Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның жыл құстары

11 ақпан 2020, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Таным, Коммуникация, Шығармашылық.
Бөлімі: Жаратылыстану. Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қазақстанның жыл құстары.
Мақсаты: Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар туралы тақпақ, жұмбақ шешкізу арқылы, тіл байлығын арттыру. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу. Балалар, бізде бүгін ерекше күн, бізге қонақтар келіпті біздің қандай тәртіпті және білімді балалар екенімізді білуге. Біз оқу қызметімізді шаттық шеңберімен бастап және келген қонақтарымызбен сәлемдесейік. 
Шаттық шеңбері. 
Қайырлы таң! Ормандар мен далалар Қайырлы таң! Достасқан бар балалар. Қайырлы таң! Біздің балабақшамыз. Қайырлы таң! Бізге келген қонақтар. Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Күз мезгілінің айларын атаңдар? Күз мезгілі туралы кім тақпақтар айтып береді? 
Тақпақтар. Айсұлтан. Медина. Даяна. Амир.
Ендеше оқу қызметімізді жалғастырайық. Балалар біз қазір үнтаспадан әртүрлі дыбыстар тыңдайық, сол дыбыстарды ненің дыбыстары екенін ажыратып көрейік. Балалардың жауабы. Балалар сендер құстардың сайрағанын естігенде қандай күйде болдыңдар? Ия, бәріміз әдемі бір орманда жүргендей болдық. Біз көкке қарағанда көзімізге ең әуелі ұшқан құс түседі. Құстар аспанда ұшып, орманда мекендейді. Құстарды екіге бөлінеді, үй құстары және дала құстары.
Слайд. Балалар, бейне таспаға көңіл аударайық. Біздің елімізде құстардың түрлері өте көп. Құстар ағаш түбіндегі құрт құмырсқалармен қоректенеді. Ағаштың жайқалып өсуіне, түрлі құрт құмырсқадан тазаруына көмектеседі. Сондықтан оларды табиғат емшілері деп те атайды.
Музыка әуенімен Көгершін кіреді.
Сұрақтар: Жастарың нешеде? Жылдың неше мезгілі бар? Тәуліктің неше бөлігі бар? 
1. тапсырма. Құстар туралы тақпақтар. Инаят. Торғай, торғай, торғайсың. Жақын келіп қонбайсың. Жем шашайын тойып ал. Сонда торғай тоңбайсың. Динара. Құстар біздің досымыз. Бау - бақшаны қорғайды. Ұя жасап қарсы алсақ. Құстар бізді қолдайды. Амир. Таспен атып торғайды. Ұя бұзған оңбайды. Құс өкпелеп кетеді. Бақшамызға қонбайды. Айсұлтан. Тоқылдақтар тоқылдап. Ешбір тыным көрмейді. Ағашты қанша тесседе, Жұмысы еш өнбейді. Маржан. Құс ұясын бұзбаңдар. Балапанын алмаңдар. Құстар біздің досымыз. Обалына қалмаңдар. 
2. тапсырма. Жұмбақтар шешу. 
1. Қашаудай мықты тұмсығым. Бәсеке тігем бұл шыным. Құрт - қоңыз аулап жарысам.. Орман дәрігері болып табылам. (тоқылдақ) 
2. Он екі айдың біреуі. Сірә оның атында. Өзге ұяға із тастап.. Мен деп жар сап жүреді. (Көкек) 
3. Мұқият тыңда, қандай құс. Қонып алып жарға. Қарқылдайды (қарға). 
3. тапсырма. Құстар туралы мақал - мәтелдер. Даяна. Құс қанатымен ұшады. Құйрығымен қонады. Медина. Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер. Аружан. Қиядағыны қыран ғана көреді, Ұядағыны жылан ғана көреді. Айсұлтан. Екі сұңқар таласса, Бір қарғаға жем түсер. 
4 тапсырма. Құстардың ұясы қандай геометриялық пішіндерден құралған. Соны атап беріңдер? Қыстап қалған құстарға ұя жасау. Пішіндерден ұя құрастырып, жапсыру. 
Сергіту сәті. Қане, қанат жазайық. Қарлығаш боп ұшайық. Ұшып - ұшып алайық. Торғай болып қонайық. Сауысқан болып секіріп. Тоқылдақ боп шоқиық. Дидактикалық ойын. «Қыстап қалатын құстар мен жыл құстарын ажырату» Сөздердің орыс тіліндегі баламалары. Қарға - ворона. Кептер - голубь. Қарлығаш - ласточка. Тырна - журавль. Жұмбақ.
Мәпелейміз, баптаймыз. Биіктерге самғаймыз. Бейбітшілік құсы деп. Қай құсты біз мақтаймыз?(Көгершін) Құрастыру. Қағаздан бейбітшілік құсын құрастыру. Келген қонақтарға сыйға тарту.
Қорытынды сұрақтар. Балалар біз бүгін нелер туралы әңгіме айттық?
Балалар бізге ертегілер елінен бізге кім келді? Біз геометриялық пішіндерден не құрастырып, жапсырдық? Оқу қызметі сендерге ұнады ма?

Жамбыл облысы Тараз қаласы
№18 «Еркежан» бөбекжай - бақшасы
Асилова Анипа Комекбаевна
1 214
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар туралы білімдерін кеңейту. Құстар туралы тақпақ, мақал - мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тіл байлығын арттыру. Табиғатты, құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен танысу. Балалардың қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасауға белсенділігін арттыру. Сөздік қорын дамыту. Балаларға адамгершілікке табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Балаларға құстардың аттарын айтып таныстыру.
Қармен тәжірибе жасау
Қармен тәжірибе жасау
Тәжірибе жасау арқылы қар және қардың белгілері туралы білімдерін кеңейту Табиғат туралы білімдерін жүйелей білуге үйрету. Тәжірибенің көмегімен алған білімдерін қорытындылай білуге үйрету.
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?
Қыстап қалған құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың сыртқы белгілері бойынша ажыратуды үйрету. Табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор болуға үйрету.
Құстар - біздің достарымыз
Құстар - біздің достарымыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы, №1 «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Қайрова Нұргұл Қадіржанқызы
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×