Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Кім күшті?» ертегісін сахналау

07 маусым 2019, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің
технологиялық картасы
«Кім күшті?» ертегісін сахналау
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: «Сөйлеуді дамыту»
Мақсаты: Тақырып мазмұнын меңгерту. Балалардың қызығушылығын арттыру, тіл байлығын, ой өрісін дамыту, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Ертегіні қызығушылықпен және мұқият тыңдауға үйрету. Актерлық шеберлігін, сапасын дамыту.
Сөздік жұмыс: мылтық, жер, мұз.
Билингвалды компонент: шөп - трава - grass, қасқыр - волк - wolf, мұз - лед - iсe
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: түсіндіру, сұрақ - жауап, бақылау.

Мотивациялық қозғаушылық
Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Көңіл - күйлерің қалай?
- Балалар, тыңдаңдаршы, құстың дауысы естілуде.
- Ой, балалар, бізге қонаққа тотықұс келіпті. Оның сендерге арналған хаты бар екен.
- Балалар хатты ашып оқимыз ба?

Хатта жұмбақ жасырылыпты. шешуге әзірміз ба?

Ұйымдастырушылық - ізденістік
- Біз қонаққа бармас бұрын, бұл хат қай ертегіден екенін табуымыз керек.
Біз жұмақтарды шешуіміз керек.
Ол бізге көмек.
(Конверттен жұмбақтары бар карточканы алу).
Жұмбақтар.
1. Көлге жапқан қақпақ,
Сіресіп тұр,
Қатты - ақ.
2. Мысықтан бұл қорқады,
Бұдан піл қорқады.

3. Аласа ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
- Жарайсындар, балалар сендер жұмбақтардың жауабын дұрыс таптыңдар.
- Балалар ойланып көріндерші бұл табиғи құбылыстар мен кейіпкерлер қай ертегіде кездеседі?

- Дұрыс, бұл кейіпкерлердің бәрі «Кім күшті» ертегісінде кездеседі.
Кім күшті?» ертегісін сахналау.
Автор: Ерте, ерте, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен.
Қырғауылы қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен.
Қырғауылы қырқылдап,
Жалтыр мұзға сыртылдап,
Алшая келіп қоныпты,
Шаты айрылып қалыпты.
Қисая жатып қырғауыл
Сонда мұздан сұрапты:
Қырғауыл: - Лед, лед как ты стал сильным?
Мұз: - Если бы я был сильным, то дождь меня не победил бы.
Қырғауыл:- Дождь, дождь, как ты стал сильным?
Жаңбыр: - Я бы не дал себя проглотить земле.
Қырғауыл: - Земля, земля, как ты стал сильным?
Жер: - Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім.
Қырғауыл:- Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың?
Көк шөп: - Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді.
Қырғауыл:- Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?
Көк тоқты: - Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім.
Қырғауыл:- Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?
Қасқыр:- Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды ойдырмас едім.
Қырғауыл:- Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың?
Көк мылтық:- Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім.
Қырғауыл:- Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?
Тышқан: - Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.
Қырғауыл:- Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?
Құмырсқа: - Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, - деген екен құмырсқа.
Балалар, ертегіні рөлге бөліп ойнаған сендерге ұнады ма?
Сергіту сәті

- Балалар, денеміз сергіп алса, әрі қарай бізді белсенділік орталықтарында жұмыс күтіп тұр. Орындаймыз ба?
1. Өнер орталығы
Бұл орталықта мақта оратылған таяқшаның көмегімен жаңбыр тамшыларының суретін саламыз.
2. Әдебиет орталығы
Бұл орталықта балалар «Қасқыр» туралы тақпақты жаттайды
Қасқыр орманда жортады
Аяздан ол қорқады
Аспанға қарап ұлиды
Ауылда малды ториды
3. Зерттеу орталығы
Бұл орталықтар балалар мұзды, суды, шөпті зерттейді.
Ойын.
Тақырыбы: «Көңіл күй»
Мақсаты: таратылып берілген қысқыштар арқылы сендер тақтада тұрған әртүрлі смайликтердің біріне қыстырғыштарыңды қыстыру керексіңдер.
«Кім күшті?» ертегісін сахналау. жүктеу
9 706
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қоянға арналған баспалдақ.
Қоянға арналған баспалдақ.
Қоянға арналған баспалдақ. Қағаз бетіне бағдарлай білуді үйрету.
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана өлеңі Ермек Өтетілеуұлы
Астана қаласы туралы түсініктерін кеңейту, Астана өлеңнің мазмұнын түсініп тыңдау үйрету.
Қысқы киімдердің түрлері
Қысқы киімдердің түрлері
Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Ойын ойнау арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту. Киімді ұқыпты, таза киюге тәрбиелеу.
Маша мен аю
Маша мен аю
Балаларды таныс ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге, таныс ертегілер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету. Театр жанрларын меңгерту. Дамытушылық: Балалардың есте сақтау, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Ертегілер еліне саяхат
Ертегілер еліне саяхат
Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің мінез - құлқын жеткізе білуге үйрету. Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету.
Мақтаншақ қоян ертегісі. Драма
Мақтаншақ қоян ертегісі. Драма
«Мақтаншақ қоян» ертегісі (киілмелі қуыршақ театры) Мақсаты: кейіпкерлердің ерекшеліктерін беру үшін, мəнерлілік құралдарын қолдана білу дағдыларын қалыптастыру, ертегінің мазмұнын түсініп, кейіпкерлерге мінездеме бере білуге үйрету, кейіпкерлердің
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×