Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Армысың, Жаңа Жыл!

17 желтоқсан 2016, Сенбі
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Армысың, Жаңа Жыл!»
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті ата – аналар, қонақтар! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арнап әзірлеген «Аққу» тобының бүлдіршіндерінің ән - жырын қабыл алыңыздар.
Абдулла:
Ақ қыс келіп сән құрды
Тау, далаға жараса
Әйнектердің сан түрлі
Әшекейі тамаша
Жасыл шырша төрдегі
Дейді: «бәрің көр мені!»
Кеткен әсем құлпырып
Ойыншықтар тұр тұнып
(Осы кезде қорылдап ұйықтаған дыбыс естіледі)
Жүргізуші: тыңдаңдаршы балалар! Мен бір дауысты естіп тұрмын. Бұл кім болды екен?! Жақындап барып оятып көрейікші. Байқаңдар аш қасқыр болып жүрмесін.
(шырша түбінде алдын ала дайындалған қар үйіндісінің астынан Аяз ата шыға келеді.)
Балалар: Алақай, Аяз ата ғой бұл балалар. Аяз ата сәлеметсіз бе?
Аяз ата: амансың ба ұлдарым! Амансың ба қыздарым! Мен мына шырша түбінде Ақша қар қызымды күтіп отырып ұйқтап кетіппін. Сендер оятпасаңдар Жаңа жыл тойынан қалып қоя жаздаппын.
Жүргізуші: Қош келдің, Аяз ата! Сізді біздің балалар асыға күтті. Келіңіз төрлетіңіз. Біздің балалардың ән – биін тамашалай отырыңыз.
Ән: «Біздің балабақшамыз!»
Би: «Шығыс биі» (Жанель)
Рамазан:
Бақша іші мереке
Ойын күлкі асқақ ән
Жақсы әпкелер жаңа кеп
Мерекені бастаған
Жеңісбек:
Жылдың әнін бастайын
Аяз ата кеп қалды
Майысады жас қайың
Көтере алмай көп қарды.
Айсана:
Келді Аяз атамыз
Қасында Ақша қары бар
Қызыққа әбден батамыз
Қарсы алайық баршамыз

