Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жолда – абай бол!

19 ақпан 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Жолда – абай бол!» ойын - сауық
Мақсаты:
Білімділігі: Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру, жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру.
Тәрбиелігі: Жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: жол белгілері, бағдаршам.
АКТ - дан бейнежазба қарау.
Музыка залына балалар әуенмен кіріп, орындарына отырады.
Жүргізуші:
Жалғайтын достастырып бар елменен,
жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтармен,
Ойынымыз басталсын сәлемменен.
Балалар хормен:
Бұзба көше тәртібін,
Ұрынасың апатқа.
Қызықты өтсің әр күнің,
Жақын болма шатаққа.
Тәртіп керек баршаға.
Сәлематсыздар ма, здраствуйте, good morning!
Жүргізуші: Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Мен сендерге жұмбақ жасырайын:
1. Үш көзі бар қаз – қатар,
Кезек – кезек ашады.
Үшеуінен байқасам,
Үш түсті нұр шашады. (Бағдаршам)
2. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен түзеткен. (жол полиция қызметкері)
3. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)
4. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)
Байтас:
«Жүргінші, жүргінші,
Есінде болсын көше қиылысы.
Жер асты, жер үсті жолдарын,
Теңбіл, теңбіл жолдары.
Есіңнен ешқашан шығарма».
Айару:
Қай көше, қай қалаға барасыңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесін заңды тәртіп,
Ол ортақ! Үлкен - кіші баршамызға.
Айша: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба.
Қасқыр жол полиция қызметкерінен қашып ішке жүгіріп келеді, артынан полиция қызметкері қуып кіреді.
- Қасқыр, қасқыр, тоқта дедім ғой саған
Қасқыр ентігін баса алмай:
Иә, иә не болды қорқып кеттім ғой.
- Қасқыр, жол бойында жүріп бара жатқан машинаға жабысуға болмайды, сен көше тәртібін бұздың.
Жүргізуші: Кешіріңіз енді қасқыр олай жасамайтын болады.
Сахналық көрініс: «Қасқыр мен Қоян»
Қоян:
- Ой, Қасқыр саған не болған?
Қасқыр:
- Ештеңе болған жоқ.
- Онда аяғын неге ақсаңдап қалған?
- Ой қоян, сенен ешнәрсе де жасыра алмайды екенсің. Көлікке жабысамын деп...
- Сен не көлікке жабысып жүрсің бе?
- Иә.
- Жүріп бара жатқан көлікке жабысуға болмайтынын білмейсің бе?
- Баратын жеріме тез жетейін деп....
Тез жетейін деп өзіңе не болғанын көрдің бе?
- Көрдім.
- Көшеде қалай болса солай жүруге, көліктерге жабысуға болмайды ғой.
- Ал егер асығып тұрсам ше?
- Қаншалықты асығып тұрсаң да, жол ережесін сақтау керек.
- Жол ережесін?
Жүргізуші: иа, жаяу жүріп бара жатқан адамдарға, жүргізушілерге арналған ережелер болады. Сол ережелерді сақтау керек. Жол ережесін сақтамағандарға айыппұл салады, ең қорқыныштысы сен сияқты жарақат алады.
Қасқыр: Ал жол ережесі деген не?
Жүргізуші: Ендеше балалар бәріміз бейне жазбаға назар аударайық:
Жүргізуші: Балалар сендердің естерінде болсын, велосипедпен негізгі жолға тек 14 - ке толған балаларға рұқсат етіледі.
Ойын: «Жол ережесін білесін бе?»
Шарты: Балалар велосипедпен жаяу жүргіншілер жолына дейін барып, велосипедтен түсіп, жаяу жүргіншілер жолын өту.
Жүргізуші: Бағдаршам жол тәртібін реттейтін белгі. Бағдаршам болмаса жолда жүру тәртібі бұзылады. Енді сендердің зейіндерді тексеріп көрейін. Бағдаршамның қызыл көзі жанса - тыныш отырыңдар, сары көзі жанса – шапалақтаңдар, ал жасыл көзі жанса – аяқтарыңмен жүруді бейнелеңдер.
Жүргізуші: бейне жазбаға назар аударайық:
«Жол ережесі белгілерін құрастыру» ойыны:
Қорытынды.

Атырау қаласы, Бірлік ауылы,
№35 «Балақай» бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі
Алдабергенова Айнагуль Танатаровна
268
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Оқушыларға жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Бағдаршам туралы түсінік беру.
Жол ережесін білесің бе?
Жол ережесін білесің бе?
Сабақтың мақсаты: Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру. Жолда жүру тәртібін сақтауға үйрету.
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесі
Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы, Тоқмұхамедов атындағы №14 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Нұржаубаева Марина Сайлауқызы
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "Абай атындағы №4 мектеп лицей" КММ - інде бастауыш сынып мұғалімі Агибаева Айман Тургановна
Жол жүру ережесін білесің бе?
Жол жүру ережесін білесің бе?
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.