Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім еліне саяхат

15 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Тақырыбы: «Білім еліне саяхат»
Қатысушылар: ересек топ балалары
Жүргізуші: тәрбиеші
Капитан тәрбиеші:
Білім ханшайымы:
Мыстан кемпір:
Музыка ырғағымен залға ересек тобының балалары кіреді.
Тәрбиеші: Ардақты ата - аналар, құрметті әріптестер! Бүгін ересек тобының «Білім еліне саяхат» ертеңгілігін ашық деп жариялаймын. Кеше ғана балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгін мектепке барғалы отыр. Сіздерді «Білім еліне саяхат» ертеңгілікті тамашалауға шақырамыз.

Тәрбиеші: Айналайын балалар
Сендерде ой - сана бар
Өздеріңнен өседі.
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
Ортаға бітіруші бала шығып:.....
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді бастайық.
Жүздеріңде көркем шаттық арайы,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың.
Ортаға:........
Біз балғынбыз балдаймыз
Онда жақсы күйіміз.
Тоты құстай түрленіп,
Ән саламыз және біз.
Гүлге толы жан жағым,
Асыр салдым жүгірдім.
Өсті талап таклғамым
Көп нәрсені ұғындым.
Біз балғынбыз балдаймыз
Балабақшаны қимаймыз.
Шымыр болып өсеміз
Ойындарды таңдаймыз
Әткеншекке тербеліп
Өрлеп көкке саміаймыз.

Ән. «Біз мектепке барамыз»
Тәрбиеші: Балалар бізге бүгін қонақ келе жатқан сияқты. Есік қағылып, қолында cандықшасы бар «Білім елінің ханшайымы» кіреді.
Білім ханшайымы: «Құрметті балабақшамен қоштасушы балалар, үлкен мерекелеріңмен құттықтаймын! Сендер ер жетіп есейдіңдер мектепке 1 - сынып оқушысы атанғалы отырсыңдар.
Мен, Білім елінің ханшасымын, сендерді қонаққа шақырамын. Маған жету оңай емес, қиыншылықтардан талай сыннан өту керек, ол үшін шыдамдылық, батырлық, қажырлық пен талап қажет».
Менің еліме тек кемемен ғана келуге болады. Мен сендерге мына кемені сыйлаймын. Кемеге отырмас бұрын оның атын оқу керек. Бұл 1 - тапсырма
Балалар оқиды. «ДОСТЫҚ» деп кеспе әріппен жазылған сөзді.
- Дұрыс, кемеге жүзуге дайынсыңдар ма?
Балалар жауабы: - Ия.
Білім ханшайымы: Балалар кемеде барлығы кімге бағынады?
Балалар жауабы: Капитанға.
Білім ханшайымы: Онда дұрыс....... капитан сайлап алайық.
Капитан: Бәрің менің бұйрығымды тыңдаңдар! Экипаж! Кемеден орын алыңдар!
Балалар кемеге жайғасады.
Би: «Теңізші» бишілер:
Капитан: Білім еліне алға!
Балалар: Құп болады!
Капитан: Алға.
Көңілді әуен орындалып тұрады, тәрбиеші ортаға «Кеден бекеті» деген жазуды орнатады.
Капитан: Алдымызда арал көрінеді. (оңға, солға қарайды)
Тәрбиеші: Бұл теңіздегі « кеден бекеті». Білім еліне жұмбақты шешкен балалар ғана барады. Балалар кемеден түсіп орындарына отырады.
Тәрбиеші: жұмбақтар жасырады.
1. Тілі барда үні жоқ
Сөйлеп тұрар ішінен
Көзбен шалсам бір рет
Не дегенін түсінем.(кітап)
2. Ортасында шегесі,
Жіп – жіңішке денесі. (қарындаш)
3. Үстінде есігі, өзі орындық әрі үстел, оқушылар бесігі. (парта)
4. Оқушыға күнде еріп жүретін кім. (сөмке)
5. Бұрылса болды қақпағы, дер кезінде айқайға салады. (сағат)
Капитан: Қоңырауы шырылдайтын сағатта сендердің достарың болады,
тек жалқаулар ғана оның дауысын естімеу үшін басын жастықтың астына
жасырады. Ол сендерге қалай көмектесетінін көрейік және мектепке дайындықтарыңды тексерейік.
Тәрбиеші: Ойын: «Кім мектепке тез жиналады»
Ойынның шарты: Екі бала орындықта отырып, аяқ киімін шешіп ұйықтайды,
қоңыраулы сағат шырылдағанда кім тез аяқ киімін киіп гүл шоғын ұстап, сөмкесін бірінші асынған бала жеңімпаз аталады.
Тәрбиеші:........: Жұмбақтарды шештік, мектепке дайын екендеріңді көрсеттіңдер. Ертеңгілікті жалғастырамыз.
Би «Шаттық»

