Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дос болайық бәріміз

25 наурыз 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
ҰОҚ - ның тақырыбы: Дос болайық бәріміз
ҰОҚ - ның білім саласы: Коммуникация. Таным. Шығармашылық.
ҰОҚ - ның мақсаты: «Достық» құндылығы туралы түсініктерін одан әрі жетілдіру.
ҰОҚ - ның міндеттері:
Білімділік: Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік білім беру.
Дамытушылық: Өзара сыйластық қарым - қатынастарын дамыту.
Тәрбиелік: Бір – бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдары: Суреттер, слайд, қылған адамдар суреттері, жер шары (глобус) түрлі - түсті бояулар, ойыншық.
ҰОҚ барысында қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, сергіту сәті.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар?! Мен сіздерді кездестіргеніме өте қуаныштымын. Қанекей балалар ұйымдастырылған оқу қызметімізді бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
Шаттық шеңбер:
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оң жақтағы көршіге,
Сол жақтағы көршіге,
Күлімсірей қарайық.
Қолды көкке созайық,
Бәрінен де озайық!
Құшақтасып әр кезде,
 Тату тәтті тұрайық!
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қазір жылдың күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Күз мезгілінде 3 ай бар.
Тәрбиеші: Күз мезгілінің айларын атаңдаршы
Балалар: Күз мезгілінің айлары қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Қазір қандай ай?
Балалар: Қазір қараша айы.
Тәрбиеші: Бір аптада неше күн бар?
Балалар: Бір аптада жеті күн бар.
Тәрбиеші: Бүгін аптаның қай күні?
Балалар: Бүгін аптаның сәрсенбі күні
Тәрбиеші: Дұрыс, жарайсыңдар балалар, ендеше тақтаға қарандаршы, мында сөз жасырылған екен, ал сөзді табу үшін жұмбақты шешеуіміз керек, сонда бүгінгі өттілетін сабағымыздың тақырыбын ашамыз.
Сендер жұмбақты шешсеңдер барлық әріптер ашылады.
1. Сол аяқпен – оң аяқ,
Кезек оны тебеді,
Ол тынымсыз домалап,
Зыр жүгіре береді.
(Доп)
Тәрбиеші: Доп сөзінде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?
2. Әжем көрпе тігеді,
Бетіне өрнек салады.
(Ою)
3. Сырт - сырт етеді,
Уақыт өтеді.
(Сағат)
4. Ақ көйлекті көк желек,
Орманда орны бір бөлек.
(Тал)
5. Кесе, шыны, пияла,
Онсыз шәй құяма?
Қасықсыз тамақ ішпейміз,
Оның бәрін не дейміз.
(Ыдыстар)
6. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті.
(Қарбыз)
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы қандай сиқырлы сөз шықты.
Балалармен бірге оқимыз Д О С Т Ы Қ.
Тәрбиеші әңгімелейді: Бүгінгі тақырыбымыз «Дос болайық бәріміз» - деп аталады.
Дос, достық дегеніміз адамдар арасындығы жақсы қарым - қатынасты, бір - біріне деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімін айтамыз.
Достар бір - бірін ренжітпейді, керісінше нағыз достар бір - бірін құрметтейді, сыйлайды, кешірімді болады.
Достық сезім тек қана адамдар арасында емес, ел мен елдің арасында да болады. Мысалы біздің Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттермен достық қарым - қатынаста. Балалар сендер де бір - бірлеріңді ренжітпей тату - тәтті ойнасаңдар, бір - біріңе сыйлы болыңдар, сендерде де достық сезім пайда болады.
Достық туралы суреттер көрсету.
Достық туралы тақпақ сұрау
Абдуррахман: Екі деген ‒ екі дос,
Бірін‒бірі сыйлайтын.
Артық кемді етпей сөз,
Бірін бірі сыйлайтын.
Айзере: Балдырған баламыз,
Досты көп табамыз.
Қашан да, қайда деп
Достар бір біріне сенімді боламыз.
Али: Достар бірге жүреміз.
Бірге ойнаймыз күлеміз.
Бірге балық аулаймыз.
Міне біздер қандаймыз.
Назым: Адал дос барлық жерде керек екен.
Өмірде достың орны бөлек екен
Жақсы дос жадыратса, жан дүниеңді.
Жаман достан жамандық келеді екен.
Тәрбиеші: Балалар, сендер дос дегенді қалай түсінесіңдер?
Балалар:
- Достар бірін - бірін алдамайды, бірін - бірі ренжітпейді.
- Достар бір - біріне көмектеседі.
Тәрбиеші: Ендеше, сендер достарыңның қандай болғанын қалайсыңдар?
Балалар:
Али: - Мен досымның өтірік айтпайтын шыншыл болғанын қалаймын.
Томирис: - Мен досымның адал, мейірімді болғанын қалаймын.
Айзере: - Ал, мен досымның ақылды, намысты болса екен деймін.
Тәрбиеші: Балалар, сендердің достарың бар ма?
Балалар: - Біз бәріміз доспыз.
Тәрбиеші: Неліктен олай ойлайсыңдар?
Балалар:
Есназар: Біз топта бәріміз тату - тәтті ойнаймыз. Әлемдегі бар адамға тек жақсылық ойлаймыз.
Хақназар: Біз бірге ойнаймыз, бірге оқимыз, бір - бірімізді ренжітпейміз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, сендер ақылды, адал дос екенсіңдер.

