Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары

18 ақпан 2020, Сейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты:
Білімділік: балалардың үй жануарлары, олардың пірлері, адамға тигізетін пайдасы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылық: үй жануарлары мен олардың төлдерін атауын дұрыс атауға, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту. Белгілі ереже бойынша өзара әрекет ету дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік: үй жануарларына сүйіспеншілігін арттыру, оларға деген қамқорлық сезімін ояту және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері, Али мен Ая және атасы мен апасының суреттері.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, ойын технологиясы, Мнема кестелері
Сөздік жұмыс: Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Сексеката, Шопаната
Үштұғырлық: Үй жануарлары - домашние животные - Domestic animals
Іс - әрекет
  кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекетіБалалардың іс - әрекеті
Мотивациялық -
 қызығушылық:

  
Балаларды шеңбер жасауға шақырады:
Еліміз аман болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Ата - анамыз қасымызда болсын!
Мешін жылы бақыт әкелсін!
Төрт түлігіміз түгел болсын!
Ақ мол болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Қызығушылық танытады.
Еліміз аман болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Ата - анамыз қасымызда болсын!
Жылқы жылы бақыт әкелсін!
Төрт түлігіміз түгел болсын!
Ақ мол болсын!
Бәріміз дос болайық!
 Бәріміз бақытты болайық!
Ұйымдастыру -
 ізденушілік
Рефлекциялық - түзетушілі
- Балалар, бүгін біздің топқа көптеген қонақтар келіпті. Алдымен амандасып алайық. Ал бүгінгі сабақтың тақырыбы «Үй жануарлары». Ондай болса амандасып алайық.
ҒАЖАЙЫП СӘТ:
- О - о - о балалар қараңдаршы бізге тағы кімдер қонаққа келген екен?
- Балалар, Әли мен Ая ауылдағы әжелеріне қонаққа баруға ұсыныс жасап отыр, сендер барасыңдар ма?
Ондай болса, автобусқа отырыңдар. Балалар бұл автобуста көңілімізді көтеретін әуенде бар екен.
- Балалар, бұл әнді бізде айтып көрейік?! Не туралы айтылған?
- Дұрыс айтасыңдар. Балалар, үй жануарлары орысша, ағылшынша қалай айтылады?
- Өте жақсы. Апамыз бен әжемізге жеткенше әлі біраз жүреміз, сондықтан саяхатымызды әрі қарай жалғаймыз. Жол жөнекей көп қызықтар болады. Балалар мына жайылып жүрген үй жануарларына қарңдаршы. Бұл қай жануарлар?
- Дұрыс айтасыңдар бұл қой мен ешкі ғой. Қой мен ешкінің адам өміріне қандай пайдасы бар?
- Өте жақсы бұл отра - отар қой мен ешкінің пірі, атасы кім?
- Ал қой мен ешкі қалай дыбыстайды? Қойдың төлі не? Ешкінің ше? Өте жақсы ал біз қойды пұшайт - пұшайт деп, ешкіні - шөре - шөре деп шақырады екенбіз. Өте жақсы төрт түліктің пірілері сендерге алғысын білдіріп жатыр.
- Ой балалар, автобусымыз неге тоқтап қалды екен? Тағыда жолымызға үйір - үйір жылқы кездесіпті. Балалар біз осы жылқы туралы не білетінімізді Али мен Аяға айтып берейікші.
- Мәссаған мына жерде не боп жатыр? Үй жануарлары мен дала жануарлары бір жерде мекен етеді деп кім айтты? Балалар қараңдаршы бұл дұрыспа? Осы жерде біз сендермен «Мекеніне апар» ойынын ойнасақ қалай қарайсыңдар?
Ойын шарты: Үй жануарлары мен дала жануарларын ажыратып, өз мекеніне орналастыру. Паленеграф қолдану.
- Өте жақсы балалар! Әрі қарай жолымызға аттанайық.
(Әндетіп кетеді)
- Балалар, табиғат қандай тамаша! Керемет! Ой автобусымыз неге тағы тоқтап қалды?
