Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс

25 наурыз 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Оларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауат тану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Три: отбасылық спорттық сайыс
Құрал – жабдықтары: доптар, секіртпелер, кеглилар, арқан, шығыршықтар, кіші доптар, бадминтон қалақтары.
Өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Негізгі бөлім.
— Қадірменді спорт сүйер қауым! Бүгінгі бүлдіршіндер мен ата - аналары арасында өткізгелі отырған «Әкем, анам және мен» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың ата – аналарын дене шынықтыру мен спортқа үгіттеу, спортпен айналысып балаларымен бірге белсенді уақыт өткізу мақсатында өткізіліп отырған спорттық байқауымызды ашық деп жариялаймыз.
Отбасылардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Бүгінгі біздің сайысымызға 4 отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. Меніңше бұл әрбір ата - аналарымыздың қолынан келеді. Біз әр топ отбасыларына сәт сапар тілейміз!
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң,
Отбасыларымызды шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады)
1. «Бәйтерек» тобы,
2. «Болашақ» тобы,
3. «Жас қыран» тобы,
4.
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 6 турдан тұрады:
1 - тур: «Менің отбасым». Таныстыру
2 - тур: «Эстафета»
3 - тур: «Тасымақ»
4 - тур: «Көпсайыс»
5 - тур: «Арба»
6 - тур: «Арқан тартыс»
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!
Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
І. «Менің отбасым». Таныстыру.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төс белгісін таныстырып өту.
ІІ. «Эстафета»
Шарты: Әр отбасы мүшелері кезектесе кедергі арасымен қолындағы бадминтон қалағымен кіші допты түсірмей, допты теуіп алып жүру.
ІІІ. «Тасымақ»
Шарты: Әр отбасы мүшелері еңкейе жүре желкесіндегі допты жерге түсірмей кедергі арасымен жүріп өту.
Сәт сапар!
Жақсы! Керемет! Әділқазылар алқасы қалай сіздерді бағалайды екен?!
ІV. «Көпсайыс»
Шарты: Ойынды аналары секіртпемен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалары да жүреден отыра қосаяқтап секіріп анасының қасына барады, ал әкелері өрмекші жүрісі бойынша ана мен баланың жанына барып, әке мен ана баласын айқастырылып ұсталған қолдарына отырғызып өз орнына кері оралу.
1. «Арба»
Шарты: Әр отбасы мүшелері шеңбермен допты кедергілерден алып жүру. Нәтижесі допты дұрыс бағыттау. Кедергілерді құлатпау.
1. «Арқан тартыс»
Шарты: Екі отбасы мүшелері арқан бойымен ұстап, бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер отбасы мүшелері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.
Рахмет!
Әділқазылар алқасы сіздердің бағаларыңыз!
III. Қорытынды бөлім.
Жарыс заңы ежелден -
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол -
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады.
— Олай болса, құрметті сайысқа қатысушы ата - аналар, балалар, сіздер бүгін өз күш - жігерлеріңізді, шымыр шыныққан екендеріңізді дәлелдедіңіздер. Біздің әділқазыларымыз барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарғанша, сіздерге балабақша бүлдіршіндердің биін тамашалайық.
Таңданайық, спортқа тамсанайық,
Бәріміз де қосылып, қол соғайық.
Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін,
Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық! — дей келе, сайысымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік. Олай болса, бүгінгі сайыскер отбасыларды мадақтау үшін сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
Әділқазылар алқасы қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды атайды. Отбасыларды дипломдармен марапаттап, демеушілер сыйлықтар табыстайды.
Демеңіздер, біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар, кездескенше,
Осымен спорттық сайысымыз аяқталды.
Бүгін алтын уақыттарыңызды қиып, отбасылық сайысқа қатысқандарыңыз үшін әрбір отбасыға алғысымызды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!! Сау болыңыздар!

Ақтөбе қаласы, №52 «Құлагер»
балабақшасының тәрбиешісі:
Ахаева Айгуля Ержановна
83
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Жаңалықтар
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спорт - жан серігі /Спорттық сайыс ойыны./
Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының нығаюы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.
Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс.
Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс.
Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата - аналарды балабақша өміріне араластыру.
Толағай (отбасылық сайыс)
Толағай (отбасылық сайыс)
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Каракулова Жанар
Толағай
Толағай
«№60 бала бақшасы» Майбасова Жанар Испаниярқызы
«Толағай» отбасылық сайыс
«Толағай» отбасылық сайыс
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Закишев Ержан Берікқазыұлы
Толағай отбасылык сайыс
Толағай отбасылык сайыс
Ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.