Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үй жануарлары

28 наурыз 2013, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру саласы: Қатынас.
Бөлімдер: Көркем әдебиет
Тақырып: Үй жануарлары.
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, оларды өзгешеліктеріне қарай бір-бірімен салыстыра білу қабілеттерін, тақпақтарды қайталай отырып және сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: үй жануарларының суреті, карточкалар.
Билингвальді компонент:
Сиыр-корова-cow;
қой-овца-sheep,
жылқы-лошадь-horse,
ешкі-коза-goat,
түйе-верблюд-dromedary.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық - Балалар қараңдаршы бүгін бізге ерекше күн, үйткені бізге қонақтар келді.
Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды даламыз
Жарқырайды күніміз
Қайырлы таң балалар! Балалар қозғалыс жасай тұрып, барлығы айтады, бір-біріне сәлем береді.
Ұйымдастырушы - ізденуші

- Балалар жылдың неше мезгілі бар?
- Қандай мезгілдері бар екен?.
- Дұрыс айтасыңдар.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінің неше айы бар?
- Атап айтып беріңдерші?
Күзде қандай өзгерістер болады?

- Өте жақсы, қазір енді орталықтарға бөлінейік.
Шығармашылық орталығы.
Сюжетті ойын орталығы
- Балалар, бізге біреу қонаққа келе жатқан сияқты?
Бақташы ата қонаққа келеді.
Сәлеметсіңдер ме балалар?
Балалар мен сендерге құр қол келген жоқпын, менің қолымда мынандай қоржыным бар, ал қоржында әртүрлі тапсырмаларым бар.
- Балалар, Бақташы ата сендердің білімдеріңді байқау үшін көптеген тапсырмалар ала келіпті. Сыйлығы да бар екен.

1-тапсырма.
«Топтастыр»
Үй жануарлары мен жабайы аңдарды бір-бірінен ажыратып, бөліп қою және олардың аттарын айтып беру. Екі бала кезек пен кезек, айтады.
2-тапсырма.
Үй жануарларының бізге тигізетін пайдасы қандай?
Балалар таңдаған жануарларының суретін алып, олардың пайдасын айтады.
3-тапсырма.
Мақал-мәтел айтып бер.
4-тапсырма.
Сергіту сәті:
5-тапсырма.
Үй жануарларының төлдерін тап.
Тақтаға үй жануарларының суретін іліп қоямын, ал балалар төлдерін тауып қасына іледі.
6-тапсырма.
Музыкалық кілт шығады, жануарларды даусынан таны.
- Кім үй жануарына байланысты тақпақ айтады?

7-тапсырма
Кім үй жануарлары туралы жұмбақ біледі?
Бір бала жұмбақ жасырады басқалары оны шешеді.

8-тапсырма.
«Жыл басына таласқан хайуанаттар»ертегісі. Бақташы ата ертегіні тамашалайды.
Төрт.
Қыс, Көктем, Жаз, Күз.
Күз.
Үш айы.
Қыркүйек, Қазан, Қараша
Бақташы ата келді деп балалар қуанады.
Сәлеметсіз бе ата.
Бір бала келіп атаның қоржынынан бірінші тапсырманы алады.
Балалар кезек-кезек айтады. Мыс: 1-ші бала қой, 2-ші бала аю деп.
Тағы бір бала атадан тағы тапсырма алады.
1-ші бала сиырдан, сүт, айран, қатық, май аламыз, терісінен тоң, бас киім тігеміз т. б
Сержан:
Қой өрісі қорадан.
Балжан:
Жылқыда өт жоқ,
Құста ет жоқ.
Нұрбек:
Ат айналып қазығын табар.

Қарлығаштар қанатын,
Самғап, самғап ұшады.
Қозымыз бен лағымыз
Ытқып-ытқып шабады.

Балалар үй жануарларының даусын естіп, қай жануар екенін табады.
Ерке:
Мінезім жайлы сиырмын,
Байлығымын бір үйдің.
Етім - дәмді, сүтім - бал,
Сырымды менің ұғып ал.
Ерали:
Ең зор түлік-түйемін,
Тікенді шөпті сүйемін.
Пайдалансаң, сүтім шұбат
Дертке дауа, жанға қуат.

Алдияр:
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең көлік, сүті дәрі, еті ем.(Жылқы)
А. Ернұр:
Мойны ұзын, үсті тау,
Табаны жалпақ, боз жорға.(Түйе)
Жібек:
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдыра киген тоны бар. (Қой)

Д /о: «Қай ертегі»
Бақташы ата: Менің қайтатын уақытым болды. Маған сендермен ойын ойнаған өте қызықты. Сендер жұмбақтарды жақсы шешіп, ертегілерді және тақпақтарды жақсы айтады екенсіңдер.
Менің сендерге ауылдан әкелген сыйлығым, әжелерің беріп жіберген майлы құрт соны таратып берейін. Бұл құртты қайдан алады екенбіз?
- Дұрыс айтасыңдар.
Мен енді қайтайын, басқа балабақшаға барайын, Сау болыңдар.
- Тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.
Енді біздің қалған балалардың жұмыстарын көріп шығайық.
- Балалар әдемі түйе бейнесінің суретін салыпты.
- Ал мына балалар дәмді печенье пісіріпті.
- Қане, балалардың дәмді печеньелерінен қонақтарға дәм татқызайық. Балалар қуана жұмысқа кіріседі.
Сиырдан сүт аламыз, сүттен айран, құрт жасаймыз.
Сау бол ата.

Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Әрбір бала үй жануарлары оның пайдасын және қажеттілігін білу керек.
Болуы керек: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтары болу керек.
Істей білу керек: Оқ іс-әрекетінде берілген тапсырмаларды орындай білулері керек.
14 348
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үй жануарлары «Домашние животные»
Үй жануарлары «Домашние животные»
Балаларға үй жануарларының орысша атауларын үйрету. Үй жануарларының қандай пайдасы бар екенін түсіндіру. Жануарларға қамқорлық жасауға үйрет
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Үй жануарлары жайында білімдерін бекіту. Жануарларды өзгешеліктеріне байланысты салыстыра білу
Ерке төлдер
Ерке төлдер
Үй жануарлары туралы қысқа әңгімелер құрастыруды, жануарлардың төлдерінің аттарын жекеше, көпше түрде атауға үйрету (құлыншақ - құлыншақтар, ботақан - ботақандар т. б
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Атырау қаласы, №16 "Дюймовочка" балабақшасының тәрбиешісі Шалтақова Эльмира Жұмажанқызы
Ертегі ойлап табайық
Ертегі ойлап табайық
Ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы.
Үй жануарлары
Үй жануарлары
Шалқар қаласы, № 6 орта мектебі № 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×