дыбысы бар сөздерді оқу;
Нені біледі: Дыбыстарды таңбасымен сәйкестендіреді; Әріптерді қосып оқу; Буынға бөлу; 2-5 сөзден сөйлем құрау;Сұрақтарға толық жауап беру;
9 129
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысының артикуляциялық ерекшеліктерін түсіндіру, айтылу ерекшеліктерін қалыптастыру. Ұ дыбысын дауыстап дұрыс айтуға үйрету.
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әрпі
Ғ дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Ғ дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасауға, буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау
Ш дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасау
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Балапан" балабақшасының әдіскері Айнур Мухтаровна
Ұ дыбысы мен әрпі
Ұ дыбысы мен әрпі
«Балапан» балабақшасының әдіскері А.Килибаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×