Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жол тәртібін сақтаймыз!

22 ақпан 2020, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Жол тәртібін сақтаймыз!» ойын - сауық
Музыка залына балалар әуенмен кіріп, орындарына отырады.
Әдіс - тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, слайд, әңгімелеу, қызықты сәт, ойын, тақпақ айту, жұмбақ 
шешу, қорытындылау.
Технологиялық қамтамасыз ету: Жол белгілерінің макеттері, көліктер, бағдаршам макеті, слайд.
Жүру барысы:
Жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме, қонақтар мен апайлар!
Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға, Ойын – сауық кешімізді бастаймыз сәлемменен!
Арманға алдап күткен асығамыз, Біз қалай шап қанаттай басыламыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтық пен алға ұмтылған жас ұланбыз!
Жүргізуші: - Балалар, көшелерде жүйткіген көліктер, автобустар, мотоциклдер жүреді. Жүргізушілер жол апатына ұшырамас үшін жол ережесін сақтау керек.
- Балалар, өмірімізді қатерден сақтайтын көшедегі көмекшіміз не?
Балалар: - Бағдаршам.
Жүргізуші: - Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Осы кезде залға мысық келеді.
Мысық: - Мяу - мяу, мяу - мяу. Ой - ой, құйрығым – ай, құйрығым ауырып тұр.
Жүргізуші: - Мысық, сенің құйрығыңа не болды?
Мысық: - Мен жолдан өтіп келе жатып едім, машина құйрығымды басып кетті.
Жүргізуші: - Мысық, сен жол ережесін бұзғансың ғой. Сен жолда жүру ережесін білмейсің бе?
Мысық: Мен ережені білмей – ақ жүре берем.
Жүргізуші: Олай болмайды, мысық, жол ережесін білу керек. Қане, менің сұрағыма жауап берші.
- Автобустан түскен соң, көшенің келесі жағына қалай өтесің?
Мысық: Автобустың дөңгелектерінің арасынан өтемін.
Балалар: - Дұрыс емес, автобустың аялдамадан өтуін күтіп, жолдың екі жағына кезекпен қараған соң өту керек. Жақын маңда жаяу жүргіншілер жолы болса, сол жерден өту керек.
Жүргізуші:- Балалар дұрыс айтады, мысық жол бойына ойнауға болады ма?
Мысық: - Ия, доппен ойнауға болады.
Жүргізуші: Мысықтың айтқанымен келісесіңдер ме? Жолда ойнайық па?
Балалар: - Жоқ, доппен ойнауға болмайды, машина басып кетеді.
Мысық: - Балалар, менің бұл әрекетім дұрыс.
Жүргізуші: - Олай болса, жол ережесі туралы слайд қарайық.
Слайд қарау: «Жол белгілерін білейік».
Мысық: Рақмет сендерге, балалар, сендер жолда жүру ережелерін жақсы білесіңдер, мен сендермен қалайыншы, ары қарай жол ережесін үйренейінші.
Жүргізуші: Балалар мысық қалсын ба?
Балалар: Иә, қалсын.
Жүргізуші: Балалар қане, кім жұмбақтың шешуін тез табады екен?
Жұмбақтар:
1. Оңға да бұрады, солға да бұрады,
Жол тәртібін реттеп тұрады.
Ол не?(Бағдаршам.)
2. Екі аяқты, бірізді,
Үстіне мені мінгізді.
Мінгізген мен ол менің,
Аяғымды жүргізді. (Велосипед.)
3. Төрт аяғы дөңгелек,
Адамсыз ол жүрмейді. (Машина.)
4. Сөйлеуді ол білмейді,
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам.)
Тақпақтар:
Шолпан:
Автобусқа асығып, Жолды кесіп өтпеймін. Доп тепкендей асырып, Бос қалбырды теппеймін.
Али:
Жолақтарды іздеймін Жаяу адам өтетін. Асықпаймын аптығып, Алдым мұны жақсы ұғып.
Айдын:
Қызыл түс жанғанда, Баспа қадам сен алға Сары түсі жанғанда Дайындалып тұр мұнда! Жасыл түсі жанғанда Жорта бергін сен жолда!
Мадина: Қызыл көзін ашқанда, Сынық сүйем баспа алға! Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін, жасқанба!
Мультфильм тамашалау. «Жол ережесін білейік»
Ойын: «Дұрыс орналастыр».
Шарты: Бағдаршамның көздерін дұрыс ретімен орналастыру керек.
Қорытынды: Айналайын абайла Жан – жағыңа қарайла Жолда – жүру ережесін Есте сақта қалайда. Міне, балалар, біз жолда қалай жүру керек екенін білдік. Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсе көзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық.

Атырау қаласы Бірлік ауылы
№35 «Балақай»
бөбекжай - бақшасының тәрбиешісі
Тынысбаева Бибигуль Жемековна
203
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Жол тәртібін білейік, аман – есен жүрейік!
Оқушыларға жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен таныстыру. Бағдаршам туралы түсінік беру.
Жол тәртібін білейік
Жол тәртібін білейік
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қабанбай батыр ауылы, №41 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мырзағалиева Айшагүл Есимқызы
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Жолда жүру ережесін білесің бе?
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, "Абай атындағы №4 мектеп лицей" КММ - інде бастауыш сынып мұғалімі Агибаева Айман Тургановна
Жол жүру ережесін білесің бе?
Жол жүру ережесін білесің бе?
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы № 6 орта мектептің, бастауыш сынып мұғалімі Изимбергенова Нургуль Кусаиновна
Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік
Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік
Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы ОМ МДШО Бастауыш сынып мұғалімі Оразбек Жанар Оразбекқызы
Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!
Ұлы сөзді тыңдаймыз, жол тәртібін сақтаймыз!
Ә. Жангелдин атындағы № 52 жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі: Айсариева З.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.