(Осы кезде жылаған баланың дауысы естіледі)
- Балалар, бір сәт тынышталайықшы, жылаған баланың дауысы естілетін сияқты.
Бала кіреді.
Тәрбиеші: Балақай, сен кімсің?
Айжұлдыз: - Менің атым Айжұлдыз.
Тәрбиеші: Ал сен неге жылап тұрсың?
Айжұлдыз: - Мені достарым өздерімен бірге ойнатпайды.
Тәрбиеші: Неге ойнатпайды? Мүмкін сен оларды ренжіткен боларсың?
Айжұлдыз: Жоқ, жоқ, жоқ.
Осы кезде топқа бір қыз бала кіреді. (Аянат)
Аянат: Ия, ол өзінің жаңа ойыншығын бізге ойнауға бермеді.
Тәрбиеші: Айжұлдыз, сенің ренжуіңнің реті жоқ. Сен өз ойыншығыңды оларға ойнай тұруға бермепсің. Ондай қызғаншақ болмау керек.
Аянат: Апай, біз Айжұлдызға өзіміздің білетін тақпақ, нақыл сөздерімізді айтып берейік.
Досым көп болсын десең,
Айтпа жалған ешқашан,
Шыншыл бол, әрқашан.
Ерхан: Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол.
Сабина: Досың үшін долы боранға да шыда.
Бекарыс: Кел Айжұлдыз, біздің достық шеңберімізге қосылып, бізбен дос бол.
Тәрбиеші: Балалар бәрі отырады.
Айжұлдыз: Рахмет, мен де сендермен дос болайыншы.
Дидактикалық ойын: «Менің көңіл күйім»
Сергіту сәті:
(Эрандағы жасап жатқан қимылға қосылып жасайды)
Суретті аяқтаймыз
Қиылған адамдарды нәсіл бөлеміз, сары, ақ және қара осыларды
түрлі – түсті бояулармен бояймыз. Дөңгелек жер шарына жинаймыз.
Балаларға қорытынды сұрақтар қою.
1. Балалар бүгін біздер не туралы әңгімелестік?
2. Достықты қалай түсіндіңдер?
3. Бүгін сабақта біздер не жасадық?
Жүректен жүрекке шеңбері.
Балалар өлең жолдарын дауыстап бірге айтайық.
Балдырған баламыз.
Қашан да, қайда да,
Достар бір - бірімізге,
Сенімді боламыз.
Қолдарындағы әдемі жүрекшелерімізді бір – бірімізге сыйлайық.

Ақтөбе қаласы № 52 «Құлагер»
балабақшасының тәрбиешілері
Ахаева Айгуля Ержанқызы
2 299
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азық - түлік
Азық - түлік
Азық – түлік аттарын қазақша атай алуға, естеріне сақтауға жаттықтыру; қандай?. Сұрағына жауап беру дағдысын жетілдіру. Тағамды қадірлеуге тәрбиелеу.
Әр түрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу
Әр түрлі бұйымдарды ілмекпен тоқу
Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану.
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Ұйқыдан кейінгі жаттығулар
Атырау облысы, Кызылкога ауданы, Миялы селосы. Балабақша тәрбиешісі Телманова Асия Гинияткызы
10 санынан азайту
10 санынан азайту
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, В. П. Чкалов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тоқтасынова Гулжанат Кабдыләшімқызы
Шешенің балаларын сүюі
Шешенің балаларын сүюі
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қарасу ауылы, «В. П. Чкалов атындағы орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Тоқтасынова Гүлжанат Қабдыләшімқызы
Достармен бірге
Достармен бірге
Қарағанды қаласы № 65 Жалпы білім беретін орта мектебі Мектепалды даярлық тобы Дайындаған: Бекова Акбота Токеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×