Қазақстанның
білім беру порталы.

Біз шыныққан баламыз. Спорттық ойын

27 шілде 2019, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: Біз шыныққан баламыз. Спорттық ойын

Мақсаты: заттармен жалпы дамыту жаттығуында үйлесетін қабілетін дамыту, дәлдеп алысқа лақтыру, төрт тағандап жүруді, секіртпеден секіруді үйрету. Салауатты өмір салтын, дене мәдениетін қалыптастыру. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, өз отбасына, достарына қайырымдылық, сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.
Құралдар: доп, кедергілер, үлкен доп, әткеншек, ленталар, туннель.
Блингвистикалық компоненттер: жұмбақ жасыру.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, көркем сөз, ойын, мадақтау.

Шаттық шеңбері
Денсаулық - ол шыныққан,
барлық денең мүшесі.
Денсаулық - ол тыныққан,
жүйке тамыр жүйесі.
Денсаулық - ол күлуің,
көңіл - күйің жадырай.
Денсаулық - ол жүруің,
ешқай жерің ауырмай.

Кіріспе бөлім:
Бір қатармен бірінің артынан бірі жүру, аяқтың ұшымен, қол белде,
өкшемен жүру, қол желкеде. Қаздар секілді отырып жүру. «Маймылдар», «Құмырсқа жүрісі», ирелеңдеп жүгіру, жай жүріс, 4 қатарға тұру, доптарды алу.

Негізгі бөлім:
Ізденіс ұйымдастырушы
1. Б. қ. «Кім биік?»
1Аяқтың ұшымен тұрып, қолды жоғары көтеріп жүру.
2. Допты алдымызға қойып отыру, қолды артқа тіреп, аяқты сәл жинап тізені оңға, түзу, солға бұру.
3. Екі аяқ бірге қол кеудеде бір орында тұрып секіру.
Жәй жүру, дем алу жаттығу. 2қат. бөлінді.
Тәрбиеші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Біз баламыз шыныққан,
Денсаулығы мықты жан спорттық сайысымызды бастаймыз. Біз бәріміз
деніміз сау, күшті, әдемі болып өскіміз келеді. Онда анықтайық. Біздің
бүгінгі сайысымызда 2 топ жарысқа түседі. «Мықтылар» тобы мен «Шымырлар» тобы қарсы алыңыздар!
1 – сайыс.
«Эмблемалар сайысы» эмблемаларды тапсыру.
2 «Үй тапсырмасы»
«Тазалық – денсаулық кепілі»
екенін бәріміз білеміз. Микробтардан күресу үшін бізге көмекшілер керек. Бүгіні екі топ бір - бірлеріне жұмбақ қою арқылы, дұрыс жауабын
айта алу керек.
3. Сайыс. Капитандар сайысы.
«Кім көп шар жарады?»
4. Эстафеталық жарыс.
1. «Кенгуру»- үлкен допты астыларына қойып кедергілер арасынан межеге
жетіп, кері қайту.
2. Төрт тағандап түнелдің ішінен өтіп, әткеншектен сырғанап межеден ай - налып өту.
3. Межеге дейін секіртпемен секіріп, қайта оралу.
Қортынды бөлім: дем алу жаттығулары, нүктелі массаж.
Барлығы бірге:
Сәби шақтан бастап біз,
шынығуды сүйеміз.
Ашық күнмен достасып,
жалаңаяқ жүреміз.
Қыста, жазда әр дайым,
айрылмаймыз бәріміз.
Шынықтыру жасап біз,
мықты болып өсеміз.
Біз шыныққан баламыз. Спорттық ойын. жүктеу
123
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Футбол. Допты тоқтатқаннан кейін оны тебу
Футбол. Допты тоқтатқаннан кейін оны тебу
Футболда допты үйретілген әдістер бойынша аяқпен тебу барысын, ұшып немесе домалап келе жатқан доптың түсетін жерін ұшып келе жатқан бағытына қарай алдына шығып баспен және кеудемен тоқтату әдістерін еске түсіру арқылы спорт ойындарына қызығушылығын
Орманға саяхат
Орманға саяхат
Балаларды бір тізбекпен жүруге, «жыланша» ирелеңдеп жүгіруге, шашырап жүгіруге жаттықтыру. Гимнастикалық отырғыштың үстімен қолды жанға созып жүруді, тұрақты тепе-теңдікті сақтап жүруге үйрету, екі аяқпен жеңіл секіруге жаттықтыру
Шынықсаң шымыр боларсың!
Шынықсаң шымыр боларсың!
Денсаулық ол шыныққан, барлық дене мүшесі, Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі.
Көңілді саяхат
Көңілді саяхат
Қызылорда қаласы, «Бегім Ана» МҚКҚ балабақшасының тәрбиешісі Феруза Каленова Ильяқызы
Ұлттық ойын – ұлт қазынасы
Ұлттық ойын – ұлт қазынасы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек селосы «Шұғыла»балабақшасы МКҚК Джанизакова Тлектес
Тепе-теңдікті сақтай отырып гимнастикалық орындықтан төрттағандап еңбектеу, гимнастикалық тақтайшада кедергілер арқылы жүріп өту.
Тепе-теңдікті сақтай отырып гимнастикалық орындықтан төрттағандап еңбектеу, гимнастикалық тақтайшада кедергілер арқылы жүріп өту.
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы. Шалқар ауданының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі № 12 балабақша тәрбиешісі Еламанова Мырзагүл Әбутәліпқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.