Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Торғай мен мысық

17 мам 2019, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тобы: «Балақай» І кіші
Білім беру саласы: Коммуникация
Тақырыбы: Торғай мен мысық
Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: көркем әдебиет
Мақсаты: Балаларға өлеңді есте сақтауға, тәрбиешіден кейін қайталауға үйрету. Сөйлеу мәнері мен дауыс ырғағының көркемдігін қалыптастыру.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: Сурет бойынша жұмыс
Қажетті көрнекі құралдар: торғай мен мысық суреттері
Сөздік жұмыс: торғай мысық

Мотивациялық қозғаушы
Сәлеметсіздер ма балалар!
Шаттық шеңбері!
Арайлап таң атты, алтын сәуле таратты!
Жарқырайды күніміз, жарқырайды қаламыз.
Қайырлы таң достарым, қайырлы таң апайлар.
Жұмбақ:
Күн жылынып, қар еріп.
Сай - саладан су ағып.
Ағаштар бүршік атып, жер көгеріп.
Құстар ұшып келетін,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кез деп ойлаймыз!
Дұрыс, балалар қазір көктем мезгілі екен.

Іздену ұйымдастырушы
Ал ендеше айтыңдаршы көктемде алғаш жер бетіне қандай гүлдер өсіп шығады?
Балалар көктемде жылы жақтан қандай құстар ұшып келеді?
Ендеше мен сендерге торғай туралы мәлімет айтып, әңгімелеп бергім келеді.
Сендер қандай құстарды білесіңдер?
Тақпақ «Торғай»
Айтыңдаршы балалар торғай қайда мекен ететін құс?
Енді мен сендерді мысықпен таныстырғым келеді
Мысық үй жануары ма, әлде дала жануары ма?
Балалар мысық қандай тамақ ішеді?

Сергіту сәті:
Мысық сүтке тояды,
Қарнын сипап қояды.
Жүрісі оның баяу,
Деді мысық мияу - мияу.

Балалар біздер бүгін торғай құсы мен мысық үй жануары туралы әңгіме құрып, тақпақтар айттық
Ендеше, балалар бүгінгі оқу қызметінде біздер, ақын
Ертай Ашықбаев ағамыздың «Торғай мен мысық» өлеңін айтып үйренеміз.
Өлең:
Жем шоқыған торғайға,
Көзі бірден түсіп.
«Бұл әдемі ас болмай ма?»
Қадам басты мысық.
Бір, екі, үш.
Торғай, торғай ұш!
- Торғай нені шоқыды?
- Мысық не істемек болды?
Торғай мен мысықты қағаздан құрастыру.
Торғай мен мысық жүктеу
6 247
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Құстар туралы түсініктерін қалыптастырып, жер теліміндегі ағашқа қонған құстарды бақылап, қандай құс екенін ажырата білуге үйретіп, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Көктем келді
Көктем келді
Балалар, көктемде күн шуағын шашады, қар ериді, жерге жасыл шөптер шығады, түрлі гүлдер өседі, ағаштар бүршік жарады, бұтақтарға жапырақтар шығады, ағаштар жасыл желекке оранады, құстар жылы жаққа ұшып келеді, құстар ұя салады және жұмыртқалайды,
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
1-ден 5-ке дейін тура және кері санау
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт - Шевченко қаласы, «Айгөлек» балабақшасы тәрбиешісі Алипкалиева Тажигуль Ибраевна
Көктем келді
Көктем келді
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Құмқұдық ауылы, «Ақбота» мектепке дейінгі ұйымының тәрбиешісі Орынбекова Жания Куанышбековна
Көктем келбеті
Көктем келбеті
Атырау облысы, Атырау қаласы, Еркінқала мектебінің мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі Амирова Гүлбаршын Қадірліқызы
Үй құстары
Үй құстары
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Балдырған» балабақшасы тәрбиешісі Аймуханова Нурбике Сагынжановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×