Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ этнопедагогикасын пайдалана отырып бала тілін дамыту

19 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті,
№28 «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі
Сәнкебаева Нұргүл Шорақызы

Тақырыбы: Қазақ этнопедагогикасын пайдалана отырып бала тілін дамыту

Балалық шақ баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы. Баланың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы осы мектепке дейінгі жас шағында қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалар түсінгенін, қиялын, ойын тіл арқылы білдіреді.

Сондықтан бала тілінің дұрыс дамуына баса назар аударған жөн. Қазақ халқы арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындар болмасада өз ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап - ақ өлең - жырмен, әңгіме, тақпақ, санамақ т. б арқылы тәрбиелеп отырған. Тәрбие басы біріншіден әдептілікке үйретуден басталады. Екіншіден баланы қайырымды, иманды болуға баулыған.

Үшіншіден тіл алғыш елгезек адал, шыншыл, ата - ананы үлкенді сыйлап, кішіні құрметтеуге, сонымен қатар ел қорғаған батыр болып, халық алдында қызмет етуге тәрбиелеген. Ұлы педагог А. С. Макаренконың «Адам мінезін қалыптастыруда тәрбиелеуде отбасы қоғамдық рөл атқарады.»- деген пікір орынды айтылған. Өкінішке орай бала тәрбиесіне ата-аналардың қолы тие бермейді. Бала тәрбиесіне ата - анадан кейінгі жауапты адам - тәрбиеші. Қазақтың көрнекті қайраткері Жүсіпбек Аймауытов «Дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық, дәрігер адамның денесін сауықтырса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жынын сауықтырады»,- деген. Баланың алдындағы өз борышын жауапкершілікпен атқару тәрбиешіге тән қасиет, ол үшін білімін күнделікті тәжірибемен ұштастыруы керек.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарымыз, әдет - ғұрыптар салт - дәстүрлеріміз, халық ауыз әдебиеті үлгілері ертегілер, аңыз әңгімелер, өлеңдер, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, санамақтар, жаңылтпаштар балаларға лайықты көркемсөз жанрларының ежелден-ақ бала тәрбиесінде зор көмекші екені белгілі. Халық мұрасының маңызы туралы кең түрде зерттеп, бала тәрбиесіндегі маңызын анықтауда көптеген ғалымдарымыз өз үлестерін қосуда. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Б. Төтенаев т. б ғалымдарымыздың еңбектері баршылық. Бүгінгі таңда балалар ауыз әдебиеті үлгілері балабақшаларда кеңінен қолданылып келеді. Мұндай шығармаларды балалар қызығып тыңдайды да, жылдам жаттап алады. Мысалы»Әлди - әлди», «Торғай», «Бақа бақа балпақ», «Қуыр - қуыр қуырмаш», «Санамақ»т. б сияқты халық өлеңдері ойнақы тілмен, қайталама сөзімен бөбектерді баурап, сөз өрнегіне баулиды.

Жаттау арқылы баланың тілі жетілді. Ал тілінің дамуы баланың бойында қабылдау ести білу сияқты процестердің бірте - бірте қалыптасуына негіз болады.
Жұмбақ шешу арқылы айналадағы өмір тылсымын, күнделікті тұрмыс салтын, сипаттап айту арқылы баланың қиялын қанағаттандырып, ойын өрістетіп отырған. Жұмбақтарды әртүрлі іс - әрекет арқылы жаттауға болады.

Әсіресе халық баланың тілін ширату үшін оған сөз үйретіп, дүние танымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Тіл мүкісін болдырмау үшін, дұрыс анық сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып жаңылмай, өз ойын толық жеткізетін болады. Жас жеткіншектерге жан-жақты тәрбие беруде халықтың асыл қазынасы мақал-мәтелдің де мәні зор. Мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі. Онда өмірдің сан–алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Мысалы:»Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол», «Елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы», «Туған жер алтын бесік», Мұндай мақалдар балаға туған жері ыстық оны қадірлеп, аялай білу керектігін ұқтырады. Балаларға мақал мәтелдердің мағынасын түсіндіру үшін мақалдағы әрбір сөзге мән бере отырып, әр сөздің мағынасын ашып түсіндіру керек.

Сәби өмірінде санамақтың маңызы зор. Атау ұйқастырып санау арқылы бала әрі сан үйренеді, оның үстіне санға ұйқасқан заттарды танып біледі, әрі дүниетанымын өсіреді.
Бүгінгі күні балаларды өз ана тілінде еркін сөйлеуі мемлекеттік тілді меңгеруі маңызды мәселеге айналып отыр. Балалар көп сөздің мағынасын түсінбейді, сөздік қорлары өте аз. Сол себепті балалардың тілін дамыту үшін әдіс-тәсілдердің тиімді жақтарын қарастыру әрбір тәрбиешінің міндеті болмақ.

Кішкене сәбимен сөйлесе білгенде үлкен өнер. Олар дауысты құбылта айтып берген ертегіні сүйтіп тыңдайды. Ертегі кейіпкерлерінің өмір сүру жолындағы күресі, қарым-қатынасы, айла тәсілдері баланы таң қалдырады. Ертедегі кейіпкерлер арқылы шыншылдыққа, сүйіспеншілікті мадақтап, өтірік, жалқаулық, қулық т. б адам бойындағы кемшіліктерді сынайды, сонымен қатар мейірімділікке тәрбиелейді, әрі ақыл-ойының жетілуіне көмектеседі.

Балалар тілін ширықтырып, белсенділіктерін арттыра түсу үшін сабақтарды түрлендіріп, өткізген өз нәтижесін берері сөзсіз. Осы негізде балалардың тілін дамыту үшін қазақ этнопедагогикасын енгізе отырып сабақтар ойын түрінде жиі ұйымдастырылып отырады.
Уақыт өткен сайын қойылар талаптың да биіктей беретіні заңды құбылыс. Олай болса балалардың бойына халқымыздың ең асыл мұралары арқылы ұлттық сана сезімін қалыптастыру. арқылы тілдерін дамыту бүгінгі заманның өзі талап етіп отырған бірінші кезектегі өзекті мәселелерінің бірі деп білуіміз керек.
6 167
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Ата - аналарға кеңес. Ел ертеңі - бүгінгі ұрпақ
Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалу керек. Өмірге келген әрбір бақытты болуы тиіс. Бұл баланың басты - құқығы.
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Баланың тілін заманауи жаңа технологиялар арқылы дамыту
Еліміздің білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой - өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан - жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процесінің дамуы
Казталов ауданы, Жаңажол ауылы, "Шаттық" балабақшасында педагог – психологы Мыңбаева Әселім Аянбекқызы
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту
Ибраева К. М. қазақ тілі мұғалімі «Алтын сақа» балабақшасы КМҚК, Қарағанды қаласы
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
Ересек топтағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту
«Алақай» балабақшасы «Алақай» балабақша меңгерушісі Куаншалина Алма Аблайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×