Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыстап қалатын құстар

19 мам 2019, Жексенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Білім аймақтары: «Таным»
Бөлімдері: Жаратылыстану
Оқу іс - әрекетінің арасындағы байланыс: «Коммуникация»- Сөйлеуді дамыту, «Денсаулық»Дене шынықтыру
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Мақсаты: Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар туралы тақпақ, мақал - мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тіл байлығын арттыру. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар, көрнекіліктер: суреттер
Сөздік жұмысы: құстар

Мотивациялық қозғаушы
Шаттық шеңбері
Кел балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік
Күлкі көңіл ашады.
Күліп өмір сүрейік!

Ұйымдастыру - іздестіру
Кіріспе бөлім:
Қыс туралы әңгімелеу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс екенін қайдан білдіңдер?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар! Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады.
Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалады.
- Балалар, енді мен сендерге Т. Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін айтып берейін.
Әңгімені талдау.
- Балалар, әңгіме не туралы?
- «Қайтпай қалған қарлығаш» деп неге аталған?
- Ол неге жылы жаққа ұша алмай қалды?
Тосын сый (Осы кезде есік қағылады)
- Балалар, біреу есік қағып тұр, тыңдаңдаршы. Көрейік, кім келді екен? Балалар, бізге Ақшақар қонаққа келіпті.
Ақшақар:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен орманнан келдім. Менің құстарым орманнан ұшып кетті, соларды ұстауға көмектесулеріңді сұраймын.
- Балалар, біз Ақшақарға көмектесейік. Ақшақардан орманда қандай құстар қыстап қалатынын біліп алайық.
- Ол үшін ойын ойнайық. Ал, балалар, ойнайық, Ойнайық та, ойлайық. Қандай жұмбақ болса да, Шешпей оны қоймайық.

Жұмбақтар
Қонып алып жарға,
Қарқылдайды (қарға)
Өзі сақ, өзі ұзын,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,
Бұл қандай құс (сауысқан)
Енді, келесі құстар туралы білу үшін тақпақтар айтамыз (Торғай, үкі, тоқылдақ туралы)
Айтылған құстар суреттерін «жемсауыт» артына жапсырылған магнитті тақтаға қондыру.

Сергіту сәті.
Қарға біздің қар, қар,
Сауысқаны саңқ, саңқ.
Торғайларым шиқ, шиқ,
Жапалағым ух, ух.
Көкек көкек, көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, құстар орманнан біздерге неге ұшып келді?
- Олай болса, балалар, біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Оларға жем берейік. Ол үшін мына кітаптағы суреттерге қарап, қыстап қалатын құстың атын қай бала дұрыс айтса, сол бала құстарға келіп жем шашады.
- Құстардың ұясын бұзуға, таспен атуға болмайды. Құстарға қамқорлық жасау қажет! Балалар сендер маған құстарымды табуға көмектескендеріңе рахмет.
- Жақсы, балалар, сендер құстар туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Менің сендерге орманнан алып келген сыйлығым бар.
(Қарағайдың жаңғақтарын алып балаларға таратады)
Балалармен сөздік жұмысын жүргіземін
Қозғалмалы ойын «Ұшты - ұшты»

Рефлексивті - түзетушілік Балалар біз бүгін не үйрендік?
Балалар сендерге ойын ұнады ма?
Қыстап қалатын құстарды атайықшы.
Құстарға қалай қамқорлық жасауымыз керек?
Қыстап қалатын құстар жүктеу
2 297
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Жыл құстары
Жыл құстары
Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Жамангарина Мейрамгуль Айтказиевна №134 "Гауһар" балабақшасының тәрбиешісі
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
ШҚО, Аягөз қаласы қалалық қазақ мектеп – гимназиясы Садуакасова Гульназ Серікжанқызы Мақсаты: 1. Балалардың қыстап қалатын құстарды атап, олар жайлы түсініктерді кеңейту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×