Қазақстанның
білім беру порталы.

Көңілді алақандар

27 шілде 2019, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Музыкалық ойын - сауық: «Көңілді алақандар»

Өткізілетін орны: Балабақша ауласы
Мақсаты: Балаларға ойын ойнатып, билетіп, ән айтқыза отырып, мерекелік көңіл - күй сыйлау. Белгілі бір ойын шартын орындау дағдыларын шыңдау. Әр баланың қимыл - қозғалыс белсенділігін арттыру. Ұжымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.

Барысы:
Жүргізуші: — Қайырлы күн, балалар! Бүгін біз үшін ерекше күн! Балалар көптен күткен көңілді жаз мезгілі келді. Жаз мезгілі сендерге ұнай ма? Ұнайтын болса қол соғыңдаршы.

Қане, сендердің алақан дыбыстарын естілмей тұр. Қаттырақ қол соғайық!
Міне, керемет! Ендеше, осындай көтеріңкі көңіл - күймен «Көңілді алақандар мерекесін» бастаймыз!
Флешмоб «Топ - топ балақан»
Микки Маус пен қоян самокатпен жүгіріп келеді.

Қоян: — Балалар, балалар, сәлеметсіңдер ме?

Жүргізуші: — Қоян, неге сонша асығыссың? Қайдан келе жатырсың?

Қоян: — Мен бар ғой, мен, мен зообақтан келе жатырмын. Ол жақтан көптеген жануарларды көрдім. Қандай жануарларды көргенімді айтып берейінші сендерге. Соны сендерге айтып, көрсетуге асығып жеткенмін.

«Теңбілдер» жаттығуы

Микки Маус: — Туу, балалар, сендермен жаттығу жасаған қатты ұнап қалды. Тағы да жаттығу жасайықшы.

Хоровод: «Ручки - руки»

Сайқымазақ шығыршықтарын айналдырып келеді.
Сайқымазақ: — Сәлем, менің көңілді достарым! Менің көңіл - күйімнің көтеріңкілігі сонша, сендермен ойын ойнауға асығып келдім. Менің қолымдағы не екенін білесіңдер ме?

Балалар: — Шығыршықтар.

Сайқымазақ: — Ендеше, осы шығыршықтармен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Балалар: — Келісеміз, ойнайық!

Ойын: «Кім жылдам?» ІІ кіші топтар: Құлыншақ, Қошақан, Балғын бөбек.

Мақсаты: Шапшаңдыққа, дәлдікке баулу.

Шарты: Қатар - қатар қойылған шығыршықтарды балалар әуен ырғағымен айналып жүреді, әуен тоқтағанда шығыршыққа жұптасып тұра қалулары керек. Осылайша шығыршықтар саны азая береді, үлгермеген балалар ойыннан шығады.

Сайқымазақ: — Қандай, алғыр балалар! Енді мен мына жердегі кіп - кішкентай, сүп - сүйкімді балалармен ойын ойнаймын

Ойнаймыз ба.?

Балалар жауабы.
Ойын: «Түрлі - түсті доптар» І кіші топтар: Қонжықтар, Балапан.

Мақсаты: Балаларға түстерді ажыратуға үйрету. Жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.

Шарты: Түрлі - түсті доптарды түстеріне қарай себетке жинау.

Сайқымазақ: - Жарайсыңдар, балалар! Менде жинаймын деп шаршап қалдымғой.

Жүргізуші: — Жарайсыңдар, балалар! Ойын ойнап шаршаған боларсыңдар. Ендеше бір тынығып алайық.

Хоровод: «Бір оңға, бір солға»

Сайқымазақ: - Сендер менімен бірге бүгінгі күнді көңілді өткіздіңдер. Біздің сендерге арналған сыйлығымыз бар. Қош сау болыңдар!

Жүргізуші: - Балалар сендерге көп - көп рахмет келесі кездескенше.

Қош сау болыңдар!

«Флешмоб»
108
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Нептун күніне арналған ойын сауық. Теңіз патшайымы
Нептун күніне арналған ойын сауық. Теңіз патшайымы
Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету. Сумен ойнайтын ойындардың ережесін сақтай отырып, балалардың қимыл - қозғалысын, икемділігін, шапшаңдығын арттыру. Достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік ертеңгілік
Жаңа - жыл келді о, міне, Далама, қалама, жеріме. Шаттыққа бөлеп әр үйді, Шыға ғой менің төріме.
Орманға саяхат
Орманға саяхат
«Шаттық» бөбекжайының әдіскері: Мыңбаева А.А.
Күлкі - жанның шипасы
Күлкі - жанның шипасы
Мақсаты: а) Балаларға көңілді, көтеріңкі көңіл – күй сыйлау
Келді міне, Жаңа Жыл
Келді міне, Жаңа Жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы №5 "Балғын" балабақша тәрбиешісі Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.