- Ойбой мынау жайылымда жүрген Әли мен Аяның әжесімен атасының үй жануарларымына өзеннен өте алмай тұр екен. Олар сүрінбей өтіп кету үшін сендер төрт түлік туралы тақпақ айтып беріңдер. Балалар үй жануарларының төлдерін қалай шақырамыз?
- Өте жақсы, қандай зерек ақылды балалар едіңдер, тамаша!
- Ал енді балалар, мына жерде біраз демалып алайық.
СЕРГІТУ СӘТІ
Балалар біз сендермен достық туралы сергіту сәтімізді орындайық иә!
Ренжітпе досыңды,
Мен қостаймын осыңды
Тату ойнап әрқашан,
Көтер көңіл қошыңды.
Ойнайықта күлейік,
Көңілденіп жүрейік.
Бақыт кілті достықтың,
Татулық деп білейік.
- Балалар, Әли мен Аяны апалары құлыным, қозым деп еркелетеді екен. Апаларың мен аталарың сендерді қалай еркелетеді?
- Ары қарай сапарымызды жалғастырайық! Ой балалр, автобусымыз тағы неге тоқтап қалды екен?
- Мына жерде көп түйелер жайылымда жүр ғой. Олар жолымыздан өткенше олар туралы не білетінімізді айтып өтейік. Ол үшін Мнема кестесін қолданып өтелік!
- Бұлар не?
- Түсі қандай?
- Дене мүшелерін атап беріндерші.
- Денелері немен қапталған?
- Дауыстарын анықтап өтелік!
- Өте жақсы балалар тамаша!
- Немен қоректенеді?
- Тұратын мекені қай жер?
- Төлдерін қайтадан бір еске түсіріп жіберейік.
- Адамға тигізер пайдасы қандай?
- Балалар біз Әли мен Аяның үйінеде жеттік. Иә, балалар өрістен қайтып жатқан көрінеді. Оларды бағып қағатын пірілерде бар екен.
Балалар біз сендермен бір ойын онап жіберейік! «Үй жануарларын тап!»
Шарты: мен сендерге сурет кқрсетемін егер үй жануарын көрсетсем, қол шапалақтайсыңдар жарайма!
Балалар сабағымызды түйіндеу мақсатында
Сурет көрсетеді:
Қой атасы – Шопаната
Түйе атасы – Ойсылқара
Сиыр атасы – Зеңгібаба
Жылқы атасы – Қамбарата
  Ешкі атасы – Сексеката
- Өте жақсы. Міне ауылғада келіп жеттік. Әли мен Аяның әжесіне сәлем берейік.
- Ауылға келген қонаққа ақ тамақ ұсынылады екен балалар. Қараңдаршы бізге Әли мен Аяның әжесі не құйып берді?
- Дұрыс айтасыңдар! Енді біз тәжірибе жасап көрейік.
- Түсі қандай?
- Иісі қандай?
- Дәмі ше?
- Сұйық па, әлде қою ма?
- Жарайсыңдар, балалар! Әли мен Аямен қоштасатын сәтте келіп жетті!
Кубикты лақтырып түскен үй жануарына байланысты жұмбақ жасыру.
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
Аяғында тағасы бар,
Мойнында жағасы бар.
Мінсе көлік болар,
Сауса қымыз болар.
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар.
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоңы бар.
Төрт аяғы бар,
Сегіз тұяғы бар.
Иегінде сақалы бар.
Қонақтарымызбенде қоштасатын сәт келді. Өз бала - бақшамызға оралайық.
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгінгі келген қонаққа,
Сау болыңыз деп айтамыз!
Таң қалады, амандасады. Мнема кестесі бойынша сұрақтарға жауапбереді.
- Алақай бізге қонаққа Әли мен Ая келді.
- Әрине, барамыз.
Мнема кестесі бойынша сұрақтарға жауап береді.
Автобусқа отырады, әуенді тыңдайды.
