Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


4 саны мен цифры

06 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: математика
Тақырыбы: 4 саны
Мақсаты: Балаларды 4 санымен таныстыру, 4-ке дейін ретімен ауызша санай білуге үйрету. Тәулік бөліктерін түсіндіріп, қайталату. Геометриялық пішіндер арқылы жылдамдық пен тапқырлық қабілеттерін дамыту. Балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қостілдік компоненттер: шеңбер – круг үшбұрыш – триугольник
тіктөртбұрыш - квадрат

Іс - әрекет
кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық қызығушылық кезеңдері «Ертеңгілік шеңбері»
Балалар бір – біріне гүл беру арқылы жылы сөздер айтады. Балалар бір - біріне жылы лебіз айтады.
Ұйымдастыру және ізденушілік кезеңдері
Бір – бірімізге жылы тілектерімізді білдірдік. Мен сендерге сәттілік тілеймін.
«Шаттық шеңбері»
Жарық болсын күніміз
Жарқын болсын үніміз
Елін сүйіп ер жетер
Біз болашақ гүліміз
(Балаларға қайталатып айтқызу)
«Ғажайып сәт»
Есікті қағып, ойыншық қоян топқа кіреді.
- Ой, мен қайда келдім? Қайдамын мен? Түсінбедім?
- Сәлеметсің бе, қоянжан!
(Балалар қызыға қарап, тыңдайды, қоянмен амандасады)
- Ой, сәлеметсіз бе! Сәлеметсіз бе, балалар!
- Сен балабақшаға, «Балдәурен» тобына келдің.
- Алақай, қандай жақсы! Сіздер маған көмектесесіздер ме?
- Біздің қандай көмегіміз керек саған, қоянжан!
- Хат тасушы апай маған хат берді, онда әртүрлі тапсырмалар жазылған екен, бірақ мен орындауға қиналып тұрмын....
- Балалар, қоянға көмектесеміз бе?
- Көмектесеміз, т. б. (балалар жауабы)
1- тапсырма: «Жұмбақ шешу»
1. Қасқыр да, түлкі де ұйқыда,
Тіпті аю менен тышқан да.
Бұл уақытта сендер де, мен де, бәрі де ұйықтау керек.
Бұл тәуліктің қай уақыты?(Түн)

2. Арайлап күн атады,
Әтеш әнге салады,
Балалар да оянып,
Балабақшаға барады.
Бұл қай уақытта болады? (Таңертең)

3. Аспанда күн жарқырап,
Серуенге шықты балалар,
Бірі допты тебеді,
бірі құммен ойнайды,
Ойнап болып балалар,
Тамақ ішіп бастайды.
Айтыңдаршы, балалар, бұл қай уақытта болады?(Түс)
- Түстен кейін тәуліктің қандай уақыты болады? Сендерді үйге балабақшадан қай уақытта алып кетеді?
- Дұрыс, кешке.
- Сонымен тәулік уақыттарын қайталайықшы: түн, таңертең, түс, кеш.

2-тапсырма:
«Ойын кім жылдам?» - Геометриялық пішінді кім жылдам айтып береді?
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Бесті беске қосқанда,
болады екен он саусақ!
Оң аяқта бес башпай,
Сол аяқта бес башпай.
Беске бесті қосқанда,
Болады екен он башпай!

3-тапсырма:
«Санайық, есептейік»
1. Қанша доп бар?
2. Қанша көбелек бар? т. б.
Дұрыс, балалар. Ал мына сурет «4» санының таңбалануы, яғни «4» саны. Ауаға саусақпен салдырту. (түсіндіру)

4-тапсырма:
Дидактикалық ойын
«Ретін тап»
Адасып қалған вагондарды ретімен орналастыру керек.

- Жарайсыңдар, балалар! Тапсырмаларды бірігіп жақсы орындадыңдар. Мен сендермен дос боламын. Ормандағы аңдарға маған тапсырманы орындауға достарым көмек көрсетті деп айтып барамын. Рахмет сендерге, Сау болыңдар, балалар!
(Қоянмен қоштасады).
Сергіту сәтін қимылмен өлең шумағы бойынша қайталап жасайды

Балалардың жауабы (санайды, есептейді)
Зейін қойып тыңдайды.
Ауаға «4» санының таңбалануын салады.

Тақтаға 2 - 3 бала кезекпен шығады. Адасып қалған вагондардың ретін тауып, орналастырады.

Бекіту,бақылау
Сұрақ-жауап:
- Балалар, бүгін бізге математика ұйым. оқу іс - әрекетіне кім келді?
- Қоянға қандай тапсырмаларды орындауға көмектестік?
- Дұрыс, Жұмбақ шешу арқылы тәулік уақытын қайталадық, геометриялық пішіндермен ойын ойнадық, 4 санымен танысып, 4-ке дейін санадық, вагондарды ретімен орналастырдық.
Қоштасу:
Қол ұстасып тұрайық. Көріскенше күн жақсы
Сау - сәлемет болайық.
Балалар барлық сұрақтарға жауап береді.
Балалар өз білгендерін айтады.
Қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: 4-ке дейін санауды, геометриялық пішіндердің атауын.
Қалыптастыру керек: тапсырманы орындау барысында жылдамдық пен тапқырлықты, тыныш отырып тыңдауды, достық қарым - қатынасты. Меңгеруі керек: «4» санының таңбалануын, 4-ке дейін дұрыс ретімен санауды, тәулік уақыттарын.
18 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш
Геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
4 санымен танысу
4 санымен танысу
4 санымен таныстыру, дұрыс санай білуге үйрету. логикалық ойлауың, пәнге қызығушылығын дамыту.
Пішіндер
Пішіндер
Геометриялық пішіндерді тануға, ойын арқылы геометриялық пішіндерден бейне құрастыруға, тура және кері санауға, санның реттік таңбасының орнын есте сақтауға үйрету.
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
«Үйшік» ертегісі моделдік технологиясын қолдану
Балаларды жаңа технологияны қолдану арқылы ертегінің мазмұнын айта білуге үйрету. Фигуралардың көлемін және түстерді айыра білу. Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, түсініктерін айтуға үйрету.
1 саны мен цифры
1 саны мен цифры
Тақырыбы: 1 саны мен цифры Мақсаты: а) білімділік: балаларды 1 санымен таныстыру, жазылу цифрын үйрету, мағынасын ұғындыру.
Торғай мен тышқан ертегісі
Торғай мен тышқан ертегісі
Тақырыбы: Торғай мен тышқан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×