Айша:
Аяз ата аман ба?
Аман болғай қашанда
Қарша қызды сүйеміз
Ізетпен бас иеміз
Ақбала:
Қалып едік сағынып
Күтіп алдық жабылып
Жолың қойдық жарық қып
Шыршаларға шам іліп
Нұрболат:
Көрдің бе Аяз атаны?
Аппақ екен сақалы
Аппақ екен мұрты да
Аппақ екен шапаны
Аяз ата: Бәрекелді, Жаңа жыл тойына жақсы дайындалып келіпсіңдер. Ал балалар сендер менің Ақша қар қызымды көрмедіңдер ме?
Балалар: Жо - жоқ көрмедік!
Аяз ата: ақша қар неге кешікті екен?! Мүмкін ол осы маңда жүрген шығар.
Жүргізуші: Аяз ата ендеше сіз біздің өнерімізді тамашалай беріңіз. Мүмкін Ақша қар біздің дауысымызды естіп келіп қалар. Ал, балалар ендеше біз дауысымызды қатты шығарып өнерімізді көрсетейік.
Би: «Қуыршақ» (Айша, Мөлдір, Мерей, Жансұлу)
Ән: «Көкшолақ» (Жұмат Абдулла)
Лашын:
Шырша қандай керемет
Ойыншықтар ілінген
Жымың қағып шамдары
Бүкіл қызық тірілген
Жансұлу:
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда бір
Жарқын – жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Нұрасыл:
Жүзімде қуаныш
Әр көңілде жақсы үміт
Келе жатқан Жаңа жыл
Әкелсін көп жақсылық
Әсем:
Қош келдің, Аяз ата
Қарсы аламын орын беріп
Ән салыңыз бізбен бірге
Би билеңіз бірге еріп
Бағдәулет:
Аулада ойнап шулайды
Қар лақтырып балалар
Сырғанақта зулайды
Шаңғылар мен шаналар
Диас:
Ақ таяғын таянып
Таңмен бірге оянып
Аяз ата келіп тұр
Ақ күпіге оранып
Ақша қар: Ой, балалар сәлеметсіңдер ме? Мен орман ішінде адасып жүріп, сендердің дауыстарыңды естіп келдім. Аяз атада осында екен ғой.
Жүргізуші: Қош келдің, Ақша қар! Аяз ата мен балалар сені асыға күтіп отыр еді. Келгенің жақсы болды ғой. Сенде Аяз ата мен бірге балалардың өнерін тамашала.
Би: «Қазақ» биі (Ұлдар)
Ән: «Тамаша»
Жанель:
Бізбен бірге жайдары
Жарқырайды жайнайды
Айналамыз шыршаны
Айналамыз баршаны
Ажар:
Жаңа жылда бастаған
Жаны жайсаң жақсы адам
Аяз ата сізге мен
Айтам әнді жүздеген.
Іңкәр:
Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Ердос:
Нұржан:
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап
Билеп – ойнап
Көп қызыққа батамыз
Бекзат:
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Тамаша тойымыз
Алақай, алақай
Өседі бойымыз
Жүргізуші: Аяз ата, Ақша қар! Біздің ескі ит жылымен қоштасатын уақытымызда келіп қалған сияқты. Қане балалармен бірге ескі жылды шығарып салайық.
(Балалар ескі жылмен қоштасып, шығарып салады.)
Би: «Саңырауқұлақтар» (Рамазан, Ердос, Жеңісбек, Балжан, Ажар)
Нұрлыбек:
Жаңа жылда жаңаша
Тақпақ айтамыз
Болсын риза балаша
Аппақ атамыз
Динара:
Жаңа жыл, Жаңа жыл
Тамаша тойымыз
Алақай, алақай
Өседі бойымыз
Дилнара:
Асыр салып ойнаймыз
Ақша қардай жалықпай
Сырғанайды шанамыз
Судағы жел қайықтай
Мөлдір:
Тамаша сый алып
Келді Аяз атамыз
Шаттанып қуанып
Шырқап ән саламыз
Ару:
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртыма
Жүргізуші: балалар енді бәріміз бірге Жаңа жылды қарсы алайық.
Балалар: Жаңа жыл! Жаңа жыл!
Жаңа жыл: сәлеметсіздер ме балалар! Мен жаңа жылан жылымын. Мен енді сендермен бірге 1 жыл жүремін.
Жүргізуші: қош келдің Жаңа жыл!
Кел, төрлет, Жаңа жылым, құтты жылым
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен
Жарқырап әне алдымнан шықты бүгін.
Би: «Қазақ» биі
Мерей:
Оралдың өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпеге
Асқар тау, қарлы шың

Анель:
Жарқырайды жан – жағым
Жаңа жылдық киіммен
Жаңа жылдың сыйлығын
Жеңіп алғын өнермен
Жансұлу:
Жаңа жылды қарсы алып
Жасаймыз той жылда бір
Жарқын – жарқын ән салып
Жалғасады жырға жыр
Ақжелең:
Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Той – маскарад басталды
Аяз оны басқарды
Аяз ата: ой, бәрекелді балаларым! Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Көп – көп рахмет. Енді Ақша қыр қызымыз екеуміз қайтайық. Баршаңызбен қоштасамыз. Сау болыңдар!
Ақша қар: сау болыңдар! Келесі Жаңа жылда кездескенше.
Балалар: сау болыңдар!
Жүргізуші: құрметті қонақтар, балалар 2019 - ші Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Жаңа жыл құтты болсын!

Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, №5 "Балғын" балабақша тәрбиешісі
Әлменова Ботакөз Ақылбекқызы
13 024
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)
Жасыл шырша жанында (ертеңгілік)
Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру. Мерекелік көңіл - күй ортасын ұйымдастыру. Дамытушылық: Образдық бейнелерді сомдай білуге үйрету, хормен ән айту шеберліктерін арттыру.
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Жаңа жыл, жаңа жыр Жаңа жылда жаңа жыр Жасыл шырша жанында Жадырап барлық бала жүр.
Келді міне, Жаңа Жыл
Келді міне, Жаңа Жыл
Ау, жарандар, ал қараңдар Жауып тұр қар себелеп. Көкке толды, жерге қонды Сансыз аппақ көбелек. Тым алыстан, Марстан Келіп Аяз атамыз
Сәлем, Жаңа жыл!
Сәлем, Жаңа жыл!
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №21 жалпы негізгі білім беретін мектептің мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі Иксангалиева Жұмабике Өтегенқызы
Келді міне, Жаңа жыл
Келді міне, Жаңа жыл
Тамаша сый алып, Келді Аяз атамыз. Шаттанып, қуанып Шырқап ән айтамыз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×