Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аққала жапсыру

15 ақпан 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Жапсыру

Тақырыбы: Аққала жапсыру
Мақсаты: Тәрбиеленушілерге аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала жапсыруды үйрету. Қыс туралы әңгімелеп беру. Әдемілікке, тазалыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ауыз екі сөйлеуін дамыту.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу – ояту Саламатсыздар ма! Балалар
Қане балалар көзімізді жұмып «жаңа жыл» шыршасына барайық. Көзімізді ашып «Жаңа жыл» әнін орындайық.
Жаңа жыл, жаңа жыл
Жаңа жыл да жаңа нұр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.

Ал балалар көзімізді жұмып өз тобымызға барайық. Көзімізді ашып шаттық шеңберін құрайық.
«Жаңа жыл» әнін орындайды.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын күн бүгін
Күліп шықты күніміз,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Бәріміз күндей жарқырайық бәріміз тату дос болайық.
Ұйымдастыру – іздену
1. Балалар қазір қай мезгіл?
2. Қыста балалар қай мерекені асыға күтеді?
3. Жаңа жылда бізге қонаққа кім келеді?
4. Аяз ата бізге не береді?

Балалар Аяз ата бізге келем дегенше көп күн бар, базар аралап сыйлықтар алып жүр екен бізге мына бір кішкене қалтасын беріп жіберіпті. Ішінде сыйлықтар бар, ұйымдастырылған оқу іс әрекетіне жақсы қатысқан балаларға таратып берем.
- Сыйлық алғыларың келеме?
Олай болса ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысыңдар.
Сұраққа жауап берейік.

Қыстың, әр үйдің ауласының сәнін келтіретін, қардан жасалатын не нәрсе бар?
Аққала қардан домаланып жасалады. Негізгі үш бөлігін бірінің үстіне бірін қояды. Көзін тастан, мұрнын сәбізден, қолына сыпырғыш ілгегін тастан, аузын ағаштан басына шелек кигізу арқылы жасайды. Балалар шаршадық па, шаршасақ қолымызға сергіту сәтін жасайық.

Ал енді аққаланы жапсырайық.
Аққаланы барлығымыз жапсырып болдық па?
Олай болса аққала туралы қандай өлең білетін едік айтып жіберейік

1. қыс
2. жаңа жыл
3. Аяз ата
4. сыйлық
Балалар қызығушылық білдіреді, ішінде не бар екенін білгісі келеді.
- Иә
- аққала
Сергіту сәті.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.

Аққаланы жапсырады.
- иә
Аула сырты, бақта да
Тұрғызамыз аққала
Аққаланы айналып,
Ойнаймыз біз шаттанып.
Аққала, аққала
Сені жасап мақтана.
Қорғауменен жүреміз,
Бұздырмастан басқаға.
Рефлекістік түзету Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті сендерге ұнады ма?

Аяз атаның сыйлығын бағалау ретінде таратып беріледі.
Қоштасу шеңбері
- Иә
Орнымыздан тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.

Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Білу: қыс мезгілі туралы, аққала туралы білді.

Игеру: аққаланың қардан жасалатындығын, мұрнының сәбізден аузының ағаштан, көзінің, ілгегінің тастан жасалатындығын, қолына сыпырғыш ұстатып қоятындығын, басына шелек кигізетіндігін меңгерді.
Меңгеру: аққала жапсырудың ережесін білді.
39 286
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кел, кел Жаңа жыл!
Кел, кел Жаңа жыл!
Жаңа жыл, жаңа жыл жаңа жылда жаңа жыр. Жасыл шырша жанында, Жадырап бар бала жүр.
Қыс ғажайыптары
Қыс ғажайыптары
Қыс мезгіліне деген қызығушылықтарын артыру. Балалардың шығармашылық ынтасын ояту. Балаларды табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілдер мен жұмыс істеу іскерлігіне баулу. Ұжымдық сурет салуға
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Аққала жапсырайық!
Аққала жапсырайық!
Балаларға аққала туралы мағлұмат бере отырып, аққала жапсыруды үйрету. Қыс туралы әңгімелеп беру. Ауыз екі сөйлеуін дамыту. Бүктелген шаршыдан қиылған әртүрлі өлшемдегі дөңгелектерден аққаланың, үшбұрыштардан шыршаның бейнесін құрастыру.
Келді міне, Жаңа Жыл
Келді міне, Жаңа Жыл
Ау, жарандар, ал қараңдар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Тым алыстан, Марстан Келіп Аяз атамыз
Жасыл шырша қасында
Жасыл шырша қасында
Өскемен қаласы, "Ахмер орта мектебі" КММ шағын орталық тәрбиешісі Муканова Айгерим Бауыржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×