Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім еліне саяхат

18 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салаcы:«Қатынас»
Бөлімі: Қазақ тілі
Тақырыбы: Білім еліне саяхат

Мақсаты: Байланыстырып сөйлеу әрекетін дамыту, қойылған сұраққа дұрыс жауап беруге дағдыландыру.
Білімділік міндеті: Өзі туралы қысқаша мәлімет беріп, балабақшада не істейтінін айта алуға үйрету. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру
Дамытушылық міндеті: Ертегіні сахналау арқылы тілін, есте сақтау, жаттап алу, шығармашылық қабілеттерін дамыту Тәрбиелік міндеті: Өзіне деген сенімділікке, өзара түсіністікке, достыққа тәрбиелеу
Қос тілдік компонент: қыз - девочка, мысық - кошка, сиыр - корова, ағаш - дерево, тышқан - мышка, тауық - курица, ертегі - сказка, жұмыртқа - яйцо, қатық - сметана, мейіз - изюм, су - вода, сағыз - жевачка, дән - зерно, жапырақ - листья
Сөздік жұмысы: Сахналау
Көрнекілер: Балалардың фото суреттері, сүйікті ойыншықтары, ертегіге қажетті нәрселер, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, маскасы, сәбіз

Себептік – ынталандыру
- Балалар келген қонақтармен амандасайық
- Сәлеметсіздер ме!
- Ортаға тұрып шаттық шеңберін жасайды
Шаттық шеңбері
Амансың ба, Аспан ата!
Амансың ба, Жер ана!
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.

Ұйымдастыру - іздестіру
1. Сұрақ - жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір қыс мезгілі
- Қыс айларын атаңдар?
- желтоқсан, қаңтар, ақпан
Ауа райы қандай болады?
- Күн суық болады
- Қыста не жауады?
- Қыста қар жауады
- Қыста қалай киінеміз?
- Жылы киінеміз
- Қыста қалай киінеміз?
- Құлақшын киеміз
- Етік киеміз
- Қолғап киеміз
- Бөкебай тағамыз
2. Тілімізді жаттықтырып, дыбыстық жаттығу жасайық
Балалар дыбыстық жаттығуды 2 - 3 рет қайталайды
- кі - кі - кі - қу түлкі
- ақ - ақ - ақ - қорқақ қоян
- ю - ю - ю - маймақ аю
- қыр - қыр - қыр - сұр қасқыр
- ық - ық - ық - әдемі мысық
3. Қызықты сәт
Музыка ырғағымен қоян секіріп келеді
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Сәлеметсіз бе, қоян!
Қоян: Балалар, сендермен бірге қазақ тілін үйренгім келеді. Сендермен танысып, ертегіні тамашалағым келеді.
Мұғалім: Балалар қоянның тілегін орындайық
4. Тосын сый
Тақтадағы балалардың фото суреттерінің астына сүйікті ойыншықтары ілінген(фотоның бетін ақ қағазбен жауып қою керек)
1)- Балалар мынау кімнің ойыншығы?
- Менің қояным
- Қоян қандай аң?
- Қоян жабайы аң
Бала өзінің фото суретін көрсетіп өзі туралы айтады
- Сенің атың кім?
- Мынау мен
- Менің атым - Ислам
- Менің тегім - Галиуллин
- Жасың нешеде?
- Жасым бесте
- Қай балабақшаға барасың?
-«Алтын сақа»балабақшасына барамын
- Балабақшада не істейсің?
- Балабақшада ойнаймын, тамақ ішемін, ұйықтаймын, сурет саламын, сабақ оқимын, серуенге шығамын

2)- Мынау кімнің ойыншығы?
- Менің мысығым
- Менің атым - Аня
- Менің тегім - Дычко
- Қай қалада тұрасың?
- Қарағанды қаласында тұрамын
- Қай балабақшаға барасың?
«Алтын сақа»балабақшасына барамын
- Балабақшаң қандай?
Балабақша әдемі, үлкен, жарық

3) Мынау кімнің ойыншығы?
- Менің ойыншығым
- Мынау не?
- Мынау ит
- Ит қандай жануар?
- Ит үй жануары
- Менің атым - Давид
Сенің тегің кім?
- Менің тегім - Толстакоров
- Жасым алтыда
- Шашым сары, көзім көк

4)- Мынау кімнің ойыншығы?
- Менің ойыншығым
- Аю қандай?
- Мынау маймақ аю
- Сенің атың кім?
- Менің атым - Никита
- Сенің тегің кім?
- Менің тегім - Солянов
- Тобың қалай аталады?
- Менің тобым «Қуаныш»
- Тәрбиешің кім?
- Тәрбиешілер Любовь Ленидовна,
Мадина Махмутовна
- Күтушің кім?
- Күтуші Жанна Рамазановна

5. Сергіту жаттығу
Балалар сергіту жаттығуын өздері айта отырып, қимылмен көрсетеді
Қоян, қоян тұршы,
Қолыңды жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы
Аяғыңды басшы
Бойыңды жазшы
Қоян далаға шықты
Айналаға қарады
Жүгірді, секірді
Отырды, тұрды
- Балалар қандай ертегілерді білесіңдер?
- Үйшік, Шалқан, Бауырсақ
Залда «Ерте, ерте, ертеде»өлеңі орындалады
- Балалар, бүгін Ыбырай Алтынсариннің «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашалайсыңдар

