Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көңілді түстер

26 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ақтөбе қаласы,
№13 «Бөбек» м. д. ұ.
психолог: Имангалиева Р. С.
«Көңілді түстер». II - кішкентайлар тобы.

Мақсаты: Психологиялық дамытушы ойын – жаттығулар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту.
Балалардың сөздік қорын дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Бірлесіп жұмыс жасауға, жағымды эмоция туғызу.

Өзектілігі: Балалардың ойлау қабілетін, зейінін, зейін тұрақтылығын дамыту. Психологиялық жағымды көңіл - күйлерін қалыптастыру.
Ойын тапсырмалар арқылы тапсырмаларды белсенді орындай білуге үйрету. Достық қарым - қатынас жасай білуге, мейрімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері.
Қуан, шаттан алақай,
Қуанатын күн бүгін.
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!

Психологиялық ойын: «Көңіл - күй ережесі»
Ойынның барысы: Таңданады ( қолын екі жаққа жайып)
Ренжиді ( қолдарын кеудесіне айқастыра қойып, аузын бұлтитады)
Қорыққанда ( Қолдарын кедесіне қойып ой - дейді)
Қуанғанда ( Алақай - деп қолдарын жоғары көтеру)
Күтпеген жерден алыстан,
Досым келді сағынған. (қуану)
Арыстанның баласын алып келді ол маған (Таңдану)

Тістеді інімнің бармағын,
Арыстанның баласы (жылау)
Енді қайда қоямыз
Арыстанның баласын? (қорқу)
Досым інімді жұбатты,
Ойыншық мамық арыстаннан қорқып,
Жылағаның ұятты.
Кәне босқа жыламай,
Көңілденші балақай (қуану)
Балалар, қазір сендердің көңіл - күйлерің қалай?
- Тамаша, жақсы!
- Балалар, қараңдаршы бізге бүгін қонаққа кім келген?
(Әтештің көңілсіз ку - ка - ре - ку - деген дауысы естіледі)

Балалар: Әтеш
Әтеш: (жәй бәсең дауыспен)
Ку - ка - ре - ку, саламатсыздар ма, балалар
Психолог: Балалар біздің әтеш көңілсіз?
Ол бірдеңеге ренжіп тұрған сияқты.
Әтештен сұрайықшы не болды екен?
Неге ол көңілсіз?
Бала: Әтеш сен неге көңілсізсің?. Кім сені ренжітті?
Әтеш: Мені суретші салды, ал бояуды ұмытып кетті.
Мен аулаға қыдыруға шығып едім, бәрі маған қарап күлді.
Тіптен балапандар да күлді. Мен күшіктен сұрап едім, неге бәрі маған қарап күледі?- деп. Ол маған сен боялмағансың ғой – деді.
Мен көгалға келіп суға қарадым. Бәрі шын, мен боялмаған ұсқынсыз екенмін. Мен не істеймін енді?

- Ал, маған күшік балалар бақшасына бар балалар саған көмектесер деді.
Психолог: Балалар сендер әтешке көмектесесіңдер ме?
Балалар: Ия көмектесеміз.
ДО: «Көңілді карандаштар»
Психолог: Жәшіктен жасыл карандаш алып балаларға көрсетеді.
Балалар: Қандай түсті карандаш?
- Жасыл (әр бала жәшіктен карандашты алып түсін айтады)
Ойын: Балалар көзін жұмады психолог бір карандашты тығып тастайды. Балалар қандай түсті карандаш жоқ айтады.

Психолог: Қазір біз әтешті бояймыз. Әтештің айдары мен сақалы қызыл, кеудесі – сары, қанаты – жасыл ал құйрығындағы қауырсыны – көк түсті етіп бояймыз.
- Ал мен бояуды бастаймын, сендер бояй беріңдер (психолог боялмаған әтешті бояған болып тұрып, боялғанға ауыстырып қояды ).
Балалар тақтадағы әтешке қарап бояйды.
Психолог: Балалар сендер нағыз суретші екенсіңдер. Әтеш те сендерге риза болды. Оның қаншама кішкентай достары болды.

Әтеш: Көңілді дауыспен Ку - ка - ре - ку 2 - 3 рет айқайлайды.
Психолог: Балалар әтеш ол қандай құстар тобына жатады?
Балалар: Үй құстары (Психолог өзі көмектеседі)
Слайд: «Үй құстары» ( Балаларға слайдтан үй құстары туралы түсірілген слайдты көрсетеді)
ДО: «Геометриялық пішіндерден сыйлық құрастыр»

(Шырша, машина, арба, балапан, үйшік - құрастырады)
Түсін, геометриялық пішіндерін ажыратып айтады.
Сөйлем құрап айтады. Мысалы: Мен әтешке машина құрастырдым.
Машина мен әтешке шөп тасимын. Т. б.
(Көңілді әуенмен әтеш келеді)
Әтеш балаларға рахмет айтады.
Рахмет балалар. Мынау менің сендерге арнап әкелген әдемі сыйлығым
(әр түсті жұмыртқа конфетін таратады).
16 867
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қарым - қатынас тренинг - ойындар
Қарым - қатынас тренинг - ойындар
Топтағы балалармен қарым - қатынас орнату, балабақшаға бейімделуіне эмоционалды көмек беру, өзін - өзі дамыту, зейінді дамыту, психоэмоционалдық қысымды тежеу, эмоционалды нақты қимылдарды дамыту.
Жануарлар және тіршілік
Жануарлар және тіршілік
Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру
Т дыбысы мен әрпі
Т дыбысы мен әрпі
Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау, дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден буын, сөз, сөйлем құрату. Т дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
Менің отбасым және достарым. Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Менің отбасым және достарым. Менің достарым. Д дыбысы мен әрпі.
Достары көп Мараттың, Ойнайды олар аулада. Ағасымен Болаттың Барады олар тауға да.
Шұбар тауық
Шұбар тауық
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі Мырзабаева Анаргүл Есмаганбетовна
Нан - байлықтың атасы
Нан - байлықтың атасы
Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылы, №137 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шекеркуль Картаева
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×