Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің отбасым

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім саласы: «Әлеуметтік орта»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қоршаған орта
Мақсаты: Балаларды өзінің отбасылары, олардың мейірімділігі мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талпындыру. Отбасы мүшелерінің іс - әрекеттерін баяндауға, байланыстырып сөйлеуге, әңгімелей білуге үйрету. Отбасына және туған үйіне деген махаббат сезімін тудыру. Өздерін қоршаған ортадағы адамдармен, туыстарымен жақсы қарым - қатынаста болу әрекеттерін жетілдіру.
Әдіс - тәсілі: Көрсету, ой қозғау, түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту, ойын.
Көрнекілігі: Отбасы мүшелерінің суреті, теледидар, айна, ағаштың макеті.

- Балалар, сендер бір - бірлеріңмен доссыңдар, ендеше бәріміз «сиқырлы сөздер» ойынын ойнайық.
(Балалар бір - біріне жақсы тілектер айтады)
Теледидардан бейнеролик көрсетіледі. Бірнеше балалардың отбасы мүшелерінің жұмыс жасап жатқан сәттерінен үзінділер көрсету.
- Балалар, біз теледидардан кімдерді көрдік?
- Анамызды, әкемізді, әжемізді, атамызды, аға, тәтелерімізді көрдік.
- Дұрыс айтасыңдар, бұл адамдарды бір сөзбен жалпы қалай атаймыз?
- Отбасы мүшелері деп атаймыз.
- Теледидардан тамашалағанымызда Асланның атасы не істеп жүр?
- Қар күреп жүр.
- Ал, Назеркенің әжесі не істеп отыр?
- Көрпе тігіп отыр.
- Ал, Еркеназдың мамасы ше?
- Тамақ пісіріп жатыр.
- Ал, папаларымыз үйде не істейді?
(Әр бала өзінше жауап береді)
- Балалар, сендер үйде мама, папаларыңа көмектесесіңдер ме? Қалай көмектесесіңдер?
- Үй жинаймыз, ыдыс жуамыз, шай дайындаймыз, киімімізді жинап қоямыз.
Дидактикалық ойын: «Мен кімге ұқсаймын?»
Балалар қолдарына айна алып, өздерінің кімге ұқсайтындарын айтып, мақтан етіп, үлгі тұтатын отбасы мүшелері туралы айтады.
Сергіту жаттығуы:
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Бас бармақ - әкем
Балан үйрек – анам
Ортан терек – ағам
Шылдыр шүмек – мен
Кішкене бөбек – мен
- Балалар, бізде балабақшада бір отбасымыз. Мен сендерге «Отбасы ағашын» алып келдім. Осы ағашқа әрқайсымыз өз суретімізді іліп, үлкен отбасын жасайық.
(Балалар өз суреттерін ағашқа іледі)
- Мінекей, балалар, біз де енді үлкен, тату - тәтті отбасы болуымыз керек. Бір - бірімізге қамқор болып, әрдайым көмектесіп жүруіміз керек. Сонда біздің отбасымыз берекелі де, мерекелі болмақ!
Күтілетін нәтиже: Білуі: Отбасы мүшелері туралы біледі
Меңгеруі: Сұраққа толық жауап беруді, көргендерін баяндай білуді үйренеді.
18 670
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Біздің отбасы
Біздің отбасы
Тәрбиеленушілердің отбасы туралы түсінігін кеңейту. «Киімдер», «Ыдыстар», «Тағамдар», «Жемістер», «Көкөністер», «Ойыншықтар», «Рәміздер» тақырыптарын қайталау. Сөздік қорларын кеңейту.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету.
Менің отбасым
Менің отбасым
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту.
Менің отбасым
Менің отбасым
отбасы мүшелерінің бір - біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беруге, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, түсіне білуге ынталандыру.
My family
My family
Балаларға отбасы туралы түсінік беру, өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Ойын арқылы есте сақтау қабілетін, қарым қатынас дағдыларын дамыту. Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Балалардың патриоттық сезімдерін ояту, отбасы туралы
Менің отбасым
Менің отбасым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Болашақ балабақшасы" тәрбиешісі Шораханова Жансулу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×