Ертегіні ойнайтын балалар өз орындарына барып тұрады
Ерте, ерте, ертеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті

Мақта қыз - Аня:
Үстел үстін реттеп, ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады
Мақта қыз - Аня: - Мияуым менің қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін - Келмесең, келмей - ақ қой,- деп (мейізді қыз жеп қояды)
Мақта қыз ыңылдап ән салады
Мақта қыз - Аня:
Мысығым - ау, мысығым,
Тарғылы жақсы түсінің.
Таңертең де, кеште де,
Бетін жуған пысығым.
Піш - піш десем, келе ғой,
Айтқаныма көне ғой.
Шақырғанда піш - піш деп,
«Мяу»- деп дыбыс бере ғой.
Мұғалім: Сол кезде мысық шығып Мақта қызға өлең айтып береді.
Мысық - Ислам:
Менің атым мысық,
Екі көзім қысық.
Тышқан аулап отырамын
Сүт - көжемді ішіп - дейді.
Мысық; Мақта қыз, мені неге шақырдың?
Мақта қыз - Аня:
- Айтпаймын!
Мысық - Ислам:
- Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз - Аня:
- Ой, ой. Сен не істедің?
- Сол үшін мен сенің құйрығынды кесіп аламын!
(құйрығын кесіп алады)
Мысық - Ислам:
- Берші, құйрығымды!
Мақта қыз - Аня:
- Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер
Мұғалім: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр - Дима:
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр. Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған – дейді
Мысық - Ислам:
- Мяу, сиыр, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр - Дима:
- Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Мұғалім: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Ағаш - Дания:
Мен жасыл ағашпын,
Күтсеңдер гүл ашам,
Жолына нұр шашам,
Жапырағым азық,
Бұтағым қазық.
Саяма сағаларсың,
Салқындап дем аларсың.
Мысық - Ислам: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші.
Ағаш - Дания:
- Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ берем.
Мұғалім: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Қыздар - Сабина, Дильяра:
Су – тіршілік негізі,
Онсыз өмір сүрмейсің.
Тазалықтың негізі,
Су деп және білгейсің - деп әндетіп жүреді.
Мысық - Ислам: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар - Сабина, Дильяра: - Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бе
Мұғалім: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық - Ислам:
- Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші - Ульяна:
- Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз бере
Мұғалім: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Тауық - Давид:
Мен ақ тауықпын,
Өзім қақсауықпын.
Күніне бір жұмырқа табам,
Осыған жетеді шамам - деп әндетеді. Мысық - Ислам:
- Мяу, тауық, тауық маған жұмырқа берші.
Тауық - Давид:
- Сен маған балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.

Мұғалім: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады. Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Тышқан - Никита:
Мен тышқанмын,
Өзім дән екпеймін,
Егістен ұзап кетпеймін,
Айналам толы ән,
Қоймам толы дән,
Дәнді тастап кетпеймін
Мысық - Ислам:
Ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын.
Тышқан - Никита:
- Сен маған бір ән айтып бер.
Мысық пен Мақта қыз қосылып ән айтады
«Сұр қоян» әнін айтып береді
Мұғалім: Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық береді, қатықты мысық мақта қызға береді
Мысық - Ислам:
- Мақта қыз, қатығың міне мен енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын
Мұғалім: Сөйтіп мақта қыз қатығын, мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату - тәтті өмір сүрген екен.

Қоян:
- Балалар мен бүгін қазақша көп - көп сөздер үйрендім, маған «Мақта қыз бен мысық» ертегісі қатты ұнады
- Балалар сендерге үлкен рахмет!
- Менің сендерге әкелген сыйлығым бар
(Үлкен сәбіздің ішінде балаларға арналған сыйлық бар)
Балалар қоянның сыйлығын алып, мәз болады, рахмет айтады
- Балалар, сау болыңдар! (қоян қоштасып шығып кетеді)
- Сау болыңыз, қоян!
Рефлексиялық - түзету

- Балалар бүгін қандай ертегіні тамашаладыңдар?
-«Мақта қыз бен мысық»
- Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?
- Тышқан, мысық, ағаш, сиыр, тауық, дүкенші, қыздар, мақта қыз
- Сендерге ертегі қойылымы ұнады ма?
- Сау болыңдар, балалар

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Өзі туралы қысқаша мәлімет бере алады
Қандай түсініктерді игерді: Қойылған сұрақтарды түсініп, жауап береді. Байланыстырып сөйлем құрап айтады
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ертегіні рөлге бөліп ойнайды, әнді жатқа айтады
9 317
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады. Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.
Мақта қыз бен мысық ертегісі
Мақта қыз бен мысық ертегісі
Ертегілер туралы білімдерін күшейту. Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізу. Баланың сөздік қорын дамыту, сөз өнеріне деген құрмет.
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мейіз – изюм Тауып алады – нашел (а) Қатығын төгеді – выливает кефир Құйрығын кесіп алады – отрезает хвост Жапырақ – листья
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Заградовка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Айнагүл Қадыркенқызы Тыштықаева
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
«Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Онды ауылы «Құлыншақ» балабақшасының тәрбиеші: Гүлаш Бексейтова
Мақта қыз бен мысық
Мақта қыз бен мысық
Мұғалім: Садықова Динара Пердаузиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×