Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыс ( сурет бойынша әңгіме)

20 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Көркем әдебиет

Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін, түсініктерін кеңейтіп, сөздік қорын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Қыс мезгілінің ерекшеліктерін ажырата біліп, көргендері мен байқағандарын дұрыс баяндауға, сұраққа нақты жауап беріп, сурет мазмұнына сай әңгіме құрап айтуға үйрету. Көз алдарына елестетуге, табиғатты аялап әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу. Ойлау, көру қабілеттерін дамыту.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ой қозғау, тапсырмалар орындату.
Көрнекіліктері: Теледидар, суреттер, аққала мүсіні, қағаз қарлар
Сөздік қор: Сықырлауық

- Балалар, бүгін күн өте суық сияқты. Сондықтан біз бір - бірімізге алақанымыз арқылы жылу беріп, жылы сөз айтып амандасып алайықшы!
Арайлап атқан таңға сәлем!
Жылуын шашқан күнге сәлем!
Жайнап өскен бізге сәлем!
Білім беріп тәрбиелеген,
Апайларым сіздерге сәлем!
- Балалар, денелеріңді бос ұстап, көздеріңді жұмып, мені тыңдап, айтқанымды көз алдарыңа елестетіп отырыңдар.
«Орман ағаштарын қалың қар басқан. Орманшының үйінің төбесінен будақ - будақ түтін шығады. Үй иесі есік алдын қалың қардан тазалап, қорадағы малдарға шөп, жем салып жүр. Басқан аяғы қырт - қырт етеді».
- Ал енді көздеріңді ашыңдар. Бұл жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
Балалар қыс мезгілі екенін, оның ерекшеліктері туралы айтып береді
- Балалар, сендер «Балапан» бағдарламасын көресіңдер ме?
- Ия, көреміз
- Онда көптеген қызықты бағдарламалар болады, солай емес пе?
- Ия, солай
- Қызықты тапсырмалар беріліп, көп нәрсе үйреніп жүрміз ғой. Бізге бүгін сол «Балапан» бағдарламасынан хат келіпті. Онда бізге тапсырмалар беріліпті.
1 - тапсырма. Суреттерді орын - орнына орналастыр (магнитті тақтамен жұмыс)
Орналастырған суреттерімізге қарайықшы жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Балалар суреттерді өз орындарын орналастырады, қыс мезгілінің бейнесі шығады, суретке қарап әңгімелейді
2 - тапсырма. Жұмбақ шешу.
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады.
Балалар жұмбақтың шешуін табады
3 - тапсырма. Қыс туралы тақпақ айту
4 - тапсырма. Қыс туралы өлең айту
- Жарайсыңдар, балалар! Сендер тапсырманы жақсы орындап, суреттен әдемі әңгіме құрадыңдар. Осы суретке қарап мұны «сықырлауық қыс» деп атар едім. (Тәрбиеші де осы суретке қарап әңгімелеп айтып береді, «сықырлауық» сөзінің мағынасын түсіндіреді)
- Сендерге әңгіме ұнады ма?
Ендеше орнымыздан тұрып, бойымызды сергітіп алайық.
«Не артық» ойыны
Төрт мезгілдің суреттері араластырып ілінеді.
Балалар артық суреттерді тауып, оның қай мезгілге тән екенін айтады
(Үнтаспадан ысқырған боранның даусы естіледі.)
- Балалар, бұл ненің даусы?
- Боранның даусы
- Енді терезеге қарайықшы, әйнегінен не көріп тұрсыңдар?
- Әдемі суретті көріп тұрмыз
- Бұл суретті аяз бізге көрсетпей салып кеткен екен. Күн қатты суық болған кезде, аяз әр үйдің терезесіне осындай әдемі суреттер салады. Осы өрнектерді «аяз өрнектері» дейміз. Сендер осындай өрнектерді қағаз бетіне сала аласыңдар ма?
Ия, сала аламыз.
Балалар өрнектердің суретін салады
- Жарайсыңдар, балалар! Суреттерің маған қатты ұнады.
- Қыс мезгілі сендерге ұнайды ма?
- Ия, ұнайды
- Несімен қызық деп ойлайсыңдар?
- Қыс аққаласымен, ақ ұлпа қарымен, Аяз атасымен, сырғанап ойнайтын мұзымен қызық.

Күтілетін нәтиже:
Балалар қыс мезгілі туралы кеңінен ұғынып, ерекшеліктерін ажырата алады. Қысқы ойындарды айтып, сурет бойынша әңгімелейді.
32 926
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шуақты қала
Шуақты қала
Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлай отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сурет салуғa деген ынталарын артыру.
Сиқырлы қар
Сиқырлы қар
Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Қардың қасиеттерімен таныстыру, ақ ұлпа қар туралы түсініктерін кеңейту. Тіл байлықтарын, есте сақтау, сөздік қорын молайту, саусақ маторикасын дамыту. Қауіпсіздік ережелерін айта отырып, ұқыпты таза жұмыс
Сәлем сөздің анасы
Сәлем сөздің анасы
Райымбек ауданы, Кеген селосы, «Балауса» балалар бақшасының тәрбиешісі: Бекбосынова Жанат
Табиғат - анамыз
Табиғат - анамыз
Атырау облысы, Исатай ауданы, Аққыстау селосы №15 «Балдырған» балабақшасының тәрбиешісі Изтелеуова Ардақ Оразбекқызы
Көңілді қыс және қысқы ойындар
Көңілді қыс және қысқы ойындар
Атырау облысы, Сағыз селосы, №9 орта мектеп МАД сынып жетекшісі Әлиева Айгерім
Көкөністер
Көкөністер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасы тәрбиешісі Садыкова Жадыра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×