Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ойнайық та, ойлайық

25 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: «Ойнайық та, ойлайық»
Мақсаты:
- балалардың жабайы аңдар туралы білімдерін бекіту;
- танымдық білімдерін кеңейтіп, төрт түлік малдың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;
- ойын – тапсырма арқылы балалардың сөздік қорын байыту;
- сөйлеу белсенділігін арттыр;
- қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуын бекіту;
- жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Іс – әрекеттің кезеңдері Тәрбиеші әрекеттері Балалардың әрекеттері
Мотивациялық кезеңі Тәрбиеші балаларды көктем туралы білімдерін сұрап бекітеді.
Құстардың суреттерін пайдаланып, атауларын балалардан сұрайды.

Тәрбиеші қонаққа келген гүлде отырған Түйме қызды балаларға көрсетеді.

Жалмауыз кемпір топқа кіреді. Амандасады. Гүлге ғашық болып, ұрлап алады. Тәрбиеші жаңа гүлді өсіруге мүмкіндік бар екенін айтады. Ол үшін су керектігін айтады. Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап беріп,
«Нан қоқымы» тақпақты айтып береді. Құстардың суреттеріне қарап атауларын атайды.
Балалар Түйме қызбен амандасады.

Балалар гүлді өсіру үшін қандай мүмкіндік бар екенін тыңдайды.

Ұйымдастыру - іздеу кезеңі
Тәрбиеші Жалмауыз кемпірге суды балалардың білімдеріне айырбастауын ұсынады. Жалмауыз кемпір келіседі.
1 тапсырма: «Оқу құралдарын ата»
2. тапсырма: «Үй жануарларын ата»
3. тапсырма: Ойын «Жабайы жануарлар»
4. тапсырма: «Ұлттық киімдерді ата»

Сергіту сәті
5. тапсырма: «Жануарлар сияқты қимылда»
6. тапсырма: «Түстерді ажырат»
7. тапсырма: Ойын «Төлін тап»
8. Жабайы құстар мен үй құстарының айырмашылығы мен пайдасы қандай?
Балалармен жұмбақ жасыру арқылы үй жануарларымен құстардың атауларын бекіту.
Жалмауыз кемпір әрбір тапсырма орындалғаны үшін 2 стакан судан береді.
Балалар өз білімдерін суға айырбастауға келісім береді.

Оқу құралдарын атайды.

«Мынау не?» деген сұраққа жауап беріп, жабайы жануарлардың атауларын атайды ( қоян, тиын, қасқыр т. б.) Балалар әрбір жабайы жануардың қалай қимылдайтынын көрсетеді.

Құстардың пайдасын айтып береді.
Қорытындылау -
түзету кезеңі Жиналған суды гүлге құйғанда 10 - ға дейін тура кері санау ұсынылады.
Гүл әдемі болып өседі. Жалмауыз кемпір риза болып кетеді.
Тәрбиеші Түйме қызды жаңа гүлге отырғызып Түйме қыз алғысын білдіріп, балалармен қоштасады. Балалар суды құйғанда, 10 - ға дейін тура кері санайды.

Балалар тамсана қарайды.
Балалар Түйме қызбен қоштасады.
Күткен нәтижелер:
Білуі:
- тақырыпқа лайық сөздерді, сөз тіркестерді білу;
- жабайы құстар мен үй құстарының бір - бірінен айырмашылығы туралы білу;
- түстерді, ұлттық киімдерді, оқу құралдарын ажырата білу.

Болуы:
- үй жануарларының адамға әкелетін пайдасы туралы білімдері болуы;
- жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдері болуы.

Істей білуі:
- «Нан қоқымы» тақпақты мәнерлеп айта білу;
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды анық, дұрыс айта білу.
9 716
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстардың ұясы (қағазбен жұмыс)
Құстардың ұясы (қағазбен жұмыс)
Құстар туралы түсінік пен олардың адамға деген пайдасы туралы жетілдіру. Іскерліктерін дамыту. Құстардың тіршілігін ажырата отыра, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу
Ойнайық та, ойлайық
Ойнайық та, ойлайық
Балалардың алған түсініктерін бекіту. Логикалық ойлау қабілетін, танымын дамыту. Өз бетімен жұмыс жасауға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру. 2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелеу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Көктемгі орманға саяхат
Көктемгі орманға саяхат
Тақырыбы: Көктемгі орманға саяхат
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Маңғыстау облысы, Бейнеу селосы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің дайындық сынып мұғалімі Байсейтова Қарылғаш Қазихановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×