Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош бол, балабақша!

22 наурыз 2013, Жұма
Категориясы: Бала-бақша
Қош бол, балабақша!
Жүргізуші: Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Сол ұшып отырған балапандарымызды қол соғып қошеметпен ортаға шақырайық.
Балалар музыка әуенімен залға кіреді.
Жүргізуші: Өтті қызық көп күндер
Бес жасқа да жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Өсті ақыл - ойларың
Өсті міне бойларын
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларын
Балалардың орындауында «Қошақаным» әнің қабыл алыңыздар.
Балалар: ән орындайды..

Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып тастайық
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздерінен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Балалар тақпақтарын айтады

Алдияр: Қуанамыз, сыйлаймыз,
Қуаныштың мың гүлім.
Бақшамызбен қимай біз,
Қоштасатын күн бүгін.

Мансур: Ботақандай бөбек деп
Еркелеткен ұл - қызын
Анамызды ерекше
Қуантамыз біз бүгін

Нұрасыл: Қолыма гүл аламын
Дайын дәптер қаламым
Таңқалдырып достарымды
Мен мектепке барамын

Санжар: Бұл қуаныш себебін
Бізге қарап ұғыңдар
Ер жетті деп бөбегім
Туған отан қуансын
Туған дала қуансын
Құрметті балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті, олар құттықтап қуанышымызға ортақ болып отыр. Қазір сендерді біздің оқу іс меңгерушісі құттықтайды.

Жүргізуші: Қыздардың биші аяғы
Той дегенде тұра алмас
Тойларыңда билеп берсе
Қандай қонақ қуанбас
Деп біздің биші қыздарымыздың орындауында «Айгөлек» биін тамашалайық.
Би билейтін қыздар: Аружан А., Аружан Қ., Амина Т., Нұрсая Б., Мөлдір М., Гүлжауһар А., Адэля Қ.
Асып - сасып залға музыка әуенімен Дымбілмес кіреді, қолында автомат, аузында ысқырғыш, бір балағы түрулі, кепкасы қисайған.
Дымбілмес: Сендерде мұнда не болып жатыр?
Жүргізуші: Бізде балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр.
Біздің балалар мектепке барады.
Дымбілмес: Апай, апай мен де мектепке барамын, балалар мені де өздеріңмен ала кетіңдерші мектепке,
Жүргізуші: Амансың ба Дымбілмес! Кішкене сабыр ет! Ештеңеден қалған жоқсың. Әуелі мына жұртпен амандас.
Дымбілмес: сәлеметсіздер ме!
Жүргізуші: Дымбілмес, сен білесің ба мектепке қандай құрал - жабдықтар керек?
Дымбілмес: Білмеймін.
Жүргізуші: Балалар, ал сендер білесіңдер ме?
Балалар: Ия білеміз.
Жүргізуші: Кәне айтыңдаршы. Қандай құрал – жабдықтар?
Балалар атайды дәптер, қалам, қарындаш, бояу, ермексаз, сызғыш, т. б.
Дымбілмес: Дұрыс балалар тағыда басқа көп құрал - жабдықтар керек ия?
Көрдің бе Дымбілмес мектепке баратын бала көп нәрсе білуі керек. Алдымен жақсы әдептерді білуі керек. Сонан соң денесін шынықтырып, сурет салып, ән жаттап, ертегі әңгімелер, өлең тақпақтар айта білу керек. Есепті білу керек, өнерлі болу керек.
Дымбілмес: Ой апай сол да сөз болып па? Менде өнер деген жетеді. Міне мен былай ысқыра білемін. Сосын мына автоматпен көздеп тұрып торғайларды жалп еткізіп атып түсіремін. Керек болса тақпақты да айтып беремін.
Мен айтамын тақпақты
Өзімді, өзім мақтап
Кеше киген шалбарым
Бүгін, міне сатпақ
Тал теректі кесемін
Балшық, суды кешемін
Кеше әперген красовканы
Бірақ күнде тесемін.