Би біткен соң жалмауыз кемпір кіреді. Жалмауыз кемпір сөзі: Иә, иә балалар мені күтіп жүрген шығарсыздар, мендей әдемі сұлу кемпірді күтпегенде кімді күтеміз. Сәлемдесіп кетейін деп келе жатырмын.
- Сәлеметсіңдер ме? Балалар?
Балалар: Саламатсыз ба әжей
Толқындар мен самал жел маған хабар әкелді. Сендер мектепке барады дейді, олай ма? Қартайдым құлағым естімейді.....
Барасыңдар ма? Мектепке
Балалар: Иә
Мыстан кемпір: Әй, неге сонша айқайлайсыңдар керең дейсіңдер ме? мені.
- А, мектепке барайын деп жүр екенсіңдер ғой. Кім сендерді жібереді екен мынау не?
Капитан: Бұл қоңырау: Былай сыңғырлайды сабаққа шақырады, сабақ біткен соң тағы сыңғырлайды үзіліс болады.
Мыстан кемпір: Алақай бұзық болуға болады (Ән айтады)
Мен әдемі кемпірмін
Зейнетақы аламын
Мектеп деген бәледен
Тонымды алып қашамын.
Оқымай - ақ, балалар
Зейнетке шығыңдар
Ұйқың қанық тұрасың
Ойын - сауық құрасың.
Капитан: Бұл кемпір зейнеткерлікке шығып алып, сендерді де солай істеңдер дейді ғой. Қойыңыз ондай сандырақты. Бұлардың бәрінің өмірі алда - мектепке барып, жақсы оқып үлкен азамат болады. Мұнда отырып балалардың өнерін тамашалаңыз.
......... сөз берейік
Мерекеде думан бар
Сайранда туыс туғандар
Бақытты болып жыл сайын
Осылай басты қосайық
.....: Білемін бақшаға
Зыр қағып ұшамын
Ұмытпаймын балабақшаның
Мейірімді құшағын.
Би:»Танго» орындайтын:......
....
Тәрбиеші: Тобымызда мектепке бармайтын кішкене....... бар соған сөз берейік және.......... ортаға шақырамыз.
.......: Мен ойынпаз мысықпын
Мейірлімін пысықпын,
Мектепте мені ойлаңдар
Мысық тышқан ойнаңдар.
.......: Көзі шамдай күшіктің
Көп ойынға түсінгін
Сендермен енді қоштасам
Бөбектермен достасам.
......: Добым менің, добым менің,
Өзі неткен көңілді едің
Зымырайсың қутыңдайсың
Бірақ менен құтылмайсың.
Ойын: «Ойыншықтарды кім тез жинайды?» Мыстан кемпір ойнатады.
Ойыннан кейін мыстан кемпір қоштасып шығып кетеді.
Ән: «Әліппе» орындайтын..............
Ортаға.........
Орын берген бақшадан
Меңгеруші.......... жақсы адам
Сондықтан да біз үшін
Артықсыз өзіңіз басқадан.
Әдіскер.......... сізге де
Алғыс айтып қимай барамыз
Қабыл алып мына сөзімді
Әрқашан әдемі болып жүріңіз
Тәрбиеші:............. апайға арнап балалар ән орындап
береді.
Топпен ән: «Балабақшам»............ шақырамыз.
Ойыншықта кеседе,
Шанышқы мен тәрелке
Орындық, шкаф, төсекте
Бәрі өзі келе ме?
Соның бәрін табатын
Шаршамайтын күлетін
Зыр жүгіріп жүретін
............ мың алғыс.
Төсек орын тап таза
Аппақ жуған сүлгісі
......... сізге де,
Балалардан мың алғыс.
Тәтті тамақ пісіретін
Айран сүтін ішкізетін
Аспазшы апайларға мың алғыс.
Би: «Қуыршақ» орындайтындар:..............
Тәрбиеші: Келесі балаларды ортаға шақырамыз.
....... Қуанамыз сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін
Бақшамызды қимаймыз
Қоштасатын кез келді.
Биде билеп, ән салып
Киноға да барып
Аң - таң болып тамсанып
Ертегілер тыңдадық.
Ана тілін ардақтап
Ана салтын біз көрдік
Сурет салып, ән салып
Оқып, жазып үйрендік.
«Бақалалар» биі.................
Ортаға (............... ) шақырамыз.
1. Сүйген өз қыз, өз ұлың
Бөбегім деп аялай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай.
2. Қызық күндер өткіздік
Балабақша бағында
Көп оқыдық, көп білдік
Ел мен отан жайында
3. Сен үйреттің сөйлеуді
Сенен алдым өнерді
Мен мектепке барамын
Балабақша қош енді
4. Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл - қызым
Анамыздай ерекше
Қоштасамыз біз бүгін
5. Баулап баптап өсірдіңіз
Бұзықтық етсек кешірдіңіз
Ұмытпаймыз өзіңізді
Ұмытпаймыз сөзіңізді
Сіздерге мың алғыс
.......... муз жетекшісі......... арнап өлең оқып береді
Біздің балабақшада
Ән үйретті жақсы апа
Тақпақ айттың биледік
Жабығуды биледік
......... сізге мың алғыс
Топпен ән: Тәрбиеші: келесі сөз...............
1. Балабақша есігін
3 - ке тола ашқанбыз
Балапандай өсіріп
Мәпелейді бақшамыз
2. Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер білім үйреткен
Балабақшамызды қимаймыз
3. Дәрігер жолдас.............
Алдыңдағы балалар
Мектепке кетіп барады
Сұрақ қатып жауап ал
Жарамсызы қалады
Ән жеке «Біріншіге барамын»
Орындайтындар:.........
Би топпен:»Балабақша»
Тосын сый.
Меңгерушіге, ата - анаға сөз.
13 574
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі
Қош бол, әсем бақшамыз!
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
Қош, бол балабақша!
Қош, бол балабақша!
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Қош бол, балабақша!
Қош бол, балабақша!
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы « Балапан» балабақшасы тәрбиешісі Мусабекова Гульнара Каримбердиевна
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×