- Үй жануарлары туралы және олардың төлдері туралы.
Үй жануарлары - домашние животные - Domestic animals
- Бұл үй жануарлары қой мен ешкі ғой.
- Сүтін ішеміз, етін жейміз, жүінінен киім кешек тоқимыз.
- Отар - отар қойдың атасы – Шопан ата! Ешкі атасы - Сексек ата!
Балалар таң қалады.
- Қой мен ешкі маңырайды. Қойдың төлі - қозы, ешкінің төлі - лақ.
- Иә, бұл дұрыс емес қой. Үй жануары үйде, орманда мекен ететін жабайы жануарлар орманда тұрақтайды ғой. Ойнаймыз!
- Жарайды. Жылқы атасы Қамбар ата, жылқының төлі - құлын. Бәз оны құрау - құрау деп шақырамыз.
Балалар кезекпен әр жануардың мекенін анықтайды.
(Әндетіп кетеді)
Балалар таң қалады.
- Біз үй жануарларына өзеннен өткенге болысамыз!
- Жылқыны – «құрау - құрау»
Сиырды – «әукім - әукім»
Қойды – «пұшайт - пұшайт»
  Ешкіні – «шөре - шөре»
деп шақырамыз.
Балалар сергіту сәтін жасайды.
Ренжітпе досыңды,
Мен қостаймын осыңды
Тату ойнап әрқашан,
Көтнр көңіл қошыңды.
Ойнайықта күлейік,
Көңілденіп жұрейік.
Бақыт кілті достықтың,
Татулық деп білейік.
- Ботақаным, қошақаным, тентегім деп еркелетеді.
- Малдар өрістен қайтып жатыр ғой жолдан өтіп жатыр.
Сөздік жұмыс:
Қой атасы – Шопаната
Түйе атасы – Ойсылқара
Сиыр атасы – Зеңгібаба
Жылқы атасы – Қамбарата
  Ешкі атасы – Сексеката
- Түйе атасы - Ойсылқара, түйенің төлі - бота. Түйе боздайды. Көс - көс деп шақырамыз.
- Малдардың дыбысы естіледі.
- Олар үй жануарлары.
- Ақ, қара, қоңыр.
- Басы, денесі, төрт сирағы.
Сиыр мөңірейді. Қой маңырайды. Түйе боздайды. Жылқы кісінейді.
- Шөппен қоректенеді.
- Жүнмен қапталған.
- Қорада мекендейді.
Мнема кестесі бойынша балалар сұрақтарға жауап береді.
- Сүтін ішеміз, терісінен былғары етік дайындаймыз, жүнінен байпақ тоқимыз. Етін жейміз.
Балалар ойын шарты бойынша жабай жануарлар мен үй жануарларын анықтайды.
Балалар амандасады.
- Апасы бізге айран мен сүт құйып берді.
- Жасап көрейік!
- Ақ.
- Иісі жоқ.
- Дәмі тәп - тәтті.
- Сүт сұйық, айран қою!
Қоштасады.
Түйе – верблюд – Camel
Жылқы – лошадь – Horse
Сиыр – корова – Cow
Қой – баран – Sheep
Ешкі – коза – Goat
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгінгі келген қонаққа,
Сау болыңыз деп айтамыз!
288
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың төрт түлік мал туралы, олардың төлдерін ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балаларды үй жануарларымен таныстырып, олардың аттарын дұрыс атап, төлдерінің дыбыстарын ажырата білуге үйрету.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарларлары және төлдері
Үй жануарлары мен таныстыру. Жануарлардың дауыстары жазылған үнтаспаны тыңдату арқылы үй жануарларының төлдерін ата сұрағына жауап беруге үйрету. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін түсіндіру.
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Ауылға саяхатқа шығу (үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Үй жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту. Дене мүшелерін атау және айырмалық ерекшеліктерін (немен тамақтанады, қалай қозғалады, қандай дауыстар шығарады, ересектердің жануарды күту еңбегін) байқай білуін дамыту.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.