Жүргізуші: (басын шайқайды) балалар сол дұрыс па?
Дымбілмес: Сосын..... сосын мен 20 - ға дейін санай аламын 1, 2, 3..... 20......
Жүргізуші: Жарайды Дымбілмес, сенің сырын белгілі болды. Сенің мына түріңмен мектепке қабылдамайды. Сондықтан сен біздің балалардан үйрен, көріп ал қандай дайындықты балалар балабақшада алғанын.
Айналайын, балалар
Алда мектеп ана бар
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар, даналар

Балалар тақпақтарын айтады.
Дильназ Б: Балабақша есігін
Сәби болып ашқанбыз
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз

Аружан А: Бұл екінші үйіміз
Бір туғанбыз бәріміз
Біз осы үйдің гүліміз
Біз осы үйдің сәніміз

Еркеназ: Әр нені білдік мәнісін
Сыртын қойып және ішін
Айтамыз сізге мың алғыс
Осылардың бәрі үшін

Амина А: Ақылы бар баласын
Айтқан тілді аласын
Намысты болып өссең сен
Нағыз адам боласын

АружанҚ: Сүйген өз қыз, өз ұлын
Бөбегім деп аянбай
Балабақша өз үйім
Апай болды анамдай

Айзер: Баулып, баптап өсірген
Бұзықтық етсек кешірген
Ұмытпаймыз өзіңді
Ұмытпаймыз сөзіңді

Альбина: Бөлмеде кеңес бересіз
Болашағымызға сенесіз
Бізден кейін кетесіз
Бізден бұрын келесіз

Сабина: Қош бол ойыншықтарым,
Жасырып кейде тыққаным.
Кеткендей кеше қоштасып,
Келгенде алдан шыққаным.

Балалар тақпақтарын айтып орындарына отырады.
Жүргізуші: Ал енді біздің кішкентай балапандарымыздың орындауында «Үйректер биі» қабыл алыңыздар.
Би: Амина А, Гүлжауһар, Амина Т, Алдияр, Мансур; Нұрасыл, Сабина, Адэля, Аружан А, Аружан Қ.
Жүргізуші: ортаға біздің кішкентай әншімізді шақырайық Еркеназ «Әнші балапан» әнімен.
Жүргізуші: Енді сендердің алдарында шығыстың арулары би билеп өнер көрсеткелі тұр. Амина М, Айзере, Арай.
Ата – аналарға сөз беріледі. Балаларға фотолар таратылады.

Балалар тақпақтарын айтады.

Алдияр: Ойыншықты жинаймыз
Бөбектерге сыйлаймыз
Өнер білім үйреткен
Өзіңізді қимаймыз.
Санжар: Балабақша қош енді
Әркез аман бол деймін
Әкем менен шешемді
Енді ертіп келмеймін
Нұрасыл: Мектепке ертең барамыз
Оқимыз, сауық құрамыз
Қашық емес арамыз
Бақшаға келіп тұрамыз
Мансур: Тәрбие берген ұямыз
Тәртіпті бала боламыз
Қоштасып балабақшамен
Біз мектепке барамыз
Жүргізуші: Көріп тұрмын мектепке дайын екенсіңдер. Ал әзірше бала бақшамен қоштасыңдар, балабақшаның қызметкерлері сендер аман - сау, мықты, ақылды, білімді болуларына талай еңбек сіңірді. Міне балалар, сендердің көптен күткен қимастығы мол, қуанышы бірдей мерекелерін аяқталды. Біздің сенімімізді ақтайды, мектепте үлгілі де тәртіпті бала болатындарына сенеміз. Сендерге ақ жол, сәт сапар тілейміз.
24 005
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз – бөбектерге сыйлаймыз
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері. Құрметті қонақтар, бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл үлкен той, үлкен мереке.
Қош бол балабақша!
Қош бол балабақша!
Қымбатты ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар! Бүгін біз бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз. Олардың әр бірі балабақшадан білім деген іргетасын қалап, мектепте үлгілі
Қош бол, әсем бақшамыз!
Қош бол, әсем бақшамыз!
Жақсылыққа құмармыз, Жақсы адам болып шығамыз Таза сәби жүректен, Қабылдаңыз мың алғыс!
Қош, бол балабақша!
Қош, бол балабақша!
Қымбатты ата - аналар, балабақша қызметкерлері, қонақтар бүгін біз бір жыл бойы мәпелеп, күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, мектепке шығарып салғалы отырмыз.
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
2 - Жүргізуші: Өте қызық көп күндер Алты жасқа жеттіңдер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер Өсті ақыл, ойларың Өсті, міне, бойларың Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Ойыншықтарды қимаймыз - бөбектерге сыйлаймыз
Зал әсем шарлармен, ойыншықтармен және жалаушалар ілініп әдемі безендірілген. Балалар залға «Айгөлек» музыкасымен билеп көңілді кіреді. Би біткен соң жарты шеңбер құрып тұрады.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×