Білімділер поралы

Ана тілім - байлығым

№ 11 «Қызғалдақ» тобының тәрбиешісі Б. Л. Джусибалиева
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Ана тілім - байлығым
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға ана тілі туралы түсінік беру, білімдерін жетілдіру. Мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрі, діні мен тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Дамытушылық: Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ой орісін, сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік: Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздерінің және елбасының суреттері.

Мотивациялық - қозғаушы
Шаттық шеңбері
– Балалар, қараңдаршы, бүгінгі ерекше күн. Бүгін бізге көптеген қонақтар келген екен, қане шаттық шеңберін құрып, жақсы тілегімізді айтайық.

Іздену - ұйымдастырушы
Балалар орындарымызға отырамыз.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Күз мезгілі екенін қалай білуге болады?
- Бір аптада неше күн бар?
Өткен оқу іс – әрекетін естеріне түсіріп көрейікші.
Ия балалар күз туралы тақпақ жаттаған болатынбыз, кәне кім маған осы қүз туралы тақпақ айтып береді?

Балалар мен сендерге өлең шумақтарын оқып беремін, сендер мені мұқият тыңдап отырыңдар.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық,
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.
Балалар өлең шумақтары не туралы?
- Дұрыс тіл туралы, олай болса бүгінгі
біздің оқу іс – әрекетіміздің тақырыбы: «Ана тілім - байлығым» деп аталады.
Ана тілім – дана тілім, айбарлым
Сырың терең, тұнығындай қайнардың
Ана тілім – қасиетім, қастерлім
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын, – деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасырлық тарихи бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Ана тілім - байлығым» атты тақырыптық оқу іс - әрекетімізді бастаймыз.
- Балалар қандай мерекені атап өтеміз?
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1998 жылға 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықаралық тілдер күні» ретінде аталып келеді. Қәне, балалар осы тіл мерекесіне ән – жыр тақпақтарымызды арнайық.
Әнұран орындалады.
- Балалар біз күннің екінші жартысында тіл туралы тақпақтар жаттаған болатынбыз, қане кім тіл туралы тақпақ айтып береді?
Ана тілім - байлығым жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 60
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 60
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика