Білімділер поралы

Балабақшада балаларға арналған тақпақтар

Балабақшада балаларға арналған тақпақтар
Сиқырлы светофор

Кереметі керемет,
Үш көзі бар алып бір.
Сиқыр сәуле себелеп,
Түрлі түспен жанып тұр,
Жолдың қиылысына
Орнатты оны апарып.
Жанады ол, Тұсына
Барса көлік тақалып.
Светофор бәріне,
Бағыт сілтеп тұрады.
Мінеді ол кәріне,
Жанса қызыл шырағы.
Қыбырлатпай бір адым,
Көліктерді топтайды.
Жарты минут ұлы ағын
Тыныстайды, тоқтайды.
Сары көзі жанғанда –
Шоферға ең керегі:
«Қозғалуға қамдан да,
Дайын тұрғын» дегені.
Жасыл көзі жанғанда,
Ең үлкені төменгі:
«Еш нәрсеге алданба,
Тура жүргін» дегені.

Оң жақ жасыл жанғанда,
«Оңға бұрыл» дегені.
Сол жақ жасыл жанғанда,
«Солға бұрыл» дегені.
Светофор тіліне,
Бағынбауға болмайды.
Тас қып байлап түбіне,
Жазалайды ондайды.
Шофер қаумы бүгінде,
Жол тәртібін біледі.
Светофор түбінде,
Ережемен жүреді.

Жаңбыр
Аспанда бұлт түйілді,
Жерде ойнатты құйынды
Табиғат отпен қол қойып,
Ақырып бұлтқа бұйырды
Жу егінді, бақшаны!
Көшедегі бас шаңды
Бұлт бұйрықтан аспады
Жаңбыр жауа бастады.

Көктем тойын бастады
Төнді балқып күн қызып,
Жылу алды көктен жер
Қардың астын су бұзып,
Есті жылы өкпек жел.
Күннен тұңғыш қызу ап,
Илеу бетін ашқаны,
Құмырсқалар құжынап
Көктем тойын бастады

Қарағай
Жаз жасылға оранған
Қыс та ән қосқан дауылға
Бір қарағай орманнан
Әкелінді ауылға.
Тақтай етіп тілді де,
Жонды ұста сүргілеп.
Төрімде енді тұр міне
Шкаф болып сырлы көк
Достарынан бақытты,
Өкіліндей орманның.
Құшағына алыпты
Көсемдердің томдарын

Тоқылдақ
Терезенің алдында
Терек жайды жапырақ,
Сау ма терек, ауру ма?
Қарап өтті тоқылдақ.
Морзе әліппесіндей
Құлағыма үн келді,
Ағаш оңай тесілмей
Шоқып берді бір жерді.
Көрдім де құрт жеп жатқанын
Шошыр деп жақын келмедім,
Сүйсініп менің айтқаным
Құтты болсын еңбегің!

Торғайлар
Қыс ортасы. Қар қалың.
Кей күні боран ақырып,
Түк көрсетпес, кей күні
Ақша қарын сапырып.
Жүні үрпиген торғайлар
Бүрісіп үн шығармай,
Қораларға тығылды,
Далаға еркін шыға алмай.
Ұйықтап тұрсақ бір күні
Боран, жел жоқ тып - тынық,
Тамшы ақты, қар еріп,
Жадырап тұр күн күліп.
У - шу болды торғайлар:
Келді – деп көктем тағы да.
Ұшып - қонып топталып
Шыйқылдасты жабыла.
Тұрғандай - ақ қыс естіп,
Қарды қайта қатырды.
Ішін тартып ақ боран
Жатыңдар, деп ақырды.
– Бізде жоқ қой календарь,
Деп екініп, қарасып,
Жүні үрпиген торғайлар
Жым - жырт болды, тарасып.

Ара
Терезе алды құлпырды
Қызыл, сары, көкала,
Шешек атты гүл түрлі,
Үйір болды көп ара.
Қызыға қарап тұрғанда
Шағып алды басымнан
Еңбекшіні қуам ба
Балын бізге тасыған!
Балабақшада балаларға арналған тақпақтар. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Өмір, қымбатсың маған!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • nurislam0
    Жазған: nurislam0
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • raya94
    Жазған: raya94
    Мына жаңалықта: Ақша. Монета
  • jupar
    Жазған: jupar
  • Dulat90
    Жазған: Dulat90
    Мына жаңалықта: Биологиядан тест
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 17
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 17
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика